Файл: Таырыбы Бастауыш сынып оушыларыны зерттеушілік рекетін дамыту (шебер сынып) Масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 102
Скачиваний: 1
-
Балалар, саламатсыздар ма! Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр. Біз бүгін ғалымдар рөліне еніп Құстар туралы жан жақты зерттеу жүргізетін боламыз. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сіз өскенде кім болғыңыз келеді? Берілген карточкалардың ішінен өзіңізге ұнайтын мамандықты таңдап алыңыз. -
Міне біздер мамандықтар таңдау арқылы келесі топтарға бөліндік. Олар, «Экологтар», «Математиктер», «Орнитологтар», «Филологтар», және «Технологтар» тобы.
есептерді шығарады, нәтижесі құстардың пайдасын дәлелдейді
Торғайлар астық жейді, 1958 жылы олар Қытайда зиянды деп жарияланып, оларды жою туралы шешім қабылдады. Міне, кейбір дереккөздер торғайлардың жойылу тарихы туралы суреттейді. «Мұны жасау қиын болған жоқ: торғай 40 минуттан астам уақытты ұша алмайды, егер 40-45 минут ауада тұруға мәжбүр болса, ол өледі. Белгіленген уақытта бүкіл қытай халқы торғай өлгенше ысқырып, шылбырлап, шүберектермен соғуды бастады ». Басқа көздерден белгілі болғандай, торғайларды жою үшін түрлі улар қолданылған. Сонымен қатар, Қытайда құс еті дәстүрлі тағамдарда жиі қолданылады, сондықтан құстардың көп бөлігін жай ғана жеді. Сонымен сұрақ бір жылдан соң қытай мемлекетінде қандай жағдай орын алды?
«Орнитологтар» тобының тапсырмасы: Қызыл кітап беттерінен жойылып бара жатқан құстардың сирек түрлерін зерттеп, олар туралы мәліметтерді кестеге енгізеді.
«Филологтар» тобының тапсырмасы: Құстар туралы жазылған көркем шығармалардан бір шығарманы таңдап, сахналық қойылым дайындайды.
«Технологтар» тобының тапсырмасы: оригами техникасы арқылы бейбітшілік, бақыт символы «Көгершін» құсын жасайды және құстарды қорғау туралы жарнама дайындау.
Тапсырманы орындауға 20 минут уақыт және қоғауға әр топқа 3 минуттан уақыт бөлінеді. Топтар бірін – бірі кемінде жақсы жақтарына кемінде 2 дәлелел, ұсынысқа кемінде 1 дәлелмен бағалайды.
3. Қорытынды.
- Ал мұғалімдер бүгінгі шебер сынып арқылы оқушылар зерттеу дағдысы бойынша неге дағдыланады деп ойлайсыздар?
Мұғалімдер жауабы:
-
Оқушылар білімді дайын күйінде алмай, өз бетінше меңгереді; -
Іздену барысында алған мәліметтерді жинақтайды, кестеге түсіреді, түсіндіреді; -
Топтар бірін – бірі тыңдайды, топта жұмыстанады; -
Зерттеу-шығармашылық үдеріске айналады; -
Тақырыпты зерттеу барысында пәнаралық байланыс жүзеге асады;