Файл: азаты ертедегі аружаратары. лтты аспаптар. Грамматикалы материал.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 40

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақтың ертедегі қару-жарақтары. Ұлттық аспаптар.

Грамматикалық материал: Пікірталас мәдениетіндегі сөздік қолданыстар. Шешендік сөздердің мазмұнына қарай жіктелуі.

Пікірталас кезінде төмендегі ережелерді ескеру қажет:

  • Тақырыпқа қатысты ұғымдарды анықтап, қажет сөздер мен терминдерді дәл тауып қолдану керек;

  • Қолданылған сөздер пікірталасқа қатысушылардың бәріне бірдей түсінікті болуы керек;

  • Сөздің қарсыласқа әсер ету мүмкіндігі аса күшті болуы керек. Сондықтан барынша айқын, нақты сөйлеуге тырысқан жөн.

Пікірталаста ойды анық жеткізудің басты тәсілдерінің бірі – сөздің грамматикалық құрылысын меңгеру, грамматиканың заңдылықтарын игеру, сөйлемді мақсатына сай құра білу.

Тапсырма -1. Төмендегі мәтіннен біріккен сөздерді тауып, морфологиялық талдау жасаңдар.

Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары – соғыс құралдары мен киім-кешектері. Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары ат үстінде соғыс жүргізуге сәйкестендіріліп жасалған, олар шұғыл қимылға ыңғайлы, жеңілдігімен ерекшеленді. Ол қазақ халқын құраған ру-тайпалардың әскери өнері негізінде қалыптасты және тарихи себептерден көрші халықтардың ықпалымен жетілдіріліп отырды. Қару-жарақтар екі үлкен топқа бөлінген: 1) шабуыл құралдары – қару; 2) қорғаныс жабдықтары – жарақ. Шабуыл қаруларына ер қаруы саналатын бес қару жатады. Оған қоса қосалқы қарулар: қанжарпышақселебе кіреді. Қорғаныс жарақтарына денеге киіліп кеудені қорғайтын сауыттаршарайнадулыға, қол-аяқты қорғайтын қосымша жарақтар жатады. Айбалта — соғыс қаруы. Қазақтар бұл қару түрін 20 ғасырға дейін пайдаланып келді. Айбалтаның басы металдан соғылады, пішіні әртүрлі болып келеді. Балта басының — жалманының жарты Ай сияқты болып дөңгелене соғылуы ай атауына негіз болған. Көне көшпелі халықтардың Айбалталары екі басты немесе балта басының шүйдесі ұзынша келген балға пішінді, әйтпесе істік түрінде болып келген. Қазақ айбалтасының басына күмістен ою-өрнек салынады. Жезайыр. Ертеде шойыннан құйылған, білтемен атылатын, оқпанын сүйеп қойып ататын мосысы бар, үлкен, алысқа ататын көне мылтықтың бір түрі жезайыр аталған. Бұл мылтықтың оқпанын түтек деп атаған, оны сайғақтың мүйізінен жасаған, мосағын тіреп қойып, білтесін тұтатып барып ататын болған.


Қозыжауырын – төрт қырлы, темір масақты, тұлғасы  қозының жауырынына ұқсас етіп жасалған, масағының ұшы қысқа, бірақ үшкір келген жауынгерлік оқтың бір түрі. Қозыжауырын оқтың басқа оқтардан айырмасы сол, негізі жауын жаралап аттан құлату үшін пайдаланған. 

Шешендік сөздердің мазмұнына қарай жіктелуі.

Қазақ тіл білімінің атасы, ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы саясат шешендік сөз, билік шешендік сөз, білімдар шешендік сөз, уағыз шешендік сөз, қошемет шешендік сөз деп бөліп, шешендіксөздердің тақырыптық-мазмұндық топтарын Г.З.Апресяннан жарты ғасыр бұрын анықтама берген.

Шешендік сөздердің идеясы мен мазмұнын арнайы зерттеген Г.З.Апресян төмендегідей классификация ұсынады:

  • Әлеусеттік-саяси мәнді шешендік сөздер;

  • Академиялық шешендік сөздер;

  • Сот ісінде қолданылатын шешендік сөздер;

  • Әлеуметтік тұрмыс-тіршілікте қолданылатын шешендік сөздер;

  • Дін қызметінде қолданылатын шешендік сөздер.

Қазақтың саз аспаптары — ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көнеден келе жатқан мәдени мұралардың бірі. Ертеде саз аспаптарды ағаштан, түрлі өсімдіктерден, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізінен, қылынан және басқа да түрлі заттардан жасаған.

Шертер - екі немесе үш ішекті, саусақпен шертіп ойнайтын аспап. Шертердің шанағы терімен қапталады. Оны көбінесе мал бағатын бақташылар тартатын болған.

Асатаяқ- сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы -110-130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Асатаяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Асатаяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылды.

Домбыра- қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті-шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құралып жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты қуыс мойын, шіңкілдік деп аталатын түрлері де бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.



Дауылпаз- ұрып ойналатын көне музыкалық аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланылған. Аспаптың жасалу құрылысыы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен қапталады. Иыққа асып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында "Тәбльбасс", қырғызда "Доолбас" деп аталады.

Жетіген- қазақ хылқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтсе де, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылған. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айырылған қасіретті қайғысынан туындаған деседі. Бізге "жетіген" деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.

Тапсырма -2. Төменде берілген аспаптардың анықтамасын жазыңдар.

Қылқобыз –

Сазсырнай –

Тұяқтас –

Даңғыра –

Дабыл –

Кепшік –