ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 211
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Критериалды бағалауКритериалды бағалау сабақ беру, бағалау және оқытудың өзарабайланыс принциптері негізінде дайындалған. Оның негізгі принциптерінетөмендегілер жатады: • Бағалау білім жүйесінің міндеттеріне негізделген. Бағалау өзіндікмақсат болып саналмайды. Бұл жалпы білім беруді жетілдірудің механизміболуымен қатар, әр оқушының оқу жетістігін жақсартудағы тиімді практикатүрі болып табылады. Білім беру жүйесі міндеттері бағалауды және оныөткізудің жолдарын анықтайды. • Бағалау үдерісі әділ, нақты, сенімді және айқын болып табылады. Бұлбағалау барысында қолданылатын ақпараттардың сенімділігі мен айқындығынқамтамасыз етіп, тапсырмалар мен оларға сәйкес критерийлердіңоқушылардың оқу жетістіктеріне жеткендігін бағалайтынын анықтайды.• Бағалау білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі болып табылады, бағдарлама мақсаттары мен күтілетін нәтижелермен тікелей байланыстыболып келеді. Ол мақсаттардың айқындығын қамтамасыз ете отыра, бағалаутүрлерінің (қалыптастырушы және жиынтық) және бағалау рәсімінің оқубағдарламасына сәйкестігін анықтайды. • Бағалау қолжетімді, анық және ашық түрде болады. Ол қажеттіақпаратты уақытында беріп отыруға мүмкіндік тудырады, оқушылардың өзін- өзі реттеу тәртібін дамытып, үдеріске қатысушылардың жауапкершілігінарттырады. • Бағалау үздіксіз өткізіледі және оқушының оқу жетістіктерінанықтауға, жеке даму траекториясын жасауға мүмкіндіктер тудырады. • Бағалау мектептің, мектеп ұжымының және оқушылардың дамубағытын айқындау жолындағы басты фактор болып табылады. Осы үдеріскеқатысушылардың өз міндеттерін атқарудағы құзіреттілігін арттыруғамүмкіндік тудырады. Оқу жылы көлемінде оқытудағы үлгерім мен ілгерілеу туралымағлұматтар жинақтау бағалаудың екі түрі арқылы іске асырылады. Олар: қалыптастырушы және жиынтық (бөлім/ ортақ тақырыптар бойыншаөткізілетін бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау, орта білім деңгейі бойынша)бағалау болып табыладыБағалау түрлерҚалыптастырушы бағалау барлық тоқсанда күнделікті сабақ беру барысында жүйелі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі болыптабылады. Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргіліп отырады, балл мен бағақойылмайды, мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыс әрекеті
арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға, оның өлшемін анықтауға,сабақты ары қарай жоспарлауға ықпал етеді. Жиынтық бағалау мұғалімдер мен оқушыларға белгілі бір оқу кезеңінаяқтағанда (әр бөлім немесе ортақ тақырып бойынша, тоқсан соңында,триместр немесе оқу жылының соңында) оқушыға балл және баға қою арқылыоқу нәтижесінің ілгерілеуі туралы ақпарат беру үшін өткізіледі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойыншаөткізіледі. Дегенмен, бағалау жолдары оның мазмұны мен түріне сай әртүрліболады. Жиынтық бағалауды өткізу жолдарының толық нұсқалары әр пәнжәне сыныптарда жиынтық бағалауды өткізуге арналған әдістемелікнұсқаулықтарда берілген. Мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелеріноқушыларға кері байланыс беріп, ата-аналарға оқыту үдерісі туралы ақпаратберу үшін қолданады. Бағалаудың балық түрлері оқу бағдарламасының мазмұнына негізделіпжасалған.Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағыБұл жинақта қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері мен әр пән бойынша тапсырманы орындау үшін нақты қадамдардыанықтайтын дескрипторлар көрсетіледі. Сонымен қатар, жинақтақалыптастырушы бағалау үдерісі туралы анықтама беріліп, тапсырмаларғаарналған дескрипторлар көрсетіледі, белгілі оқу мақсаттарынасәйкестендіріліп жасалған бағалау критерийлері ұсынылады жәнеқалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма құрастыру кезеңдері анықталады. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулықЖиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулықта оқу бағдарламасына сәйкес өткізілетін бөлім/ортақ тақырыптар бойыншажиынтық бағалау саны туралы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтықбағалау және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру жолдары туралыақпарат беріледі. Сонымен қатар, жиынтық бағалауға арналған әдістемелікнұсқауында төмендегілер ұсынылады: пән бойынша әр тоқсанда берілетін бөлім, бөлімшелер/ортақ тақырыптар атаулары; бөлім мен бөлімшелерде беріліп, бағалау критерийлері мен ойлаудағдыларының деңгейлерімен сәйкестендірілген оқу мақсаттары; бөлім/ортақ тақырыптар және тоқсандық жиынтық бағалауғаарналған тапсырмаларды құрастыруға байланысты ұсыныстар;
бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларыүлгілері мен дескрипторлары; тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін құрастырылған тестспецификациясы; жиынтық бағалауға арналған тапсырма үлгілері мен балл қоюкестелері. Қалыптастырушы бағалау үдерісіҚалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілепжәне дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы арасындағы керібайланысын қаматамасыз ететін үдеріс. Сабақ беру мен оқытуды тиімді түрде ұйымдастыру үшін әр оқушының ілгерілеуі мен ағымдағы түсіну деңгейін үнемі анықтап отыру маңызды. Олқалыптастырушы бағалауда іске асырылып отырады және оқушының оқужетістіктері туралы шешім қабылдауға мүмкіндіктер тудырады. Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқудың біртұтас құрамдас бөлігіболып, қосымша жаттығулар мен тест тапсырмалары түрінде қабылданбауытиіс. Қалыптастырушы бағалау үдерісі төменгі кезеңдерден тұрады: Оқушыларды анықталған оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру. Оқушылардың нені және қандай деңгейде түсінгендігін анықтайтын дәлелдемелердің көрсеткіші бола алатын тиімді орта тудыру немесе олардың басқа іс-әрекеттерін ұйымдастыру. Оқушының дамуына ықпалын тигізетін тиімді кері байланыс беріпотыру. Оқушыларды бір-біріне өзара оқыту көзі бола алатындайынтымақтастандыру. Оқушы өз оқуы барысында өзін «құрастырушы» ретінде қабылдау.Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыруӘр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағыбарлық оқыту мақсаттарын қамтуы керек. Пәндер бойынша оқу жоспарындабарлық оқу мақсаттары үшін ұсынылатын іс-әрекеттер берілген. Бағалау үдерісін тиімді түрде өткізу үшін мұғалімге: оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру; тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және дескрипторларын анықтау; оқушыларға тиімді кері байланыс беру ұсынылады. Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны ғана бағалайды және Блум таксономиясыда берілген алты ойлау дағдыларыныңдеңгейлерін - білу мен түсіну, қолдану, анализ, синтез және бағалаудыкөрсетеді. Мұғалімнің бағалау критерийлерін оқу мақсаттарына
сәйкестендіріп, нақтылап дайындауы маңызды. Одан кейін мұғалім бағалау критерийлерін сәйкестендіріп,оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма жәнеоның дескрипторларын құрастырады. Дескрипторлар тапсырманыорындаудағы оқушы қадамын нақтылайды, нәтижеге жету жолын анықтайды,сондықтан олардың түсінікті болуы қажет. Мысалы, 5-сыныптағы Қазақ тілі пәніндегі «Мәтіннің мазмұнын ретіменәңгімелеу» мақсатына сәйкес қалыптастырушы бағалауды өткізгенде мұғалімкелесі тапсырманы бере алады: Мәтіндегі оқиға желісінің ретін сақтайотырып, суреттерді дұрыс орналастырыңыз. Дайын мәтін суреттерін қағазға желімдеп, әңгімелеп беріңіз. Бұл тапсырмаға сәйкес дескрипторлар төменде берілген: Оқушы:• суреттерді әңгіме желісіне сәйкес ретімен орналастырады; • мәтіннің негізгі мазмұнынын әңгімелей алады.Тапсырма дескрипторлары анық және қолжетімді болып, оқушығатапсырманы орындау барысында нені көрсете білуі қажет екендігі туралытолық мәлімет бере алатындай болып; мұғалімге оқушының оқу мақсатынажеткендігі/жетпегендігі төңірегінде тиімді кері байланыс бере алатындаймүмкіндіктер береді. Кері байланысКері байланыс әрекеті сабақтың әр кезеңінде қолданылып, мұғалімніңоқушымен үздіксіз қарым-қатынаста болып, оқыту үдерісін ары қарайжоспарлауға және түзетіп отыруға жағдай тудырады. Оқушыларға кері байланыс беру барысында мұғалімге төмендегілер ұсынылады: • ненің дұрыс емес екендігін, оны ары қарай қалай түзету керектігітуралы ақпарат бермей тұрып, «дұрыс емес», «қате» сөздерін қолданбауқажет; • ненің дұрыс/ненің бұрыс екендігін түсіндіріп айту қажет;• қателікті түзету және дұрыс жауапты жақсарту жолдарын көрсету қажет;• жіберілген қателік туралы төменгі ақпарат беру: - қателіктің орны- қателік түрі- оны түзету үшін қажетті іс-әрекеттер ұсынылуы қажет; • оқушы жауабын мазақ етіп, жағымсыз түсіндірме беруге, мысалы, «мисыздың жауабы», «бұған қалай ғана ақылың жетті?» деген анайы сөздердіқолданбау керек. Осындай сөздер оқушылардың жеке тұлғасына кері әсер етеді. Тиімдітүрде ұйымдастырылған кері байланыс мұғалімге оқыту үдерісінің қалай
жүріп жатқандығы туралы, оқушыға алға ілгерілеуі туралы және ары қарайнәтижені жақсарту үшін түзетуді жоспарлау туралы ақпарат береді, алоқушыға оның алдында туындайтын 3 сұраққа жауап алу мүмкіндігін береді: Мен оқытудың қай кезеңінде тұрмын? Нәтижелерге қалай жетемін? Қателігімді түзету үшін ары қарай не істеуім қажет?Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдеріҚалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқытуүдерісінде төменгі әдіс-тәсілдерді «Қол сигналы», «Бағдаршам»,«Қорытындылауға арналған карточка индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеуүлгілері», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызекі баға»,портфолио, журналдар, рубрикалар, сөзжұмбақтар, сұрақтар және тағы басқатүрлерін қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін сабақтың әр түрлікезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде,мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен керібайланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады. Мысалы, мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оғанбаға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілейалады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызшанемесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрысорындалған жақтарын көрсетеді. Топтық жұмыстағы қалыптастырушы бағалауМұғалім қалыптастырушы бағалау өткізгенде дағдыларды анықтаудатиімді тәсіл ретінде топтағы жұмысты қолдана алады. Оқушыларды бағалаукритерийлерімен алдын ала таныстыру керек. Мұғалім топтық жұмыста әртоптың оқушыларын тыңдайды және бақылайды: оқушылардың көбі жетістіккритерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жете алады. Мұғалім мұндайоқушылардың аттарын жазып алуы керек. Одан кейін мұғалім әлі де оқу мақсатына талпынатын оқушылардыбақылап және қосымша сұрақтар қоюы қажет: - Сіздер бұл туралы не ойлайсыздар?- Сіз маған өз тобыңызда нені талқылағандарыңызды түсіндіре аласыз ба?Егер де оқушылар практикалық жұмыс орындаған болса, онда сұрақтар сол тапсырмаға қатысы бар болуы керек: - Сіздер қазір не істеп жатырсыздар?