Файл: Таырыбы Ккеністер Масаты Білімділік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: Көкеністер

Мақсаты:

Білімділік: Көкөністер туралы түсінік беру және сұрақтар қоя отырып толық мәлімет беру, ойларын жүйелеу.

Дамытушылық: Тілін, сөздік қорын, логикалық ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Методикалық әдістер: Ойын-сабақ, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Көрнекіліктер: Көкөністер, себетттер, жыл мезгілдерінің суреттері, суретті қағаздар.


Іс-әрекет сатылары

Мұғалімнің басқару әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-оятушылық

Психологиялық дайындық.

Баламен сәлемдесіп көңіл-күйін сұрау.

-Сәлеметсің бе!

-Қалың қалай?

-Сен бүгін сабаққа кіммен келдің?

-Қане менімен бірге қайтала.

Шаттық шеңбері.

Қанеки, бір-бірімізбен амандасайық!

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық күн!

Армысың, абзал Адам!

Армысың, менің досым!
-Жарайсың,енді орнымызға отырайық.
Педагог сурет арқылы балаға көкөністер туралы түсінік береді.

Баланың қаншалықты білетінін байқау үшін сұрақ қойылады.

- Мынау не?

- Мынау сәбіз

- Мынау алма ма? Жоқ, мынау қартоп.

- Мынау қызанақ па? Иә, мынау қызанақ.




Сәлемдеседі

Жақсы(деп қолмен көрсетуге де болады)

Мұғалім көрсеткен іс-әрекетті қайталайды

Бала жауап береді.



Ұйымдастырушылық-ізденушілік

1-тапсырма: «Кірпі»

Қара, бізге орманнан себеттегі көкөністері бар кірпі келе жатыр екен. Міне бізге келген кезде құлап себетін төгіп алыпты. Кәне, кірпіге көмектесейік.Ал, себеттегі көкөністер қайда өсетін білеміз бе?



Мақсаты'>2-тапсырма: «Түсіне қарай ажырат».

Мақсаты: Баланың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Барысы: Әр түрлі көкөністерді түсіне қарай ажырата отырып, қоянның қорабына салу.


Сергіту сәті

Сары,жасыл,қызыл көк гүлдер,

Бұл недеген көп гүлдер.

Теріп,теріп алайық,

Қонақтарға сыйлайық.
3-тапсырма: «4-ші артық»

Мақсаты: : бейнелі – логикалық ойлау, талдау және жалпылау процестерін зерттеу

Ойын барысы: балаға әр түрлі көкөністер мен жемістер бейнеленген суреттер жинағы ұсынылады. Әрбір суреттегі бейнеленген 4 заттың біреу артық зат болып табылады. Суреттерге зейін қойып қарап, қай заттың артық және неге артық екенін анықтауы қажет. Бірдей заттарды топтастырып, атауы қажет.
Ұсақ қол маторикасын дамыту: Балаға ермексазбен сәбіз бен картоп жасау үйретіледі.


баланың жауабы тыңдалады


Орындайды


Табады.


Бірге жасайды.

Қорытындылау

Өзін-өзі бағалау

  • Қане, тақтаға қарап, қандай көкеністерді көріп тұрғанымызды айтайық.

  • Бүгін, біз қандай көкеністер жайлы айттық?

  • Кел екеуміз көкеністердің атын айтып қорапқа салайық.

  • Жарайсың,Сен бүгін сабаққа жақсы қатыстың!

Осымен біздің сабағымыз аяқталды.

  • Сау бол!




Салады

Сау болыңыз!


Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Көкеністердің пайдасын. Олардың қайда өсетіндігін.

Білуі тиіс: Көкеністерді ажырата біледі.

Игеру: Іс-әрекетті дұрыс орындау ретін