ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.03.2024

Просмотров: 360

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі

«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

Әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Силлабус

Пән: Әлеуметтану

Пәннің коды: Soc 3108

Мамандығы: Жалпы медицина5В130100

Оқу сағатының көлемі - 90

Курсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр

Ақтөбе қ., 2014

Оқытушылар туралы мәліметтер: Тайжанов Алтай Тайжанұлы — философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ӘҒА академигі, Айтжанова Жанат Ерғалиқызы -аға оқытушы, Шәмші Бауыржан Исаұлы — аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Күміспаев Самат Самидуллаұлы — аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Ерғалиев Мирлан Есенғалиұлы-аға оқытушы, Молдин Бекзат Аққонысұлы-оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Құмаров Нұрлан Амангелдіұлы-оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Бекен Сәрсенғалиұлы-оқытушы, Балтымова Айнұр Рашидқызы – оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Сагимбаева Наталья Абдигалиевна-оқытушы

Байланыс ақпараты: ҚР, Ақтөбе қ, Маресьев к. 68, бас ғимарат, Әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы, тел. 56-80-62.

Пәннің саясаты: кафедраның жалпы талаптары – білім алушы университет Жарғысы мен ережелерін сақтап, сыртқы киімі мен келбеті лайықты кейіпте болғаны жөн, сабаққа кешікпеуі керек, қоғамдық-этикалық нормаларды сақтай білуі, оқу құралдарының болуы керек.

1.3.1 Оқу процесін ұйымдастыру

Кафедра сабақ кестелеріне сай, факультеттер, курстар мен оқыту формаларына сай оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады. Білім беру процесінің формаларын жетілдіреді. Студенттердің үлгерімінің ағымдағы бақылауын сабақ кестелеріне сай жүргізеді. Пәннің оқу бағдарламасымен білім алушылардың үлгерімін бақылаудың ауызша сұрау, жазбаша бақылау, кешенді бақылау, үй тапсырмаларының орындалуы және тесттер секілді түрлері анықталған. Білім алушылардың аралық бақылауы оқу жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сай жүргізіледі. Білім алушылардың білім жетістіктері емтихан сессиясының кезінде пән бойынша емтихандар тапсыру түрінде өткізіледі. Емтиханның өткізілу тәртібі тестілеу немесе ауызша бақылау формасында жүреді. Сабақ кестесін оқу бөлімімен және тіркеу-офисімен бейімдеп, штаттық кестені оқу жылының семестрлеріне бөледі. Студенттерді оқу-әдістемелік құжаттардың барлық формаларымен қамтамасыз етеді. Марат Оспанов атындағы БҚММУ-ң Ғылыми орталығымен тығыз байланыста жұмыс жасап, практикалық сабақтарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Қызметкерлер мен студенттердің ҒЗЖ жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар туғызады. Үшінші семестр жүргізу кезінде қосымша білім беру үшін қажетті жағдайлар жасайды.


1.3.2 Білім беру процесін ақпараттық қамтамасыз ету: Силлабустар, анықтама-жолсеріктер, БАӨЖ және БАОБӨЖ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар стиуденттерге кафедрада және кітапханада ұсынылады. Сабақ, кеңес берулер кестелері, ҒСҚ жүргізу кестелері, кафедра қызметкерлерінің жұмыс кестелері кафедраның ақпараттық стенділеріне ілінеді. Білім алушыларды уақтылы хабардар ету мен рейтингтік бағалары туралы ақпарат ОПҚ тарапынан сабақтар кезінде беріледі.

1.3.3 Аудиториялық сабақтар мен БӨЖ жүргізуге қойылатын талаптар: Аудиторялық және аудиториядан тыс сабақтар факультеттер, курстар бойынша, сабақ кестелеріне сай қамтамасыз етілген.

1.3.4 Білім алушыларға қойылатын талаптар: Практикалық сабақтар мен дәрістерге қатысу міндетті түрде. Киім үлгісі ішкі нормативтік талаптарға сай. Айыптық шаралар «Марат Оспанов атындағы БҚММУ-де білім беру процесін ұйымдастыру туралы ережелерге», 2009» сай жүзеге асырылады. Жіберген сабақтарына өтем жасамаған білім алушылар, аралық бақылау тапсыруға жіберілмейді. өтем жасағаннан кейін білім алушы аралық бақылауға деканаттың рұқсат қағазымен жеке кесте бойынша жіберіледі. өтем жасамаған немесе жіберілу рейтингін ала алмаған білім алушы аталмыш пәннен қорытынды бақылау тапсыруға жіберілмейді.

2.1. Кіріспе. Адам мен қоғам жөніндегі ғылымдардың ішінен, әлеуметтік дүние тұлғаның әлеуметтік өзара қатынастары жөніндегі ғылым - әлеуметтану маңызды орынды иеленеді. Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік мәселелердің өзектілігін тұлғаның қоғамдағы орнын және адам жөніндегі білімнің ролін арттырады. әлеуметтану адамдар өз өмірін қамтамасыз етіп, қоғамдық қатынастарды реттеу, қоғамның біртұтастығын сақтап қалу мақсатында құрған күрделі әлеуметтік жүйені, институттарды түсінуге көмектеседі. Әлеуметтану кез-келген құбылысты адами тұрғыдан қарастыруға, оның әлеуметтік механизмдері мен салдарларын көруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика мен әлеуметтік мемлекеттің түпкілікті конституциялық қағидаларын тек әлеуметтану пәні арқылы нақты түсініктермен толығады.

2.2. Пәннің мақсаты: Әлеуметтану пәнінің мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы жоғарғы кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған, және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыдан тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды көздейді. әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттестікпен даму заңдылықтарының қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылық пен өзара байланысқа түсуі және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді.


2.3. Оқытудың міндеттері

  • әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттестікпен даму заңдылықтарының қызмет ету ерекшеліктері;

  • әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы;

  • әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы;

  • адамның әлеуметтік нақтылық пен өзара байланысқа түсуі және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары туралы

  • түсінік беру.

2.4. Оқытудан кейінгі нәтижелер

- қоғамды талдаудағы, әлеуметтік қауымдастық пен әлеуметтік топтардың пайда болу табиғатындағы, әлеуметтік процестердің түрлері мен бағыттарын талдаудағы әлеуметтанулық түсініктерден хабары болуы тиіс;

- әлеуметтік қозғалыстардың пайда болуы мен дамуының негізгі шарттары мен жіктелуін, әлеуметтік дамудың факторларын, әлеуметтік өзара әрекет формаларын біліп, оларды талдай алуы қажет;

- тұлға жөнінде, әлеуметтенудің формаларын, бағыттары мен ерекшеліктерін, әлеуметтік жүріс-тұрысты реттеудің негізгі заңдылықтары мен формаларын талдаудағы әлеуметтанулық түсініктерден хабардар болуы тиіс;

- әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдістемесі мен әдістерін жетік білуі қажет.

2.5.1. Пререквизиттер: бұл пәнді оқып-үйрену барысында студенттер 1 курста Қазақстан тарихы, саясаттану, құқық негіздері, психология жэәне педагогика негіздері пәндерінен алған білімдерін пайдаланып меңгеруін, қоғамдық-гуманитарлық көзқарастарын әрі қарай жетілдіреді.

2.5.2. Шектес пәндер: Әлеуметтану пәнімен қатар оқытылатын философия пәнінен. Жалпы қоғам заңдылықтарын қарастырады.

2.5.3. Постреквизиттер: Әлеуеметтану пәнін оқып игергеннен кейін студенттер алынған білімдерін, экономикалық теория негіздері, қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік медицина пәндерін оқып-үйрену кезінде пайдалана алады.

    1. Пәннің қысқаша мазмұны:Әлеуметтану курсында әлеумиеттік ғылымның тарихы баяндалып, қоғамға әлеуметтік жүйе ретінде талдау жасалады. Қоғамның құраушы элементтері ретінде оның құрылымына, әлеуметтік стратификациялық бөлінуге, әлеуметтік институттар мен таптар, топтар, қауымдастықтарға сипаттама жасалады. Сонымен қатар жеке тұлғаға әлеуметтанулық талдау беріледі. Сондай ақ ауытқымалы мінез-құлық, әлеуметтанудың салалары туралы білімдер беріледі.

    2. Әлеуметтану пәні бойынша тақырыптық жоспары.


2.7. 1. «Әлеуметтану» пәні бойынша дәрістердің тақырыптық жоспары

(академиялық сағат уақыты 50 минут)

Дәрістердің тақырыбы

Сағат саны

1.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер құрылымындағы әлеуметтанудың орны.

  1. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.

  2. Әлеуметтанудың зерттеу әдістері

  3. Әлеуметтанулық білімнің деңгейлері.

2

2.

Әлеуметтану тарихындағы негізгі бағыттар.

  1. Әлемдік әлеуметтанудың институциялануы. Әлеуметтанудың Х1Х ғ. дамуы.

  2. Қазіргі заманғы әлеуметтану. ХХғ. әлеуметтанулық теориялары

2

3.

Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.

  1. Қоғам ұғымы. Қоғамды зерттеудегі түрлі тұрғылар.

  2. Әлеуметтік жүйе құрылым ретінде және оның негізгі элементтері.

2

4.

Әлеуметтік институттар және әлеуметтік процестер.

  1. Әлеуметтік элементтер әлеуметтік өмірдің маңызды элементі ретінде.

  2. Әлеуметтік институттардың типологиясы.

  3. Әлеуметтік процестердің ұғымы, түрлері мен деңгейлері.

2

5.

Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік стратификация

  1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымы және әлеуметтік құрылымның түрлі теориялары.

  2. Әлеуметтік стратификация ұғымы мен критерийлері.

  3. Қоғамның әлеуметтік-демографиялық құрылымы.

2

6.

Жеке тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамасы

  1. Адам, индивид, тұлға ұғымдары. Жеке тұлға қоғамдық қатынастардың объектісі және субъектісі ретінде.

  2. Жеке тұлғаның құрылымы.

  3. Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы. Жеке тұлғаның типтері.

2

7.

Девиация және әлеуметтік бақылау

1. Тұлғаның девиантты мінез-құлқы ұғымы, оның табиғаты мен типолоиясы.

2. Әлеуметтік бақылау және тұлғаның делинквентті мінез-құлқы.

3. Әлеуметтік бақылаудың әдістері мен органдары.

2

8.

Білім әлеуметтануы

1. Білім әлеуметтік институт және әлеуметтік процесс ретінде.

2. Білім беру институтына әлеуметтанулық талдау.

2

9.

Дін әлеуметтануы.

  1. Дін әлеуметтік институт және әлеуметтік құбылыс ретінде.

  2. Дін институтының әлеуметтанулық талдамасы.

2

10.

Экономикалық әлеуметтану

  1. Экономикалық әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуы мен дамуы. Эконмикалық әлеуметтанудың құрылымы.

  2. Экономика институтының әлеуметтанулық талдауы.

2

11.

Отбасы әлеуметтануы

  1. Отбасы және некенің формаларының пайда болуы мен эволюциясы.

  2. Отбасы әлеуметтік институт ретінде. Отбасының атқаратын қызметтері.

  3. Отбасы мен некеге әлеуметтанулық талдау.

2

12.

Мәдениет әлеуметтануы

  1. Мәдениет ұғымының ұғымы және мәні.

  2. Мәдениетке әлеуметтанулық талдау. Мәдениеттің түрлері.

  3. Мәдени кикілжіңдер әлеуметтануы.

2

13.

Бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтануы

  1. Бұқаралық коммуникациялардың объектісі, пәні, заңдары мен категориялары.

  2. БАҚ-ң атқаратын қызметтері. БАҚ тұлғаны әлеуметтендірудің маңызды институты ретінде.

  3. Бұқаралық коммникация және мәдениет.

2

14.

Нақты әлеуметтанулық зерттеулер жүргізудің әдістері мен техникасы

  1. Эмпирикалық (нақты) әлеуметтанулық зерттеу ұғымы.

  2. Зерттеу бағдарламасының әдістемелік және процедуралық бөлімдері.

  3. Әлеуметтанулық ақпарат жинақтаудың негізгі әдістері. Іріктеу және оның түрлері.

2

15.

Ақпараттарды өңдеудің әдістемесі мен оның нәтижелерінің анализі.

1. Ақпараттарды техникалық құралдардың көмегімен талдау және қорыту.

2. Мәліметтердің репрезентативтілігі проблемасы. Проблема репрезентативности данных.

2

Барлығы :

30