Файл: ысамерзімді жоспар 5саба Сабаты таырыбы Берілген санны пайызын табуа есептер шыару.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқамерзімді жоспар

5-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Берілген санның пайызын табуға есептер шығару

Бөлім:

Пайыз

Педагогтің аты-жөні:

Байбазарова А.Т.

Күні:

31.03.2023ж

Сыныбы: 5

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.2.36 берілген пайызы бойынша санды табу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар берілген санның пайызын табуға есептер шығарады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Білім алушылар берілген санның пайызын және пайызы бойынша санды табуға берілген есептермен танысады.

Кейбір оқушылар үшін:

Білім алушылар берілген санның пайызын табуға берілген есептерді сипаттап бере алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
1.Мұғалім оқушыларды түгендейді.

2.Амандасады және тілектерін білдіреді.

1.Оқушылар мұғалім- мен амандасады.

2. Сабаққа дайындалады.

Оқушылардың белсенділігі үшін ҚБ

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі.

Сұрақтар:

  1. Санның пайызын қалай табамыз?

  2. Пайызы бойынша санды қалай табамыз?

  3. Пайыз дегеніміз не?

1. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатыментаныстырады.


Дескриптор:

1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.

2. Өзгенің пікірін толықтырады.



. ДК экраны

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтіні тақтада шығады.

Бұл бізде тура пропорция жолы келесі тәсіл формула арқылы да шығаруға болады.

Егер b=16, P=40% деп белгілесек, есептің шығару өрнегі әріптермен мына түрде жазылады.



Бұл жердегі а-Ізделінді сан (100%- ке сәйкес)

b-Проценті берілген сан

P-процент саны

Мысалдар көрсетеді.

Қосымша1

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Мысалдарды жазады.


ҚБ

ДК экраны

жұмыс дәптері




Тапсырма А санын тап, егер


оның 15% -ы 21-ге тең болса а) А=500

оның 25% -ы 45-ке тең болса б) А=600

оның 20% -ы 2-ге тең болса с) А=140

оның 5% -ы 7-ге тең болса д) А=3900

оның 1% -ы 6-ға тең болса г) А=180

оның 8% -ы 48-ге тең болса ж) А=210

оның 7% -ы 35-ке тең болса е) А=10

оның 3% -ы 117-ге тең болса к) А=700



Тапсырманы дәптерлеріне жазып орындайды.

дескриптор

  • Дұрыс жауабын айтқан оқушыға бір балл (бір оқушы екі рет жауап бере алмайды)







10 мин

  1. тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Оқушылар деңгейіне қарай тапсырманы орындайды.

2-тапсырма

Процентті жай бөлшекпен жазыңдар:

15%; 6,4%; 35%; 116%; 105%; 220%.


Дескриптор:

әр дұрыс жауапқа бір балл


ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.




3- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

3-тапсырма

1)Шеңбердің радиусы оның диаметрінің неше процентін құрайды?

2)Квадраттың қабырғасының ұзындығы оның параметрінің неше процентін құрайды?


Дескриптор:

1.Есептің мазмұнын түсінеді;

2.Пайызын табады.

Дескриптор

1.Есептің мазмұнын түсінеді;

2.Пайызын табады.


ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Үйге тапсырма:

№1135 есеп.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






Қосымша1

Мысал 1. Қант қызылшасының 18% -ын қант құрайды.

162 кг қант алу үшін неше килограмм қант қызылшасы керек?

162 кг қант - қант қызылшасының 18% құрайды.

Шешуі:

1) 18%=18:100=0,18

2) 162:0,18=900

Мысал 2. Мектептің бастауыш сыныптарында 240 оқушы оқиды, және бұл барлық мектеп оқушыларының 60% құрайды. Мектепте барлығы қанша оқушы оқиды?
Шешуі:

240 оқушы барлық мектеп оқушыларының 60% құрайтын болса,

онда 1% -ы 240:60=4 оқушыны құрайды. Мектептің барлық оқушылары 100%. Демек, барлық оқушылардың саны

4 ∙ 100=400 (оқушы).

Шешімі келесі өрнек түрінде жазылады:

240 — 60 %

? — 1% осыдан

(240 * 1%) / 60 % =4

1 % = 4 оқушы, онда 100 % оқушы тең 4 * 100 = 400 оқушыға

Мысал 3. Көлік бірінші күні 750 км жол жүрді, бұл оның барлық жолының 30% құрайды. Көлік қандай жолды

жүруі тиіс болды?

Шешуі:

1. Жолдың 1%-ы қанша километрді құрайтынын табайық:

2. Жолдың 100%-ы қанша километрді құрайтының

табайық, яғни жолдың барлық ұзындығы:

1. 750 — 30 %

? — 1 % , осыдан (750 * 1 %) / 30 % = 25 км

2. 750 — 30 %

? — 100 % , осыдан (750 * 100 %) / 30 % = 2500 км

Мысал 4. 24% -ы 96 болатын санды табайық.

1) 24% = 24:100=0,24

2) 96:0,24 = 9600:24 = 400