Файл: Физика. 9сынып і тарау. Кинематика негіздері (10 саат).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 76

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ФИЗИКА. 9-сынып

І тарау. Кинематика негіздері (10 сағат)


Сабақтың тақырыбы

Оқытудың негізгі мақсаты

Оқу нәтижелері

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер

Бағалау. Оның ішінде оқыту үшін бағалау

Барлық оқушымен жұмыс (тапсырма)

Негізгі дерек көзі ресурстар

1. Қозғалыс – материяның ажырамас қасиеті. Материалдық нүкте. Санақ жүйесі. Салыстырмалы механикалық қозғалыс.

Сабақ барысында оқушыға механикалық қозғалыс туралы, материалдық нүкте және санақ жүйесі туралы түсіндіру;

Салыстырмалы механикалық қозғалыс туралы түсінік беру;

Траектория, жол , орын ауыстыру және жылдамдық туралы мағлұмат беру.

Оқушы механикалық қозғалыс, салыстырмалы механикалық қозғалыс, бірқалыпты және бір қалыпты өзгермелі қозғаыс туралы түсінік алады;

Траектория, жол, орын ауыстыру, жылдамдық туралы түсініктерін , білімдерін арттырады;дене қозғалысының графигін қолданып, дене қозғалысының жылдымдығын және орташа жылдамдығын есептей алады.


Миға шабуыл, Топтық жұмыс

Бағдаршам арқылы; смайликтермен марапаттау;

критерий арқылы бағалау

Х=2+3t теңдеуімен сипатталған қозғалыстың графигін құру;

Дене қозғалысының графигін қолданып, жылдамдығын, орташа жылдамдығын есептеу.

Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова,Н.Бекбасар

Физика 2013ж

Жұмыс дәптер. В.М.Ударцева, С.В.Ударцев

2. Векторлар және оларға амалдар қолдану. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары.


Оқушыға векторлық шамалар туралы;

Векторларға амалдар қолдану- қосу, азайту , скалярға көбейту және бөлу туралы түсіндіру;

Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары және проекцияларға амалдар қолдану туралы түсіндіру;

Векторлық шаманың скалярлық шамадан айырмашылығын біледі;

Векторларды қосуды, азайтуды, скалярға көбейту мен бөлуді үйренеді;

Вектордың проекциясы туралы және оның таңбасын ажырата алады;

Векторлардың қосындысы мен айырымының проекциясы туралы біледі;

Материялық нүктенің координаталары және оның орын ауыстыру векторының проекцияларын таба алады.

«Сағат дос» әдісі

Критерий арқылы бағалау

Тапсырма есептер шығару.

Есептер жинағы. Б.А.Кронгарт. С.М.Тезекеев .№1.4-1.8

А.П.Рымкеевич. Физика есептерінің жинағы


    1. 1.12- суреттер

Плакат № 4 «Векторлар. Векторларға әрекет жасау»

Есептер жинағы. Б.А.Кронгарт. С.М.Тезекеев.

А.П.Рымкеевич. Физика есептерінің жинағы


3.Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу.

Теңайнымалы қозғалыс туралы; теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың өзгеруі туралы түсіндіру;

Үдеу және оның формуласын есептер шешуде қолдана білуге үйрету;

Үдемелі қозғалыстың баяулайтын қозғалыстан айырмашылығын түсіндіру


Теңайнымалы қозғалыс және қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың өзгеруі туралы түсінеді;

Үдеу және оның формуласын қолданып есептер шығара алады;

Үдемелі қоғалыстың баяулайтын қозғалыстан айырмашылығын біледі.

«Ыстық орындық»

«Сағат дос» әдісі

Критерий арқылы бағалау

Есептер шығару.

Жұмыс дәптер. В.М.Ударцева, С.В.Ударцев

Плакат № 1 «Қозғалыс түрлері»

Жұмыс дәптер. В.М.Ударцева, С.В.Ударцев

4.Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру. Жылдамдықтың графигі. Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі дененiң бастапқы жылдамдықсыз орын ауыстыруы.

Теңүдемелі қозғалыс жылдамдығы графигінің бірқалыпты қозғалыс жылдамығы графигінен айырмашылығын түсіндіру;

Теңүдемелі қозғалыстыға дененің кез келген уақыт мезетіндегі жүрген жолын есептеп табуды үйрету;

Теңүдемелі қозғалыс жолының формуласын қорытып шығаруды үйреу;

Теңүдемелі қозғалыс жылдамдығы проекциясының графигі бойынша дененің орын ауыстыруы проекциясын қалай табуға болатынын үйрету.

Оқушы теңүдемелі қозғалыс жылдамдығы графигінің бірқалыпты қозғалыс жылдамдығы графигінен айырмашылығын ажырата алады;

Теңүдемелі қозғалыстағы дененің кез келген уақыт мезетіндегі жүрген жолын есептеп таба алады;

Теңүдемелі қозғалыс жолының формуласын қорытып шығара алады;

Теңүдемелі қозғалыс жылдамдығы проекциясының графигі бойынша дененің орын ауыстыруы проекциясын қалай табуға болатынын үйренеді.

«Ыстық орындық»

«Топтық тергеу» әдісі

Бағдаршам арқылы топтардың бағалауы; Критерий арқылы бағалау

4- жаттығу №6-8 есептер 1.16- суреттегі тапсырмаларды орындау

1.13-1.1 6 суреттер


5.Еркiн түсу үдеуi. Дененiң еркiн түсуi. Аспан денелерi және тағы басқалардың жерге еркiн түсу үдеуi.

Сабақ барысында оқушыға Галилей еңбектерінің маңызын түсіндіру;

Дененің еркін түсуі қозғалыстың қандай түріне жататынын түсіндіру;

Ендікке байланысты еркін түсу үдеуінің сандық мәні қалай өзгеретінін түсіндіру;

Түсу уақыты мен түскен мезеттегі жылдамдығын табу формуласын түсіндіріп, есеп шығаруға үйрету.

Оқушы Галилей еңбектерінің маңызын түсінеді;

Дененің еркін түсуі қозғалыстың қандай түріне жататынын түсінеді;

Ендікке байланысты еркін түсу үдеуінің сандық мәні қалай өзгеретінін түсінеді;

Түсу уақыты мен түскен мезеттегі жылдамдығын табу формуласымн есептер шығара алады

«Сағат дос» әдісі

Критерий арқылы бағалау

Есептер шығару

А.П.Рымкеевич. Физика есептерінің жинағы


Электрондық оқулық

А.П.Рымкеевич. Физика есептерінің жинағы


6.Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы.

Қисықсызықты қозғалыс туралы түсіндіру;

Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы туралы түсіндіру;

Айналу периоды және жиілік туралы түсіндіру, олардың формуласын қолданып есептер шығаруға үйрету;

Қисықсызықты қозғалыс туралы біледі;

Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы туралы біледі;

Нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттайтын шамалар - айналу периоды мен айналу жиілігі туралы біледі;


«Сағат дос» әдісі

Бағдаршам арқылы, критеприй арқылы бағалау

Есептер шығару

А.П.Рымкеевич. Физика есептерінің жинағы



9 плакат «Шеңбер бойымен қозғалыс»,

1.20-1.25 суреттер

А.П.Рымкеевич. Физика есептерінің жинағы


7.Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар. Центрге тартқыш үдеу. Қатты дененің ілгерлемелi және айналмалы қозғалысы.

Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар туралы түсінік беру;

Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар арасындағы қатынасты түсіндіру; формуласын есептер шығаруға қолдана білуге үйрету;

Центрге тартқыш үдеу және оның формуласын қорытып шығаруды түсіндіру;

Центрге тартқыш үдеуді айналу периоды арқылы және айналу жиілігі арқылы өрнектеуді түсіндіріп, есептер шығара білуге үйрету.

Оқушы сызықтық және бұрыштық жылдамдық тураы біледі;

Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар арасындағы қатынасты түсініп, формулалары арқылы есептер шығара алады;

Модулі тұрақты жылдамдықпен шеңбер бойымен қозғалатын дененің үдеуінің қалай бағытталғанын біледі;

Центрге тартқыш үдеуді нормаль үдеу деп аталуын түсінеді; өлшем бірлігін біледі;

Центрге тартқыш үдеудің айналу периоды және айналу жиілігі арқылы өрнектелген формуласын есептер шығаруға дұрыс қолдана білуге үйренеді.

«Ыстық орындық»

Бағдаршам, смайликтер

6- 7 – жаттығу

Және А деңгейлі оқушыларға есептер . Есептер жинағы. Б.А.Кронгарт. С.М.Тезекеев

1.27- 1.29 суреттер

Есептер жинағы. Б.А.Кронгарт. С.М.Тезекеев

8.№ 1 лабораториялық жұмыс. Бірқалыпты қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау.

Көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың үдеуін есептеуді үйрету

Бастапқы жылдамдықсыз, S пен t-ны өлшеп шардың үдеуін

формула бойынша есептеп таба алады;


Жұптық жұмыс, топтық жұмыс; «Кубизм» әдісі

Бағдаршам арқылы;

Мадақтау;

Сабақ критерий арқылы бағалау

Лабораториялық жұмысты орындайды.

Қысқышы бар тұрғы, шар науа, металл цилиндр, метроном

9.Практикалық жұмыс:№1 Денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері

Сабақ барысында оқушыға механикалық қозғалысты график түрде сипаттауды түсіндіру;

Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс және қисықсызықты қозғалысқа қатысты формулалар бойынша есептер шығарту. Тараудың түйінді мәселелерін қайталау

Денелердің қозғалысын сиппаттай алады; есептер шығыра алады;

Қозғалыстарды сипаттайтын теңдеулерді жаза алады;

Механикалық қозғалысты графиктік түрде сипаттап, үдеудің, жылдамдықтың, координаталардың, орын ауыстырудың және жолдың уақытқа тәуелділік графиктерімен есептер шығарады;


«Сағат дос» әдісі

Бағдаршам арқылы;

Мадақтау;

Сабақ критерий арқылы бағалау

Тапсырма есептер шығару.

Есептер жинағы. Б.А.Кронгарт. С.М.Тезекеев .

А.П.Рымкеевич. Физика есептерінің жинағы


А.П.Рымкеевич. Физика есептерінің жинағы

Есептер жинағы. Б.А.Кронгарт. С.М.Тезекеев .


10.Бақылау жұмысы №1 Кинематика негіздері

Кинематика тарауы бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру

Кинематика тарауы бойынша білімдерін қорытындылайды;


Сынық жұмыс, жеке тапсырма

Суммативті бағлау

2- нұсқада тапсырмалар орындайды

Бақылау мазмұны