Файл: Нра толы, глге толы жыр кктем.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Нұрға толы, гүлге толы – жыр көктем

Зал іші мерекеге сай безендірілген.

(Балалар екі жаққа бөлініп отырады.)

Тәрбиеші:

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)

  • Дұрыс айтасыңдар. Көктем мезгілінің алғашқы мерекесі – Аналар мерекесі. Балалар бүгінгі мерекеге аналарымыз қонаққа келіпті. Онда неге отырмыз, аналарымзға өнерімізді көрсетейік.

(Балаларды ортаға жарты шеңберге тұрғызамыз)

Тәрбиеші:

Сәлеметсіздерме қадірлі де құрметті қонақтар,аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай, сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған  «Ұлан» кіші тобының бүлдіршіндерінің дайындаған Нұрға толы, гүлге толы – жыр көктем атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Балалар менің қолымдағы суреттерге қараңдаршы. (Отбасы суретін көрсету)

  • Бұл кім? ( Әке, ана, аға, апай)

Жақсы балалар ендеше аналарға арналған жыр-шумақтарымзды айтып берейік.

Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз. (Хор)

Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім,
Қартаймайшы анашым (хор)

  • Жақсы балалар. Біз топта немен ойнағанды жақсы көреміз? (Доп)

Ендеше балалар аналарымзға «Доп» әнімізді, би қимылдарымен көрсетейік.

Сергіту сәті : «Доп»

  • Балалар әжемізге жыр-шумағымызды арнайықшы.

Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Біздің үйдің бәріне.( Хор)

  • Балалар Көктем мезгілі келгенде жерден жасыл шөптер, әдемі гүлдер, айналамыздың бәрі жаңарады екен. Қазір сендермен «Гүл жинайық» ойынын ойнаймыз. (Гүлдердің түсін сұрау, екі себетке бөліп салдырту)


Аспаптық шығарма

«Сылдырмақ пен тұяқ»

 Тәрбиеші:

Аналар қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңда.
Осымен кешімізді аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа- дей отырып бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз аман болсын! Құрметті аналар, әжелер, әріптестер сіздерді «Ұлан» тобының бүлдіршіндері шын жүректен құттықтайды. Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүрің деп балалардың сыйлықтарын қабыл алыңыздар. («Анашым, анажаным» әуені ойнап тұрады)

(Балалар орындыққа отырады)

«Көктем» биі

Баян Байғожина атындағы бөбекжайы

Нұрға толы, гүлге толы – жыр көктем

(8 – наурыз арналған ертеңгілік)

«Ұлан» кіші тобы

2022-2023 оқу жыл