ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.11.2019

Просмотров: 250

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Бекітемін»

35 орта мектеп директоры

Таймова А. ______________


  1. Сабақтың тақырыбы: Дененің әр түрлі бөлігіне таңғыш қою

  1. Сабақтың мақсаты:

  1. Уақыты: 45 минут.

  2. Өткізілетін орны: 10 сынып

  3. Өтілетін күні:

  4. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.

  5. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1.Жарақат дегеніміз не?

2.Қан кету дегеніміз не және олардың түрлерін ата?

3.Күйік ауруы дегеніміз не ?

4.Асептика дегеніміз не?

5.Антисептика дегеніміз не?

6. Қан тоқтату қаншаға бөлінеді?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.


Басқа: "чепец" таңғышы ыңғайлы және берік болып саналады, ол бинт жолағы аркылы төменгі жақ астына бекітіледі. Бинтті әрбір ораған сайын тік ленталардан асыра тастау арқылы оны біртіндеп барған сайын тік ете отырып, басты толық жапканша орайды. Осыдан кейін бинтті тік лентаға бекітеді. Лента ұштарын иек астына бант түрінде байлайды, бүл бүкіл таңғыштьщ беріктігін қамтамасыз етеді.

Қолга: саусақка спиральді таңғыш салу білезік аумағында біркелкі айнала жүрістен басталады (1), содан кейін бинтті қолдың сырты арқылы қиғаштап бас бармаққа әкеледі (2). Осы жерде спиральді айналыммен саусақ түбіне дейін бинттеледі (3, 4, 5, 6, 7). Қолдың сырты аркылы (8) бинт білезікке апарылып, осы жерде бекітіледі (9). Осындай таңғыш барлык саусаққа салынуы мүмкін, ол колғапка үксайды. Ңол басына әдепті сегіздік түріндегі таңғыш салынады. Білек пен бүгілген шынтакқа таңғышты спиральді иілме түрінде салады, тік бұрышта бүгілген шьштақка (шынтак буынының ауруы немесе зақымдануы) "тасбақа" типті (ұштасатын немесе алшақтайтын) таңғыш салады, ол тізе аумағына салынатын таңғыш сияқты












Кеудеге: спиральді таңғыш салады. Бинттен 1,5 м бөлік кесіп алып, бір үшы арқада, ал бір ұшы кеудеге салбырап тұратындай етіп сау білекке дояды, семсер түріндегі үшынан әжептәуір төмен айнала жүріспен бинтті бекітеді, осыдан кейін төменнен жоғарыға спираль секілді айналдыра барлық кеуде клеткасын колтық астына дейін орайды және осы жерде айнала жүріспен бекітеді. Бинттің бос салбырап тұрған бөлігін (1) оң иыктан ары тастап, арқада салбырап тұрған ұшьшен байлайды.

Ішке: іштің жоғарғы бөлігі үшін жоғарғы жақтан бинттің кәдімгі спираль таңғышы қолданылады. Іштің теменгі белігіндегі таңғыш іштің спиральді таңғышыньщ жамбас таңғышымен біріктірілуінен тұрады.







Аяққа және шапқа (бүт арасына) таңғыш салу ережелері мен тәсілдері

Аяққа: сан аумағында иілмелері бар спиральді таңғыш қолданылады, айкыш түріндегі таңғыш жүрістері аркылы санның жоғарғы үштен бір бөлігіне бекітеді; тізе буыны аумағында — аяқты бүгіп қойған қалыпта "тасбака" типті таңғыш, ал аякты буса — тізе буынының жоғарғы жөне темен айнала отырып, тізе асты шұңқырында айкасатын киғаш айналымдар жасайтын сегіздік түріндегі танғыш сальшады.









Балтыр аумағына әдеттегі спиральді иілмелері бар, көбіне көтерілетін таңғыш салынады. Таңғыш берік болу үшін балтырдың бәрі оралуы керек .

Бұт арасына: бинттін бекіткіш жүрісібел айналасында болады. Бинттін келесі орамы шап арасынан жүргізіледі. Таңғыш берік болу үшін, косымша сан арасынан жүргізу арқылы бекітуге болады. Бүт арасына, сондай-ақ сакпан төрізді таңғыш қоюға да болады, оны бинттен жасалған белдікке бекітеді .


Қорытынды бөлім – 10 минут.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Басқа қандай таңғыш таққан ыңғайлы?

2.Қолға қандай типті таңғыш салады?

3.Аяққа қандай типті таңғыш қолданылады?


Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ Мұхаметбеков Е.Қ


Смотрите также файлы