Файл: азастан Республикасыны 2007 жылы 27 шілдедегі 319 Заы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 570
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға "бакалавр" дәрежесі беріледі немесе "маман" біліктілігі беріледі.
4. Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары инновациялық-білім беру консорциумын құруға және (немесе) оған кіруге құқылы.
Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
36-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары білімі бар азаматтар алады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.
2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметтің негізгі бейіні мен кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың магистратурасында, резидентурасында және докторантурасында, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту нысаны бойынша жетекші шет елдердiң жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға жiберу арқылы жүзеге асырылады.
3. Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында:
1) кемінде екі жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;
2) кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.
4. Кадрларды докторантурада даярлау магистратураның білім беру бағдарламалары базасында:
1) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;
2) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.
4-1. Әскери мамандықтар бойынша магистр дәрежесін алған немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдар философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін әскери, арнаулы оқу орындарының докторантурасында кемінде үш жыл даярлықтан өтеді.
5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтік білім беру резидентураны, магистратура мен докторантураны қамтиды.
Резидентурада мамандануына қарай оқыту ұзақтығы екі жылдан төрт жылға дейін клиникалық мамандықтар бойынша тереңдетіле даярлау жүзеге асырылады. Резидентурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
37-бап. Қосымша білім беру
1. Балаларға қосымша білім беру олардың түрлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады.
Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін білім алушыларға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары көрсетеді және шарттық негізде ұсынады.
2. Ересектерге (он сегiз жасқа толған адамдарға) бiлiм беру қоғамда болып жатқан әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге сәйкес бiлiм мен дағдылардың қосымша көлемiн алу үшiн олардың өмiр бойы бiлiм алу қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған.
Ересектердің білім мен дағдылардың қосымша көлемін алуы қосымша және формальды емес білім беру арқылы жүзеге асырылады.
Ересектерге қосымша бiлiм берудi бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Ересектерге формальды емес білім беруді оқудың орны, мерзімдері және нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жүзеге асырады және ол оқыту нәтижелерін растайтын құжат берумен бірге жүргізіледі.
Ересектердің формальды емес білім беру арқылы өмір бойы алған оқу нәтижелері осы Заңда көзделген тәртіпке сәйкес танылады және одан әрі жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.
2-1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінде оқыту қосымша білім беруге жатады.
3. Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, біліктілікті арттыру институттарында, өндірісте және "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту кезінде жүзеге асырылады.
Докторлықтан кейінгі бағдарламаларды іске асыру ғылыми мектептері бар және кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Бiлiм беру ұйымдары басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.
5. Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік бағдарламаларға сәйкес медициналық білім және ғылым ұйымдарында жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жас шектеулері ескеріле отырып, тағылымдамадан өту үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясын алуға арналған конкурсқа қатысуға құқылы.
Конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтарымен тағылымдамадан өту туралы шарт жасалады.
7. "Болашақ" халықаралық стипендиясын әкімшілендіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым:
1) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шараларды ақпараттық қолдап отыруды жүргізеді;
2) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдауды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
3) үміткерлерді конкурстық негізде іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
4) оқыту, кепіл және (немесе) кепілдік шарттарын жасасады;
5) стипендиаттардың академиялық оқытылуы мен тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруды және оның мониторингін жүзеге асырады;
6) оқытуды және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
7) шарттың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыспен өтеу бөлігіндегі талаптарын стипендиаттардың орындауына мониторингті жүзеге асырады;
8) халықаралық әріптестермен, шетелдік оқу орындарымен стипендиаттардың оқуын ұйымдастыруға арналған шарттар жасасады.
Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
37-1-бап. Жеке педагогтік қызмет
1. Табыс алумен байланысты жеке педагогтік қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Жеке педагогтік қызметпен айналысатын тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жеке педагогтік қызмет лицензияланбайды.
Ескерту. 5-тарау 37-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
38-бап. Білім алушылардың кәсіптік практикасы
1. Білім алушылардың кәсіптік практикасы кадрлар даярлайтын білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады.
Кәсіптік практика тиісті кәсіпорындарда (ұйымдарда) жүргізіледі және оқыту процесінде алған білімдерді бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге және озық тәжірибені меңгеруге бағытталған.
2. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны жұмыстық оқу бағдарламаларымен және жұмыстық оқу жоспарларымен айқындалады.
3. Кәсіптік практиканы өткізу үшін білім беру ұйымдары шарттық негізде практиканың базасы ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындайды, олармен практиканы өткізудің келісілген бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді.
Шарттарда білім беру ұйымдарының, практиканың базасы болып табылатын кәсіпорындардың (ұйымдардың) және білім алушылардың міндеттері мен жауаптылықтары айқындалады.
4. Кәсіптік практикаға кететін шығындар білім беру ұйымдарында және практиканың базасы болып табылатын кәсіпорындарда (ұйымдарда) көзделеді және жасасылған шарттармен айқындалады.
5. Практиканың базалары болып табылатын кәсіпорындармен (ұйымдармен) шарттар білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге арналған шарттардың үлгілік нысаны негізінде жасасылады.
6. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың екінші курсынан бастап кәсіптік практикадан өту міндетті. Кәсіптік практиканың мазмұны мен базасы мамандықтың бейіні мен білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес айқындалады.
7. Осы баптың талаптары әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасына қолданылмайды.
Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 172-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.