Файл: 2нса. Мтінді оып, сратара жауап берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 152

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2-нұсқа. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.Ақсу-Жабағлы (Оңтүстік-Қазақстан облысы). 1927 жылы құрылған. Атауы екі өзеннің атынан құралған: Ақсу және Жабағлы. Әсіресе, Ақсу өзені өтуге ыңғайсыз тік жағасымен ерекшеленеді. Жалпы ауданы 85,3 мың га. Қорықта өсімдіктің 1404 түрі, аңдардың 47 түрі, 239 түрлі құс мекен етеді. Наурызым (Қостанай облысы). 1934 жылы Қазақстанның ең оңтүстік массивіндегі қарағай орманы орналасқан Наурызым қарағайлы орманын және суда жүзетін жұмыртқалы құстардың мекені көлдерді сақтау мақсатында құрылған. Аумағы - 87,7 мың га. Қорықта өсімдіктің 961 түрлері, 39 түрлі аңдар мен 239 түрлі құстың түрлері кездеседі. Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы). 1968 жылы сирек кездесетін жұмыртқа салатын – қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған. Қорықтың жалпы ауданы – 243,7 га., акваториясы 199,2 га алып жатыр. Мұнда 42 түрлі аңның түрлері, 298 түрлі құс, 331 өсімдік түрлері тіршілік етеді. Авиафауна құрамы өте бай. Сирек кездесетіндер қатарына пеликан, фламинго, шипун-аққуы жатады.Алматы (Алматы облысы). 1961 жылы құрылды. Аумағы 73,3 га құрайды. 137 өсімдік түрлері, 39 жануарлар түрі мен 200 ге жуық құстың түрлері бар. Сирек кездесетіндердің қатарына тянь-шань қоңыр аюы, қар барысы, түркістан сілеусіні кіреді. Қорыққа Іле өзені жазығының бос бөлігі қызықты табиғи нысаны – 150 метрлік «Ән салғыш құмдар» құмды төбе жатады. Марқакөл (Шығыс-Қазақстан облысы). 1976 жылы Оңтүстік Алтайдың табиғи кешенін қорғау мен тану үшін құрылған. Жалпы ауданы 75 мың га. Қорықта 721 өсімдік түрлері, 59 аң түрлері мен 254 құстың түрлері бар. Негізгі түрлері – марал, аю. Тектоникалық текті Марқакөл таулы көлі ерекше қызығушылық танытады: теңіз деңгейінен 1485 м биіктікте орналасқан, ауданы 544 шаршы метр, тереңдігі 27 м. Онда сирек кездесетін сиг-ускуч балығы тіршілік етеді.Үстірт қорығы (Маңғыстау облысы). 1984 жылы құрылған. Аумағы - 223 га. Қорықта 261 өсімдік түрлері, 27 түрлі аңдар, 111 түрлі құс және бауырымен жорғалаушылардың -27 түрі тіршілік етеді. Сұр кесіртке Қызыл кітапқа енгізілген.Батыс-Алтай (Шығыс-Қазақстан облысы). 1992 жылы құрылған. Жалпы ауданы 56 мың га. Қорықта 564 өсімдік түрлері, 30 түрлі жануарлар түрлері, 120 құстың түрлері бар. Барса-Келмес (Қызылорда облысы). 1939 жылы құрылған. Аумағы – 30 мың га. Флорада 250 түрлі өсімдік саны бар. Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері – құлан, жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. 203 түрлі құстың түрі бар.1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. * 1 балл
A) Өсімдіктердің түрлері туралы ақпаратB) Сұр кесіртке туралы айтылған.C) Жануарлардың түрлері айтылған.D) Қазақстан Республикасының қорықтары туралы мәлімет2. Мәтіннің үшінші азат жолына дәлірек тақырып таңдаңыз. * 1 баллA) Алматы облысыB) Жануарлар әлеміC) Қорғалжын қорығыD) Қызыл кітап3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз * 1 баллA) Қорықтар, тастар, шөлді мекен, мұхиттарB) Қорықтар, құстар, жануарлар, өсімдіктерC) Қызыл кітап, теңіз, қала, орман, табиғатD) Қызыл кітап, өзен, көл, орман, қорық, қала4. Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері – құлан, жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. 203 түрлі құстың түрі бар. Қай қорық туралы айтылған? * 1 баллA) Барса - Келмес қорығыB) Марқакөл қорығыC) Ақсу – Жабағлы қорығыD) Батыс – Алтай қорығы5. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз. * 1 балл«Қорықтардың қайсысы сирек кездесетін жұмыртқа салатын – қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылғанA) Қорғалжын қорығыB) Марқакөл қорығыC) Ақсу – Жабағлы қорығыD) Үстірт қорығы6. Мәтін стилін белгілеңіз. * 1 баллA) ауыз екі сөйлеу стиліB) публицистикалық стильC) көркем әдебиет стиліD) ғылыми стильE) ресми іс- қағаздар стилі7. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз. * 1 баллA) Ақсу-Жабағлы 1927 жылы құрылған.B) Барса-Келмес 1939 жылы құрылған, аумағы – 30 мың га.C) Авиафауна құрамы өте бай.D) Қорғалжын қорығы 1968 жылы сирек кездесетін жұмыртқа салатын – қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған.8. Мәтін бойынша қай қорықта өсімдіктердің ең көп түрі өседі? * 1 баллA) Ақсу-ЖабағлыB) Наурызым қорығыC) Барса – Келмес қорығыD) Батыс – Алтай қорығы9. Наурызым қорығы қандай мақсатпен құрылған? * 1 балл

A) Алтайдың табиғи кешенін қорғау мен тану үшін құрылғанB) Сирек кездесетін тянь-шань қоңыр аюы, қар барысы, түркістан сілеусінін сақтау мақсатында құрылған.C) Суда жүзетін жұмыртқалы құстардың мекені көлдерді сақтау мақсатында құрылған.D) Сирек кездесетін жұмыртқа салатын – қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған.10. Мәтінге нақты тақырып таңдаңыз. * 1 баллА) Наурызым қорығыB) Үстірт қорығыC) Қазақстан Республикасының қорықтарыD) Қызыл кітап