Файл: A жатырлы жктілік, аборт.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 146

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

15 жастағы қыздың шағымдары: 2 аптадан бері жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалады, ал соңғы 2 күн бөлінділер мөлшері көбейді. Етеккірі 13 жастан басталды, қазіргі кезеге дейін реттелмеді. Соңғы етеккір 2,5 ай бұрын басталды. Науқасты тексергенде тері жабындысы боз, жыныс жолдарынан кеткен қан мөлшері көп. Ректалді зерттеу мәліметтері: жатыр көлемі кішкентай, қосолқылары пальпацияланбайды. Диагноз.

A) жатырлық жүктілік, аборт

B) жатыр миомасы

C) ювенилдік жатырдан қан кету

D) жатырдан тыс жүктілік

E) көпіршікті тығын

ANSWER: C

24 жастағы жүкті әйелдің эпигастрий аймағында ауру сезім байқалды. Әйелді тексергенде жүктіліктің 31-32 аптасы анықталды, АҚҚ 150\100 мм с.б. екі жағында, зәрі лай, балтырларында ісік байқалады. Диагноз.

A) жүктіліктің 31-32 аптасы. Гестациялық гипертензия.

B) жүктіліктің 31-32 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі

C) жүктіліктің 31-32 аптасы. Пиелонефрит фонында болған артериалді гипертония

D) жүктіліктің 31-32 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі

E) жүктіліктің 31-32 аптасы. Эклампсия

ANSWER: D

25 жастағы тұрмыс құрмаған әйелдің шағымдары: жыныс жолдарынан аз мөлшерде бөлінділер, жыныстық қатынастан кейін – қанды бөлінділер, оң жақ қабырға доғасының астындағы аймақтағы ауыру сезім, жалпы әлсіздік. Бір айдан бері жаңа жыныстық серіктесімен тұрады. 2 жыл бұрын бір жүктілік болған – аборт жасалған. Гинекологиялық тексеру мәліметтері: қынаптық бөлінділері шырышты, цервикал канал бөлінділері – ірің тәрізді. Жатыр мойынында көлемі кішкентай эктопиясы байқалады. Бимануалді зерттеу: жатыр мойыны ауыру сезімді. Жатыр қосалқылары, оң жақ қабырғаларының асты пальпация кезінде ауырады. Болжам диагноз.

A) жатыр қосалқыларының бейспецификалық қабынуы

B) трихомониаз

C) хламидиоз, гонорея

D) цитомегаловирус, жай ұшық вирусы

E) туберкулездік сальпингит, эндометрит

ANSWER: C

49 жастағы науқас соңғы екі жыл бойы етеккірі ретсіз, сирек келетін болды. 3 аптадан қазіргі мезгілге дейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалды. Болжам диагноз.

A) aденомиоз

B) дисфункционалді жатырдан қан кету

C) эндометридің қатерлі ісігі

D) субмукозды жатыр миомасы

E) жатыр мойынының қатерлі ісігі

ANSWER: B

49 жастағы науқас соңғы екі жыл бойы етеккірі ретсіз, сирек келетін болды. 3 аптадан қазіргі мезгілге дейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалды. Сіздің тактикаңыз.


A) эстрогендермен гемостаз жүргізу

B) жатыр қуысын диагностикалық қыру

C) утеротониктер тағайындау

D) циклдік гормонотерапия

E) прогестиндермен гемостаз жүргізу

ANSWER: B

Босанғаннан 12 тәуліктен кейін әйелдің дене қызуы 380 дейін көтеріліп, қалтырау, сүт бездерінде ауыру сезім пайда болды. 2 тәуліктен кейін дәрігерге көрінді. Жалпы тексеру кезінде бір жақ сүт безінде ауыру сезімді, көлемі 2х3 см. инфильтрат пальпацияланды. Диагноз.

A) іріңді мастит

B) лактостаз

C) сероздық мастит

D) инфильтративтік мастит

E) флегмоноздық мастит

ANSWER: D

Босанғаннан 7 күн өткен соң әйел дене қызуы 380С, әлсіздік, жөтелуіне шағымданып гинекологқа келді. Сүт бездері жұмсақ, емізіктерінде сызаттар байқалмайды. Өкпесінің төменгі аймақтарында тыныс әлсізденген, бірен-сараң сырыл естіледі. Іші жұмсақ, төменгі аймақтарын пальпациялағанда сезімталдық байқалады. Лохиялары – қан аралас, орташа мөлшерде. Дәрігердің тактикасы.

A) емханада зерттеу: жалпы қан анализі, өкпенің рентгенографиясы, қақырығын 3 рет бактериоскопиялық зерттеу

B) антибактериалық терапия

C) клиникалық аурухананың терапевтикалық бөлімшесіне жатқызу

D) перзентханаға жатқызу

E) фтизиатрдың тексеруі қажет

ANSWER: D

Диагностикалық критерийлер: гирсутизм, акне, себорея, алопеция, биохимиялық гиперадрогения, овуляторлы дисфункция, гипергликемия, глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы, ЛГ/ФСГ арақатынасы ˃2,5, ЖТЛП мөлшерінің төмендеуі, ТГ және холестерин мөлшерінің жоғарылауы, УДЗ: аналық безде диаметрі 10 мм дейін 12 және одан көп фолликулалардың анықталуы. Сіздің диагнозыңыз.

A) аналық бездің поликистозды синдромы

B) аналық бездің склерокистозды синдромы

C) идиопатиялық гирсутизм

D) БҮБ қыртысының тума дисфункциясы

E) HAYRAN синдромы

ANSWER: A

Әйел 20 жаста. Жағдай ауыр, адинамия. Дене қызуы 40-410 С, қалтырау. Лимфобездері ұлғайған. Сүт бездері қызарып, қатайып, көлемі үлкейген. Диагноз.

A) іріңді мастит

B) лактостаз

C) сероздық мастит

D) инфильтративтік мастит

E) флегманоздық мастит

ANSWER: E

Әйел 2 апта бойы етеккірің кідіруі, тәңертеңгілікте жүрек айну, ішінің төменіндегі ауыру сезіміне (көбіне сол жағында) шағымданады. Дәрігер арнайы гинекологиялық зерттеу жүргізіп, УДЗ-дан кейін «Үдемелі жатырдан тыс жүктілік» деген диагноз қойды. Диагнозы дәлелдеу үшін қандай қосымша зерттеу жүргізу керек.

A) eкінші рет УДЗ жүргізу

B) бірнеше рет УДЗ жүргізу

C) АХГ тексеру

D) АХГ деңгейінің өзгерісін анықтау



E) стационарға диагностикалық лапароскопияға бағыттау

ANSWER: D

Қайта жүкті әйелдің осы жүктілігінің 28 аптасында балтыр және ішінде ісік пайда болды. АҚҚ – 160/110 мм с.б., 170/110 мм с.б., зәрінде 3,0г/л протеинурия. Диагноз.

A) бүйрек ауру фонындағы артериалді гипертензия

B) преэклампсияның жеңіл дәрежесі

C) гипертония ауруының фонындаға преэклампсияның ауыр дәрежесі

D) преэклампсияның ауыр дәрежесі

E) гестациялық гипертензия

ANSWER: D

Қайта жүкті әйелдің осы жүктілігінің 28 аптасында балтыр және ішінде ісік пайда болды. АҚҚ – 160/110 мм с.б., 170/110 мм с.б., зәрінде 3,0г/л протеинурия. Әйелдер консультациясындағы дәрігердің тактикасы.

A) антигипертензивті терапия жүргізу

B) магнезияның бастаушы дозасын енгізіп, перзентханаға жеткізу

C) диуретик тағайындау

D) магнезиалді терапия жүргізіп емдеу

E) күндізгі стационарда емдеу

ANSWER: B

Науқасты қынаптық тексеру кезінде жатырдың артқы маңайында түзіліс пальпацияланды. Анамнезінен: ауырғанына 1 ай болды – аборттан кейін дене қызуы көтеріліп, қалтырау байқалады. Дәрігерге қаралған жоқ. Соңғы аптада ауру сезім тік ішегінде пайда болды. Диагноз.

A) cозылмалы сальпингит

B) жатырдан тыс жүктілік

C) параметрит

D) ұрық жұмыртқасының қалдықтары

E) созылмалы аднексит

ANSWER: C

Науқасты тексергенде келесі өзгерістер байқалды: қынап бөлінділерінің рН 4,5 жоғары, шырышты қабатының гиперемиясы, аминді тест -оң, микроскопиялық зерттеу кезінде жағындыдан "кілттік жасушалар" байқалды. Диагноз.

A) бактериялық вагиноз

B) бейспецификалық вагинит

C) кандидозды вульвовагинит

D) трихомонадты вульвовагинит

E) қынапқа түскен бөтен заттан болған вагинит

ANSWER: A

Шағымы: вульва аймағындағы түзіліс, жыныстық қатынас кезіндегі ауырсыну жіне дискомфорт сезімі. Гинекологиялық тексеруде: вульва аймағында беті тегіс түзіліс, гиперемия, ісік, флюктуация анықталмайды. Сіздің диагнозыңыз.

A) вульва гематомасы

B) бартолин безі кистасы

C) үлкен жыныс еріндерінің фурункулезі

D) парауретральды киста

E) бартолинит

ANSWER: B

Шағымы: етеккірдің ауырсынып келуі, етеккір алдында іштің кебуі, ісіну, көңіл күйдің өзгеруі, қынаптық тексеруде еш өзгеріс жоқ. УДЗ де қалыпты. МРТ нәтижесі қалыпты. Сіздің диагнозыңыз.

A) дисменорея


B) эндометриоз

C) жатыр миомасы

D) жатырішілік синехия

E) созылмалы сальпингоофорит

ANSWER: A

Шағымы жыныс мүшелерінің қышуы, күдіру сезімі, жыныс жолдарынан бөліністің бөлінуі. Кольпоскопияда: вульва және қынап шырышты қабатының тегістелуі, жұқаруы, контактылы қан кету, вульва және қынап эпителиінің жұқаруы, Шиллер сынамасында біркелкі емес боялуы. Қынаптық бөліндіні цитологиялық зерттеуде базальды және парабазалды қабат жасушаларының анықталуы. Сіздің диагнозыңыз.

A) атрофиялық вульвовагинит

B) бактериялық вагиноз

C) трихомонадты вульвовагинит

D) кандидозды вульвовагинит

E) жедел бартолинит

ANSWER: A

Шағымы: іштің төменгі жағында күшті ауырсыну, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, дизуриялық бұзылыстар, іштің кебуі, жыныс жолдарынан патологиялық бөліністің бөлінуі. Анамнезінде: созылмалы сальпингоофорит, 4 жылдан бері ЖІЗ қолданады. Тексеруде: ішастар тітіркену белгісі оң мәнді. Қынаптық тексеруде: жатыр қосалқылары ұлғайған, ауырсынады. ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. БҚА: С реактивті белок оң мәнді. ЖЗА: өзгеріс жоқ. Жүктілікті анықтауға арналған тест теріс мәнді. УДЗ нәтижесі: жатыр артқы кеңістігінде бос сұйықтық анықталады, жатыр қосалқылары ұлғайған, жыныс жолдарынан патологиялық бөліністер. Сіздің диагнозыңыз.

A) жедел аппендицит

B) хирургиялық перитонит

C) жатырдан тыс жүктілік

D) аналық без кистасының бұралуы

E) жедел сальпингоофорит

ANSWER: E

21 ж., алғаш босанушы әйел. Акушерлік тексеру кезінде тар жамбастың бірінші дәрежесі анықталды. Бұл әйел қандай қауіп-қатер тобына кіреді:

A) жеңіл (бірінші)

B) орташа (екінші)

C) ауыр (үшінші)

D) барлық топқа жатады

E) ешқандай топқа жатпайды

ANSWER: B

22 ж., қайта жүкті, алғаш босанушы әйел. Бірінші жүктілігі асқынбаған медициналық түсікпен аяқталды. Бұл әйел қандай қауіп - қатер тобына кіреді:

A) жеңіл (бірінші)

B) орташа (екінші)

C) ауыр (үшінші)

D) барлық топқа жатады

E) ешқандай топқа жатпайды

ANSWER: A

29 ж., қайта жүкті әйелде қан айналым бұзылысымен жүрек ақауы бар, бұл әйел қандай қауіп-қатер тобына кіреді:

A) жеңіл (бірінші)

B) орташа (екінші)

C) ауыр (үшінші)

D) барлық топқа жатады

E) ешқандай топқа жатпайды

ANSWER: C

30 жастағы науқасқа екi жақты пиосальпинкс жөнiндегi операцияның көлемi

A) қосалқыларының екеуiн де алып тастау


B) жатыр тұтiктерiнiң екеуiнде алып тастау

C) жатырды тұтiктерiмен бiрге қынап ұстiлiк ампутациялау

D) жатырды қосалқылармен бiрге экстирпациялау

E) жатырды қосалқыларымен бiрге қынап ұстiлiк ампутациялау

ANSWER: B

34 жастағы науқас, етеккір циклі овуляторлы, бірақ етеккірге 1-2-3 күн қалғанда тот басқан-қанды түсті бөлінділер байқалады. Етеккір бұзылысының түрі.

A) метроррагия

B) меноррагия

C) қалыпты етеккір циклі

D) гипоменорея

E) дисменорея

ANSWER: B

42 жастағы науқасқа дисфункционалды жатырдан қанктеу себебінен хирургиялық гемостаз жүргізілді. Гистологиялық зерттеу мәліметі: эндометрий гиперплазиясы. Әрі қарай қандай ем тағайындау керек.

A) эстрогендер

B) ҚОК

C) гестагендер

D) дексаметазон

E) утеротониктер

ANSWER: C

49 жастағы науқас соңғы екі жыл бойы етеккірі ретсіз, сирек келетін болды. 3 аптадан қазіргі мезгілге дейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалды. Сіздің тактикаңыз.

A) эстрогендермен гемостаз жүргізу

B) жатыр қуысын диагностикалық қыру

C) утеротониктер тағайындау

D) циклдік гормонотерапия

E) прогестиндермен гемостаз жүргізу

ANSWER: B

Айнамен қарағанда, эндоцервицит диагнозы келесi көрiнiсiнде қойылады

A) асбестке ұқсайтын, әр тұрлi көлемдегi ақ дақтар

B) дұрыс емес пiшiндi, шеттерi айқын жырымдалған (подрытыми), түбi ашық-ары тұстi жара

C) етеккiр циклының кұнiне байланысты өзгерiп тұратын көздер түрiндегi қызыл түстi аймақ

D) бетi бархатты, қызыл түстi аймақ

E) гиперемия, цервикалды каналдың iсiнуi

ANSWER: E

Акушерлік стационарда госпитальды инфекцияның алдын – алу үшін қажет:

A) бөлмелердің циклдік дезинфекциясын жүргіз

B) УФ шамын дұрыс қолдану

C) бір реттік сүлгілерімен сұйық сабынды қолдану

D) қызметкерлер мен келушілердің сырт киімімен аяқ киімін ауыстыру

E) қалпақ пен маскаларды қолдану

ANSWER: C


Альгодисменорея дегенiмiз не?

A) ауырсынумен жүретiн етеккiр

B) етеккiрдiң ұзақ болуы

C) етеккiрдiң болмауы

D) етеккiрдiң аз болуы

E) етеккірдің тоқтауы

ANSWER: A

Аменореяның жатырлық түрi:.

A) жатыр iшiлiк синехиялар

B) Шихан синдромы

C) Штейн-Левенталь синдромы

D) қыздықтың бiтелуi

E) соғыс кезiндегi аменорея

ANSWER: A

Ана қанындағы эмбрионспецификалық белоктар концентрациясы анықталатын пренаталды скрининг қалай аталады.

A) цитогенетикалық скрининг

B) УД скрининг

C) молекулярлы скрининг

D) иммунологиялық скрининг