Файл: абылдаан Мусахова М. О. Орындаан Хасанов У. М тобы жтд279.pptx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 39
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
БӨЖ
Ішек диспепсиясы синдромының дифференциялық диагнозы. Бейспецификалық жаралы колитпен Крон ауруы емінің заманауи принциптері
Қабылдаған: Мусахова М. О.
Орындаған: Хасанов У. М
Тобы: ЖТД-279
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Шымкент кампусы
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті
«ТЕРАПИЯ» КАФЕДРАСЫ
Ішек диспепсиясы
Ішек диспепсиясы
Ішек диспепсиясы - бұл ішек функциясының бұзылуының әртүрлі клиникалық белгілерін біріктіретін түсінік, мысалы:
- Метеоризм
- Іштің шұрылдау
- Диарея(diarrhoea)
- Іш қату (obstipatio)
- Тұрақсыз нәжіс (диарея мен іш қатудың ауысуы)
- Іштің ауыруы мен дискомфорты.
Этиология бойынша
Функционалды (алиментарлы): эмоционалды стресс, дәрі-дәрмектерді ұзақ уақыт қолдану, теңгерімсіз тамақтану, артық тамақтану, зиянды өмір салты.
Органикалық (ферментативті): ас қорыту органдарының қабыну ауруларына байланысты ас қорыту ферменттерінің жеткіліксіз секрециясына байланысты.
Клиникалық көріністер бойынша
Шірікті – ақуыздардың қорытылуының бұзылуы.
Ашыту – көмірсулардың ыдырауының бұзылуы.
Майлы – майдың сіңуінің бұзылуы.
Дисбиоздың этиологиясы:
- жұқпалы аурулар және инфекциядан кейінгі жағдайлар;
- ятрогендік араласулар: антибиотикалық терапия, гормондық терапия, полихимиотерапия, іш жүргізетін дәрілер, сорбенттер; ішек резекциясы;
- артық тамақтану, диеталық талшықтың жетіспеушілігі, консерванттар, бояғыштар, ксенобиотиктер, теңгерімсіз және ретсіз тамақтану;
- ішектің радиациялық зақымдануы;
- гидроколонотерапия.
- Ішек диспепсия синдромы: метеоризм, іштің шұрылдау, ауырлық сезімі немесе іштің ауыруы, тұрақсыз нәжіс.
- Бұзылған ас қорыту синдромы: стеаторея, майда еритін витаминдердің (D, K) сіңуінің бұзылуы, су-электролит балансының бұзылуы.
- Астеновегетативті синдром (интоксикацияға, гиповитаминозға байланысты).
- Аллергиялық реакциялар.
- Инфекциялық, іріңді-септикалық асқынулар.
Жіңішке ішектегі микробтық өсудің кеңеюі.
СИБР себептері:
- асқазанның гипо - және анацидтік жағдайлары;
- созылмалы панкреатит;
- билиарлы патология (созылмалы холецистит және т. б.);
- целиакия ауруы (глютенді энтеропатия);
- аш ішектің қабыну аурулары(Крон ауруы, Уиппл ауруы, васкулит);
- созылмалы іш қату, илеоцекальды сфинктердің жеткіліксіздігі.
Жергілікті
- Диарея
- Іш қату
- Іштің ауыруы
- Метеориз
- мальдигестия белгілері
- мальабсорбция белгілері
- жүйелік көріністер
Жалпы
Жалпы ішек синдромдары
Жалпы ішек синдромдары
Мальдигестия -ас қорыту жүйесінің бұзылуы. Ас қорыту жеткіліксіздігінің келесі формалары бөлінеді: қуыс, қабырға(мембрана), жасушаішілік және аралас.
Мальабсорбция -мальабсорбция: ішек қабырғасы арқылы ағзаның ішкі ортасына қоректік заттардың тасымалдануының бұзылуы.
Бейспецификалық жаралы колитпен Крон ауруының дифференциялық диагнозы
Белгі | БЖК | Крон ауруы |
Тік ішектің қансырауы | Әр үлкен дәреттен кейін | Тән емес |
Іштің ауырсынуы | Анда-санда | Жиі |
Стриктуралар | Тән емес | Тән |
Патологиялық процесске тік ішктің қосылуы | Жиі (95%) | 50% |
Сегментарлы зақымдану | Тән емес | Тән |
Гистологиялық көріністер | Крипт-абсцесстер | Саркоидты гранулемалар |
Локализация | Тік және сигматәрізді ішек (жуан ішекке таралуы) | Терминалды илеит, тоқ ішектің оң жағы, тоталды колит |
Бейспецификалық жаралы колит
Диета терапиясы – талшықты, майды және ағзаның жеке көтере алмайтын өнімдерін (әдетте сүт) шектеу арқылы, қайнатылған және буға піскен, езілген тағам ұсынылады. № 4 (б, в) диета. Тағамнан сүт және сүт өнімдері, майлар (орта және қысқа тізбекті), қуырылған, ащы және тұздалған тағамдар, құнарсыз өсімдік талшығынан тұратын өнімдер (саңырауқұлақтар, көк өрік, кептірілген өрік, киви, ақбас қырыққабаты, шалғам және т.б.) алынады, глютеннен құралған өнімдерге (бидай, қарабидай, сұлы және басқалар) шектеу салынады. Ағзасы суды қажет ететін пациенттерге қосымша сұйықтық енгізу көрсетілген. Ішектің қызметі жаппай бұзылғанда қызметтік тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында полимерлі және элементті диеталарды пайдалану арқылы сүңгімен немесе энтеральды тағамдануға өту арқылы толық парентальды тағамға өтуге ауысу мүмкін.Дәрі-дәрмекпен емдеу
5-АСК пероральды дәрілерін жаралы колиттің жеңіл және орташа-ауыр белсенділігі бар балаларда ремиссияны қолдау және индукцияның бірінші желісінің терапиясы ретінде ұсынады. 5-АСК пероральды дәрілермен және жергілікті 5-АСК дәрілерімен бірге құрама терапия аса тиімді. • месалазин: ауызға тәулігіне 30-50 мг\кг (ең жоғары тәулігіне 4 г) 2 рет қабылдау; ректальды 25 мг\кг (1 г. дейін бір рет); (балаларға 6 жастан бастап) 8-12 апта ішінде мөлшерді азайта отырып; • сульфасалазин: ауызға тәулігіне 40-60 мг\кг\ 2 рет қабылдау (ең жоғары тәулігіне 4 г) ( 6 жасқа дейінгі балаларға)ГКС
ГКС
ЖК кезінде пероральды ГКС ремиссия индукциясында тиімді, бірақ ремиссияны қолдауға арналмаған. Пероральды ГКС-ні жүйелік көріністі орташа-ауыр шабуылды және жүйелік көріністерсіз ауыр шабуылды жекелеген пациенттерде немесе 5-АСК-ның тиімді мөлшерлі терапиясы кезінде ремиссияға қол жеткізілмеген пациенттерге ұсынылады. Ауыр шабуыл кезінде тамыр ішіне стероидты терапия жүргізіледі. • преднизолон тәулігіне дене салмағының әр килограмына 1-2 мг есеппен (4-8 апта), ірі қарай мөлшерді төмендету және 3-4 ай ішінде алып тастау. Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрілік емдеу: Негізгі дәрілік құралдардың тізімі (қолдану мүмкіншілігі 100%); • месалазин 250 мг, 500 мг, табл. • сульфасалазин 500мг, табл. • преднизолон 0,05 табл. • инфликсимаб 100 мг белсенді зат шыны флакондардаКрон ауруы
Дәрі-дәрмексіз емдеу. Шамалы және анық асқынған ішектердің қабынып ауруын емдеу тек станционар жағдайларында жүргізіледі және кейін амбулаториялық жағдайларда және емхананың терапевт/ЖТД немесе гастроэнтерелогтың диспансерлі-динамикалық бақылауымен қалпына келу емін қабылдаған жөн. Тамақтану ерекшеліктері | ІҚА асқыну қауіпі |
Майларды, КҚМҚ, омега-6, майлы қышқылдар және етті көп мөлшерде қабылдау | ОЖК және БК асқынудың жоғары қауіпі |
Жасұнық және жеміс-жидектерде көп мөлшерде қабылдау (күн сайын 22,1 г/тәу жоғары қабылдау) | БК асқыну қауіпінің 73-80% төмендеуі |
Көмірсутегілерді қабылдау | дәлелденбеген |
Д витамин | ОЖК асқыну мөлшерін біршама, БК – шамалы мөлшерде төмендетеді |
Мырыш (тағамдық қоспа және дәрі-дәрмектерден алнған мырышпен салыстырғанда тамақтану өнімдерінде көп мөлшерде, ) | БК асқыну қауіпін төмендетеді |
Жеміс-жидектерді аз мөлшерде қабылдай отырып, қантты және алкоголі жоқ сусындарды көп мөлшерде қабылдау | ОЖК асқыну қауіпін жоғарлатады |
Амбулаториялық дәрежеде қолданып жатқан дәрі-дәрмектер
Сульфасалазин, Месалазин (таблеткалар, түйіршіктер, суппозитория, клизма) | Асқыну және ремиссия сатысындағы жаралы колит, Крон ауруы, илеоколит |
Преднизолон, метилпреднизолон (таблеткалар), гидрокортизон, будесонид (таблеткалар) | Жаралы колит, асқынған сатыдағы Крон ауруы |
Азатиоприн, 6-меркаптопурин (таблеткалар) | Жаралы колит, Крон ауруы – ремиссияны тұрақтандыру |
Метотрексат (егуге арналған ерітінді) | Жаралы колит, Крон ауруы – асқынған сатыда және ремиссияны тұрақтандыру кезінде |
Адалимумаб | |
Темір дәрі-дәрмектері (егуге арналған ерітінді, таб.) | Темір жетіспеушілікті анемия |
Метронидазол ципрофлоксацин (таблеткалар) | Инфекцияларды емдеу |
Микроэлементтер және витаминдер, Д витамины | Толықтырушы терапия |
Депрессияға қарсы және психотропты дәрі-дәрмектер | Депрессия, жүйке ауруы |
Лиофилизирленген ашытқы cахаромицетов буларди | Әртүрлі эталогиядағы диария |
Пайдаланылған әдебиеттер
- Болезнь Крона. Версия: Клинические протоколы МЗ РК - 2020 (Казахстан)
- Язвенный колит. Версия: Клинические протоколы МЗ РК - 2020 (Казахстан)
- Ивашкин В.Т., Шелыгин Ю.А., Халиф И.Л. и др. Клинические рекомендации Российской Гастроэнтерологической Ассоциации и Ассоциации колопроктологов России по диагностике и лечению язвенного колита, 2016
- «Стандарт организации оказания гастроэнтерологической и гепатологической помощи в Республике Казахстан» (Приказ Министра здравоохранения РК № ҚР ДСМ-63 от 4 мая 2019 года
- Гаус О.В., Жаброва Т.С. ФГБОУ ВО ОмГМУ Минздрава России, Омск. -Терапия воспалительных заболеваний.