Файл: Мирас университеті Университет Мирас.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 43

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Сая» шипажайы қызметінің сипаттамасы


«Сая» шипажайының нөмірлік қоры 64 нөмірді құрайды. "Сая" шипажайы бөлмелерге жайлылықтың әртүрлі деңгейін орналастыруды ұсынады.

Шипажайдың көптеген бөлмелері ыңғайлы (дәретхана, жуынатын бөлме, душ/ванна): қажетті жиһаз жиынтығымен, теледидармен, тоңазытқышпен, кондиционермен жабдықталған. Тәулік бойы ыстық және суық су беріледі.

Шипажайдың нөмірлік қоры:

Эконом стандарты (бір орынды)

Нөмірдің ауданы - 16 ш.м.

Төсегі бар бір бөлмелі бөлме (1,3 м.)

Жабдықталуы: теледидар, тоңазытқыш, кондиционер, телефон, фен, балкон, душ , ванна бөлмесі.

Қосымша орын беру мүмкіндігімен (кресло-кереует).

Эконом стандарты (екі орындық)

Нөмірдің ауданы - 16 ш. м.

Екі бөлек кереуеті бар бір бөлмелі бөлме (0,8 м.)

Жабдықталуы: теледидар, тоңазытқыш, кондиционер, телефон, фен, балкон, душ, ванна бөлмесі.

Жартылай люкс (бір орынды)

Нөмірдің ауданы 16 - ш.м.

Екі орынды төсегі бар бір бөлмелі бөлме (1,4 м.)

Жабдықталуы: теледидар, тоңазытқыш, кондиционер, телефон, фен, балкон, душ бар ванна бөлмесі.

Жартылай люкс (екі орынды)

Нөмірдің ауданы - 16 ш.м.

Екі бөлек кереуеті бар бір бөлмелі бөлме (0,8 м.)

Жабдықталуы: теледидар, тоңазытқыш, кондиционер, телефон, фен, балкон, душ бар ванна бөлмесі.

Люкс (бір орынды)

Нөмірдің ауданы 16 - ш.м.

Екі орынды төсегі бар бір бөлмелі бөлме (1,4 м.)

Жабдықталуы: теледидар, тоңазытқыш, кондиционер, телефон, фен, балкон, душ бар ванна бөлмесі.

Екі орынды орналастыру және қосымша жиналмалы орын ұсыну мүмкіндігі бар нөмір.

Люкс (екі орынды)

Нөмірдің ауданы - 16 ш.м.

Екі бөлек кереуеті бар бір бөлмелі бөлме (0,8 м.)

Жабдықталуы: теледидар, тоңазытқыш, кондиционер, телефон, фен, балкон, душ бар ванна бөлмесі.

Екі орынды орналастыру және қосымша жиналмалы орын ұсыну мүмкіндігі бар нөмір.

3 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балалар қосымша тамақтану және емделу орнын ұсынбай, тегін орналастырылады.

Есептік сағат - кіру уақыты 13:00, шығу уақыты 11:00 дейін.

Жолдама бөлінуге жатпайды:​

⎯ процедуралардың саны жолдаманың мерзіміне, көрсетілімдердің болуына, қарсы көрсетілімдерге және емдеу бағдарламасының түріне байланысты әр түрлі;

⎯ дәрігер тағайындаған санаторий-курорттық процедуралар жолдама құнына кіреді. Қосымша диагностикалық зерттеулер ақылы негізде жүзеге асырылады: зертханалық қызметтер, дәрі-дәрмекпен емдеу және диагностика;

⎯ жеке бастамасы бойынша
, сондай-ақ кешігу себебінен өткізіп алынған рәсімдер өтелмейді. Қарсы көрсетілімдер болған немесе бағдарламаға кіретін қызметтерден бас тартылған жағдайда, ақша қаражаты қайтарылмайды;

⎯ жолдамамен емделуге келген қонақтың өзімен бірге санаторий-курорттық картасы болуы керек. Егер қонақта санаторий-курорттық карта болмаса, оны бекітілген прейскурантқа сәйкес қосымша ақыға санаторийде ресімдеуге болады.

2.Жеке тапсырма: «Емдік туризмнің дамуы мен тарихы»
Емдік-сауықтыру туризмі бүгінгі таңда туризм индустриясының болашағы зор салаларының бірі болып табылады. Тән және рух саулығына деген сән XXI ғасырда емдік-сауықтыру туризмінің аса үлкен қарқынмен дамуына негіз болды. Әлемнің көптеген елдерінде емдік-сауықтыру туризмі жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда, халықты жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, сонымен қатар көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тұрмыстық тауарлар өндірісі сияқты экономиканың негізгі салаларына орасан зор эсер етеді және әлеуметтік- экономикалық дамудың өзіндік факторы болып есептеледі.

Емдік-сауықтыру туризмінің негізгі даму аймағы - Eypona, нақтырақ айтсақ, Орталық және Шығыс Eypona болып табылады. Бұл мемлекеттерде емдік табиғи- климаттық ресурстар кең тараған, сонымен қатар науқастарды емдеудің, қалпына келтірудің және аурудың алдын алудың қазіргі заманғы тиімді әдістері пайдаланылады. Eypona елдерінің ішінде шипажайлы-курорттық емделуге келушілердің саны жөнінен Чехия алдыңғы орынды алады. Мұндағы ең үлкен және әйгілі здравница - Карловы Вары болып табылады. Чехияның ұлттық туристік әкімшілігінің деректері бойынша жыл сайын оған емделуге әлемнің 70 елінен 50 мың адам және 2 млн. экскурсант келеді. Соңғы кезде елде чех здравницаларын еуропалық емдік-сауықтыру туризмі нарығында белсендірек жылжыту шаралары жүргізіліп жатыр. Курорттарда театр сахналары, галереялар, көрме залдары, би алаңдары, ойын мекемелері, түнгі клубтар ашылуда. Сонымен қатар гольф, теннис, суда жүзу, яхтинг, каратэ, жаяу, атпен және велосипедпен серуендеуге жағдай жасай отырып, белсенді демалысқа мүмкіндіктерді кеңейтуде. Емдік-сауықтыру бағдарламалары мәдени, ойын-сауық және танымдық шаралармен жақсы үйлесім табады. Чех курорттары музыкалық фестивальдер, ән байқауларын, курорттық балдар, аэробика-марафондар, көрме-сатылымдар, фольклорлық фестивальдер ұйымдастырады. Карловы-Вары курортында дәстүрге айналған Халықаралық толықметражды фильмдер фестивалі өткізіледі. Бұл шаралар туристерді көбірек тартуға және олардың контингента кеңейтуге бағытталған.



Еуропаның емдік-сауықтыру туризмі нарығында Чехияның басты бәсекелесі - Венгрия болып табылады. Оны термалды моншалар зонасы деп атайды. Тәулігіне 500000 м3 жуық термалды су табиғи бұлақтардан ағып шығады, оның жартысы медицинада пайдаланылады. XIX ғасырда Венгрия Еуропаның сумен емдеу орталығы, ал Будапешт емдік сулар қаласы атағына ие болған. Бүгінгі таңда Венгрияның 22 қаласы мен 62 ауылында ресми түрде бекітілген емдік су көздері бар. Туристік ағындар көбіне Будапештке жэне Балатон көліне келеді. Будапешттегі әйгілі түрік моншалары XVI-XVII ғасырлардан бері сақталған және бүгінде қызмет етуде. Балатон - Еуропаның ең үлкен және жылы көлдерінің бірі, балық аулау, жүзу, желкенді спорт және су шаңғысымен айналысуға қолайлы орын. Жыл сайын көлге әр елден 100 мыңға жуық турист келеді. Венгрия курорттарында емделу мен демалу Германия, АҚШ, Австрия азаматтары және жергілікті халық арасында сұранысқа ие. Барлық келушілердің жартысынан көбі осы төрт елдің үлесіне тиеді.

Емдік-сауықтыру туризмі нарығында Польшаның бальнеологиялық және климаттық курорттары кең тараған. Негізгі бальнеологиялық және бальнеобалшықтық Свиноуйсьце, Камень-Поморски, Колобжег курорттары Балтық теңізінің жағалауында орналасқан. Олар Чехия жэне Венгрия курорттарына қарағанда онша әйгілі емес және бәсекелестікке тусе алмайды. Жарнаманың жоқтығы, медициналық қызмет деңгейінің төмендігі және теңіз суының суықтығы сияқты факторлар Польша курорттарының мүмкіндігін шектейді. Польшадағы емдік- сауықтыру туризмінің дамуына Эстония, Латвия, Литвадағы сияқты теңіз жағалауындағы қолайсыз экологиялық жағдай теріс әсерін тигізеді. Теңіз жағалаулары өндіріс қалдықтарымен және қоқыстармен ласта нған. Көптеген өнеркәсіп орындары техникалық жағынан ескірген және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес қайта жабдықталуы тиіс. Зиянды заттардың негізгі бөлігі шығыс және оңтүстік-шығыс жағалауда орналасқан өндіріс нысандарынан келеді. Өте жоғары деңгейде бактериалды ластануды салдарынан кейбір Балтық жағалаулары жабылып, адамдарға суға түсуге тыйым салынады. Мұндай жылдары Польшаның теңіз жағалауларына келетін туристік ағын кемиді. Таулы аудандарда орналасқан климаттық курорттардың ісі жандана түседі. Олардың саны көп, сондықтан тау- климаттық туризмді Польшаның емдік-сауықтыру туризмінің мамандандырылған саласы ретінде қарастыруға болады.

Чехия, Венгрия, Польшадан басқа емдік-сауықтыру туризмі Болгария, Румыния, Сербия, Черногорияда дамыған. Бұл елдер жылы теңіздерге шыға алады және негізінен теңіз жағалауындағы климаттық курорттарда сауықтыру бағдарламаларын ұсынады. Сонымен қатар, Хорватияда медицинада пайдаланылатын мұнай түрі - нафталанның Еуропадағы жалғыз шығу көзі ашылған. Оның негізінде құрылған Иванич-Град курорты тері және тірек-қозғалыс аппаратының аурулары бар науқастарды қабылдайды. Словакия термалды здравницаларын қазіргі заманғы технологиялармен жабдықтау арқылы жақын арада Чехияға баратын туристік ағынды өзіне тартып, емдік-сауықтыру туризмі нарығында басты орынға ие болуы мүмкін.


Батыс Eypona мемлекеттері курорттық істің терең дәсүрлерімен ерекшеленеді. Мұнда әлемдік маңызға ие Германиядағы Баден-Баден және Висбаден, Франциядағы Виши, Ұлыбританиядағы Бат, Бельгиядағы Cna және басқа да ірі курорттар орналасқан. Олар XIX ғ. 2 ж. тек қана емдік емес, демалыс орны ретінде де дамыған. Аралас архитектуралық стильдер, павильондардан шыққан әр түрлі әуендер, концерттер, сахналық көріністер және балдар, сән үлгілерінің және алғашқы автокөліктердің көрінісі, ойын бизесі, сауық кештері бұл курорттарға ерекше қайталанбас сипат берген. Батыста курорттық істі ұйымастырудың XIX ғасырда қалыптасқан қағидалары бүгінгі таңда өзгеріске ұшырай қойған жоқ.

Емдік туризм - бұл тұрғылықты жерден алшақтап демалу мен емделу мақ-сатында табиғи факторларды өзіне сіңіру.Сонымен қатар санаторлы-курорттық  жерлер мен емдік орындарға саяхат жасау. 

Санаторлы-курорттық емделудің  негізі мынада жатыр ол: біріншіден адам баласы өзінің өмір сүру қалпынан ауытқып, жаңадан құрылған жерге  келіп қоныстанады, және табиғи жанға-жайлы  жағдайға кеңеледі, екіншіден ауруға төтеп бере алатын арнайы емдік режимді  орнатады, үшіншіден бұның мәні мынадан  тұрады оған негізінен табиғи емнің  факторларын қолдану мақсатында– минералды сулар мен емдік  батпақтарды және жайлы климатқа толығы мен ем алып шығуына себепші  болады.

 Курорттық немесе курорттық емес санаторияларға барудың ең басты мәні науқасты  өзінің бұрынғы өмір сүрген және де ауруы асқынған ортасынан  алшақтатып оны жанға жайлыкөңілінен шығатын аймаққа апару керек.  Бұл қоршаған орта мен табиғи жағдайдың (климаттық т б) тұрақтануы жұмыстағы адамдар  мен қарым-қатынастың орнықты  болуы әсер етеді. 

Осындай кезеңде қоршаған ортаның жағдайы адамға оңды әсер қалдырса және адамның сол аймаққа бейімделуі көбінесе оның денсаулығына байланысты. Адам салмағының нашарлауы қоршаған ортада әр түрлі ауруларды жұқтыруына себепші болады. Ал одан өзге ортада курорттағы науқасқа ең маңызды емделу жолдарын ұсына алады. Оның әсер ету күші адамға курортта салауатты өмірі мен тәбетінің дұрыс сақталғаны үшін жағымды әсер қалдырады. Табиғи жағдайдың орнығуы науқастың психикасына әсер етіп қана қоймай оныңжүйке жүйесі процестерінің қалпына келуіне жол ашып ағзадағы өмірлік талпынысын арртыруда басты рөл атқарады.

 Осы орайда жанға жайлы психикалық және физиологиялық түрі денсаулықты қалпына келтіру мақсатында әр түрлі емдік факторлардың әсері және минералды сулар мен ем  батпақтарын қолдануға мүмкіншілік  береді.     


 Табиғаттың адамға жағымды әсері үшін алыс жаққа сапар шегу маңызды  емес.Мысалы Кавказ бен Қрым курортын айталық. Тұрғылықты тұрған жеріңіздегі жақын маңда орналасқан курорттар науқастарға өзіндік ерекшелігін және көптеген жағдайда науқастардың халдары нашарлап басқа аймаққа қоныстанған  адамдардың денсаулығына үрей тудырады.Келгеннен кейін бірнеше күн өткен соң жаңа климаттық  жағдайға бейімделіп жатқан адамның  хал ахуалының сыр беруіне әкеліп соғуы мүмкін, сонымен қатар бейімдірек емделуінің мерзімі қысқарып емнің толық нәтижесі болмауы анық.

Курорттан кейін бастапқы қалпына қайта келу үшін акклиматизациядан  өтуі керек.

 Рекреация – бұл адам баласы өзінің бос уақытын танымдық сауықтыру спорттық және мәдени-көңіл көтеру іс-шараларын өткізу мен шектелмейді және осы шаралар бір күндік, апталық, жылдық сонымен қатар өмірлік циклдерді жүзеге асыру мақсатында орындалады .

 Адам өзіне бірнеше  рекреациялық аспектілерді бірітіре  алады Олар: Медико-биологиялық,  әлеуметтік-мәдени, экономикалық, политикалық,  және экологиялық болып бөлінеді. 

 Рекреациялық аспектілердің маңыздылары мыналар болып табылады: Ол мынау; медико-биологиялық  олар мынандай құрамдардан тұрады:

1 Осы ауруға шалдыққан денсаулығын қалпына келтіруге курортология   әдісімен емдік процестің аяқталуын күтетін зиялы қауым.

2 Дені сауыққан адамдардың шаршағанын басатын аурудың әдістемесінде және кәсіби маман ретінде қабылдауға болады. 

Туризм арқылы сауығу –  бұл адамның өндірістік және өндірістік емес психологиялық жағынан шаршауын кетіре алады. Дені сау адамның жұмыстағы  және үй шваруашылығындағы ауырпашылықтан шаршауы адамның жұмыс істеу  қабілетін төмендетіп жібереді.

Орындалып жатқан жұмыстың талпынысына қарай отырып оннан  екі түрлі шаршау белгілерін анықтауға  болады Олар: Интенсивті және тәулік бойы жұмыс істеу барысында функционалды потенциалдың төмендеуі салдарынан жүйке жүйесі орталығының және жұмыс  істейтін ағзаның тежелуіне әкеліп соғады. Осы орайда жұмыстық қабілеті дереу қалпына келеді. Ең аз деген  интенсивті ұзақ жұмыста функционалды потенциалдың әлсіреу тереңдігі  күрделеніп жұмыс бабына ұзақ мерзімдей дайындалады .

Физиологиялық өзгерістердің  болуын қадағалау мақсатында еңбегі демалысқа ауысуы керек.

Рекреациялық әрекеттің қасиеті шаршағанын басатын оның белсенділігін арттырады. Белсенді қасиеттің қалпына келу процесінде пассивті демалысқа қарағанда өтуі анық байқалады.