Файл: 1. Тосанды жиынты баалауды масаты 4 Тосанды жиынты баалауды мазмнын анытайтын жаттар 4.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 76
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
3. «Геометрия» пәні бойынша күтілетін нәтижелер
4. «Геометрия» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейі, 8 сынып
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
«Геометрия» пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
8-сынып
Содержание
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 4
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 4
3. «Геометрия» пәні бойынша күтілетін нәтижелер 4
4. «Геометрия» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейі, 8 сынып 5
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 6
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6
7. Модерация және балл қою 6
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 11
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 15
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 20
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Геометрия» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.
3. «Геометрия» пәні бойынша күтілетін нәтижелер
Білу:
- көпбұрыштар жіктемесін білу;
- жазық фигуралардың негізгі түрлерінің қасиеттерін және белгілерін білу.
Түсіну:
- математиканың академиялық тілін түсіну;
- түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді пайдаланудың маңыздылығын түсіну;
- аксиома мен теорема сияқты математикалық категориялардың мағынасын түсіну;
- жазықтықтағы геометриялық салулар мен өлшемдердің қағидаттарын түсіну.
Қолдану:
- математикалық есептерді шешу алгоритмдерін қолдану;
- геометриялық есептерді шешуде жазық фигуралардың қасиеттерін қолдану;
- түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді қолдану;
- түпмәтінге сәйкес математикалық терминологияны қолдану.
Талдау:
- геометриялық фигуралардың өзара орналасуын талдау;
- математикалық модельдер құрастыру үшін мәтіндік есептердің шарттарын талдау.
Жинақтау:
- математикалық есептерді шешудің алгоритмдерін жинақтау;
- аксиомалар мен теоремалар арқылы дәлелді пікірлерді жинақтау;
- геометриялық түрлендірулерді қолдана отырып құрастыру есептерін шешу тәсілдерін жинақтау.
Бағалау:
- есептің түпмәтініне қатысты есептеулер нәтижесін бағалау.
4. «Геометрия» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейі, 8 сынып
Ойлау дағдыларының деңгейі | Сипаттама | Ұсынылатын тапсырмалар түрлері |
Білу және түсіну |
| Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады |
Қолдану |
| Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады |
Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау) |
| Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады |
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
Тоқсан | Білу және түсіну | Қолдану | Жоғары деңгей дағдылары |
I | 0% | 100% | 0% |
II | 14% | 86% | 0% |
III | 20% | 80% | 0% |
IV | 14% | 86% | 0% |
Барлығы | 12% | 88% | 0% |
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Жиынтық бағалауды орындауға ой салатын кез келген көрнекі материалдар: диаграммалар, схемалар, постерлер, плакаттар және карталар жабылған оқу кабинетінде өткізіледі. Жиынтық бағалау алдында нұсқаулық оқылады және оқушыларға жұмысты орындауға қанша уақыт бөлінгендігі хабарланады.
Жұмысты орындау барысында оқушыларға бір бірімен сөйлесуге болмайды. Жұмысты орындар алдында оқушылардың нұсқаулық бойынша сұрақтарды қою құқығы бар.
Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға міндетті, бір біріне көмектесуге құқықтары жоқ. Жиынтық бағалау уақытында оқушыларға қосымша ресурстар: оларға көмек болатын сөздік немесе анықтамалық құралдар (егер, спецификация бойынша ресурсқа рұқсат берілмесе) қолжетімді болмауы қажет.
Шешу жазбалары ұқыпты болуы қажет. Оқушыларға дұрыс емес жауаптарды өшіргішпен өшіргеннің орнына сызып тастауға болады.
Жиынтық бағалауға берілген уақыт аяқталысымен, оқушылар жұмысты уақытында аяқтап және қаламдарын\ қарандаштарын партаға қоюы қажет.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 20
Тапсырма түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, толық жауапты сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Оқушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
1 тоқсандағы жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім | Тексерілетін мақсат | Ойлау дағдыларының деңгейі | Тапсырма саны* | № тапсырма* | Тапсырма түрі* | Орындау уақыты, мин* | Балл* | Бөлім бойынша балл |
Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу | 8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану | Қолдану | 1 | 5 | ТЖ | 13 | 6 | 20 |
8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару | Қолдану | 1 | 1 | КТБ | 4 | 1 | ||
8.1.1.7 Фалес теоремасын білу және қолдану | Қолдану | 1 | 2 | ТЖ | 5 | 4 | ||
8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу | Қолдану | 1 | 4 | ТЖ | 10 | 5 | ||
8.1.1.12 үшбұрыштың орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану | Қолдану | 1 | 3 | ТЖ | 8 | 4 | ||
Барлығы: | | | 5 | | | 40 минут | 20 | 20 |
Ескерту:* - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер |