Файл: Олимпиадалы есептер шыаруды математиканы оып йренуде алатын орны ерекше.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Түсінік хат
Ғылым мен техниканың даму дәрежесі мектептерге математиканы оқытуды қазіргі заман талаптарына сәйкес жүргізуді талап етеді. Ерекше талантты оқушыларды анықтау қазіргі заманның маңызды проблемалары мен әдістемелеріне, оның соңғы жылдардағы жетістіктері мен нәтижесіне жастардың қалың көпшілігін тарту мақсатында соңғы жылдары Республика мектептерінде әр түрлі деңгейдегі математикалық олимпиадалар өткізу дәстүрге айналды. Мұндай жарыстар алдымен мектепте,ауданда, облыста,республикада одан кейін Халықаралық деңгейде өткізіліп келеді.
Әртүрлі деңгейдегі математикалық олимпиадаларды ұйымдастыру мәселелері мен оны өткізу әдістемесі қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі болып табылды.
Олимпиадалық есептер шығарудың математиканы оқып үйренуде алатын орны ерекше.
Оқушылардың математиканы меңгеру деңгейі көбінесе олардың білім стандарттарын игеруімен ғана емес, олардың олимпиадалық есептерді шығаруға қаншалықты түсінгендігі арқылы бағаланады.
Ал олимпиадалық есептерді шығару үшін оны шешудің бірнеше тәсілдерін қолданып,олардың ішінен ең тиімдісін таңдап алу қажет.
Оқушыларды математикалық олимпаидаларға даярлауда және оны өтікзуде мектеп мұғалімдері арнайы курстардың жоқтығынан қиыншылықтарға кездесіп жүр.
Математикалық олимпиадаларды ұйымдастырып жүрген мектеп мұғалімдері мен өз білімін тереңдетуге ұмтылатын мектеп оқушылары үшін де құнды болары анық.
«Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі» кмм
Келісемін Бекітемін
Директордың әдістеме мектеп директоры:
ісі жөніндегі орынбасары: ____________Г.Ж.Катубаева
____________ Н.Молдамуратов «__» _________2023 ж
«__» _________2023 ж
Р/с | Мазмұны | Сағат саны | Мерзімі |
1 | Кіріспе | 1 | |
2 | « Кенгуру есептерін талдау және шығару» | 1 | |
3 | «Ақбота есептерін талдау» | 1 | |
4 | Мәселе есептерді шешу | 1 | |
5 | Математикалық олимпиадаға дайындық үшін берілген есептерді шығару | 1 | |
6 | Қиынырақ есептерді шешу | 1 | |
7 | Тест тапсырмаларын шешу | 1 | |
8 | «Судоку» сандары | 1 | |
9 | Логикалық есептерді шеш | 1 | |
10 | Сан тізбегіне арналған есептерді шешу | 1 | |