Файл: Таырыбы л бала трбиесіндегі кені рлі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Ұл бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі».

 Мақсаты;

а) білімділігі: бала  бойына сүйіспеншілікті , жылылықты  ұялату, ата-анасын құрмет тұтып, адал да  парасатты ұл мен  қыз  болуға  тәрбиелеу;

ә)дамытушылығы: халқамыздың тәлім- тәрбиесінің ананың                                   ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата  ақылымен  берілетіндігін, өзіндік  ұлттық  қасиетімізді  балалар  бойына дарыту.

б) тәрбиелілігі:   отбасы  мүшелері  арасындағы  бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасқа  тәрбиелеу.

 Көрнекілік: Мультимедиада дайындалған слайдтар: нақыл сөздер, сұрақтар.

Сабақтың барысы:

 Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласағұн былай деген екен:

Бала нені білсе жастай ұядан-

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер – білім берем десең басынан

Бер оқуға балаларды жасынан. Дей келе бүгінгі «Әке –тірек, бала-тілек» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат беріңіздер.

Жаннаның орындауында МЕРЕКЕ әнімен  қарсы алыңыздар

ӘКЕ. Осы бір сөздердің ішінде қаншама ұлылық жатыр десеңізші?!

Әкесі қасында жүріп тәрбиесін көрмей немесе әкенің отбасындағы орнын түсінбей жүргендер қаншама десеңізші.

Олай болса "Әке, бір сағат уақытыңды бөлші" бейнеролигі назар аударайық.

Ең бір қасиеттісі біздің қазақ халқында әкеге деген құрмет сонау ертеден қалыптасқан халықпыз.Әкеге қарсы келмеу.Әкенің алдында қарсы қылықтар көрсетпеу, отбасында әкенің орнын құрметтеп отыру қанымызға сіңген халықпыз. Десек те әке де бала тәрбиесінен қол үзбеуді үнемі естен шығарған емес. Осындай үлгі болар әкелер ортамыздан табылсын дегіміз келеді.

   Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.

         Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті. Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»,- дейді. Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет. Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.


Расулдың өз шығармашылығынан «ОТБАСЫ туралы» өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

Ақ сөйлеп адал күлетін бол,

Шындықты жақтап жүретін бол,

 Мақал – мәтелдермен жұмыс жасайық отбасына байланысты мақал мәтелдердің алғашқы жатысын оқимыз екінші бөлігін жалғастыруыңыз керек.

 1.Атаңның баласы болма, ... (Халықтың баласы бол).

 2.Ұяда не көрсең, ... (ұшқанда соны ілерсің).

 3.Әдепті бала ата-анасын мақтатар, ...(әдепсіз бала ата-анасын қақсатар).

 4.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, ...(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без).

 6.Ананың сүті – бал, ...(баланың тілі-бал).

 7.Туған үйдің түтіні жылы, ... (туған ананың күтімі жылы).

 8.Үйінде ұлы-қызы бардың,  ...(көгінде сөнбес жұлдызы бар).

 9.Тәрбие басы-... (тал бесік).

 10.Балалы үй базар, ...(баласыз үй қу мазар).

«Ханталапай» ойыны.

Әкелер балаларымен бірге «Ханталапай» ойынын ойнайды.

Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік.

 Ата-анамызды ардақтап, құрметтеп, сыйлау біздің басты міндетіміз.

  Отбасы – бұл қоғамның негізі.

 Баланың да болашақта жақсы азамат болып өсуі, тәрбиелі болу отбасына берілген тәрбие байланысты болмақ.

 Бугінгі тәрбие сағатымыздан жақсы әсер алды деген ойдамыз

Қош сау болыңыздар!

" Ұл бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі" атты әкелермен кездесу өткізілді.

2023 жылы ақпан айының 15 күні Ә.Молдағұлова атындағы №38 жалпы орта білім беретін мектебінде, "Әкелер" жобасы аясында  білім алушыларға отбасының ұйытқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу, бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру мақсатында "Ұл бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі" атты әкелермен кездесу өткізілді. Кездесуді сынып жетекшісі Перизат Тегісқызы ашып, әкелер кеңесінің жұмысын кеңінен насихаттау арқылы олардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруды қажет екенін айтып өтті. Іс-шара барысында әкелер қызықты сұрақтарға жауап беріп, ситуациялық жағдайдан шыға білді. "Әке, бір сағат уақытыңды бөлші" бейнеролигі көрсетіліп, әр әке әкенің бала өміріндегі алатын орны мен жауапкершілігі туралы ақыл кеңестерін айтты.  Мектеп психологы А.Таскенова "Отбасы жылылық ұясы" тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг барысында "Бес саусақ" сәлемдесу жаттығуы, "Балама қандай жылулық беремін" жаттығуы, "Ішіндегіні тап" ойындары ойнатылды. Тағылымы мол кездесуде білім алушылар әкелер құрметіне "Әке туралы" монолог оқып, әкелерге арнап ән шырқады. 


Баланың әкеге деген ішкі ойын білу мақсатында ұл балалардан ашық хат алынып, әкелерге үзінді оқып берілді. Шара соңында "Әкелер кеңесінің" жұмысын жандандыру керек екенін айтып, алғыстарын білдірді.







Тақырыбы: «Көрісу айты»
Мақсаты: Баланы жан-жақты дамыту. Балаға ұлттық тәлім-тәрбие беру. Өз ұлтының салт-дәстүрлерін ұстанып,қадірлеуге тәрбиелеу. Балаларға қоршаған әлемнің тұтас бейнесін адамдар мен табиғат әлемінің арасындағы өзара байланыс пен тәуелділігін түсінуін қалыптастыру. Қоршаған әлемге деген қызығушылығын арттыру, оны зерттеу үдерісі барысында танымдық құзызерттілігі қалыптастыру әрі дамыту. Сабақтың түрі: Сайыс Барысы: Өткен сабақты қайталау
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар бүгін жылдың қай мезгілі? (Балалардың жауабы Көктем)
Көктем мезгілінде неше ай бар? (Балалардың жауабы)
Қазір көктем мезгілінің қандай айы? (Балалардың жауабы)
Өте жақсы. Наурыз айында қандай мейрамдар болады? (Балалардың жауабы)
Жаңа сабақ: Балалар наурыз айының 14-ші жұлдызында қасиетті «Көрісу айты» мерекесі бар. Бұл күн өте қасиетті ай. Алысты жақындатып, өкпе-реніжді тарататын күн.
Бір-біріне қарызын,борышын таратып,бір-бірін кешіретін күн.
“Көрісу айтын” Қазақстанның батыс аймақтарында ғана,яғни біздерде тойлайды,
14- наурыз жыл басы деп санаймыз, ал қалған елдімекендерде “Ұлыстың ұлы күні” 22-наурызда күн мен түн теңеліп, жаңа жылды тойлайды.
Көрісудің ережелері:
1. Екі қолдап
2. Төс тақасып
3. Бір жасыңмен немесе жаңа жылыңмен деген тілектер тілеу

4. Ең алдымен үй ішімен,отбасымен көрісу
5. Көршілермен,тума-туыспен көрісу
Сурет арқылы жұмыстану. Балалардан көрісудің түрлерін сурет арқылы сұрау.
Сергіту сәті: Көрісу түрлерін қайталау
Көрісу айтында атқарылатын істер:
1. Бір күн бұрын үй ішін жинап,киім кишектерді жуып қою
2. Түрлі тәтті тағамдар дайындап қою
3. Сандықта тұрған жаңа заттар мен киімдерді сыртқа шығарып жаю “Жаңа заттар,жаңа киімдерде жаңа жылды көруі тиіс” деген ырыммен
4. Үй ішін безендіріп,дастархан жайып қонақ күтіп және үлкен кісілерге барып сәлемдесу
“Көрісу айты”
“Көрісу айтын” бүгін біздер өз шаңырағымызда,үлкен әжеміздің қасында қарсы алып,дастархан жайып,қонақ күтіп қарсылап отырмыз.

Сайыс бөлімі:

  1. Таныстыру

  2. Ұлттық дәстүр. (көрініс)

  3. Арқан тартыс.

1.топ. «Көрісу айт»;

2. топ. «Наурыз» 
Топтар бөлімдер бойынша сайысты. Жеңіске жеткен топ жинаған ұпайлары бойынша анықтады.
Үйдің үлкені,қамқоршысы,тірегі әжемізден бата сұраймыз



Қорытындылау: Балаларға қорытындылау сұрақтарын қойып, сұраққа толық жауап беруін талап ету.
1. Көрісу айты қандай мейрам?
2. Оны кімдер тойлайды?
3. Көрісудің қандай түрлері бар?
4. Көрісу айтына қандай дайындықтар жүргіземіз?
Балаларды сабаққа жақсы қатысқандары үшін мадақтау.









«Көрісу айты»

Наурыз айының 17 күні  Ә.Молдағұлова атындағы №38 ЖОББ мектептің 1 «Ж» сыныбымен «Көрісу айты» атты тәрбие сағатын өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: 14 наурыз – Көрісу мейрамы, көрісу кезінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір-біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре-сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа Жылы - 22 наурыз мерекесін қарсы алады...

        Тәрбие сағатының барысында көрісу айт, наурыз, салт-дәстүрімізге байланысты сұрақтар қойылып, оқушылар екі топқа бөлініп: 1.топ. «Көрісу айт»; 2. топ. «Наурыз»  құрамалары болып жарысты. Жарыста жеңіске жеткен топ «Көрісу айт» тобы. Жеңіске жеткен топқа сыйлық берілді. Тәрбие сағатымыздың соңында «Көрісу айт мейрамы» атты кітап көрмесі оқушылардың назарларына ұсынылды.