Файл: Магистрлік диссертацияныжобаны рсімдеуге ойылатын талаптар.docx
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 26
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Магистрлік диссертацияны/жобаны рәсімдеуге қойылатын талаптар
Магистрлік диссертация / жоба А4 пішіміндегі ақ қағаз парағының бір жағында бір интервалмен, Times New Roman қарпімен 14 шрифтпен орындалуы тиіс. Магистрлік диссертацияның көлемі 70-80 бетті құрауы тиіс. Магистрлік жобаның көлемі – кемінде 40-50 бет.
Магистрлікдиссертацияның/жобаның мәтінін жиектердің келесі өлшемдерін сақтай отырып басу керек: сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, төменгі жағы − 20 мм. Бірінші жол шегінісі (отступ) 1,0 см тең болады.
Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтерінің «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Негізгі бөлім», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», «Қосымшалар» және т.б. атаулары магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтерінің тақырыптары болып табылады.
Магистрлік жобаның құрылымдық элементтерінің «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Белгілер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Әдебиеттерге шолу», «Зерттеу әдістері», «Зерттеу нәтижелері және талдау», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», «Қосымшалар» және т.б. атаулары магистрлік жобаның құрылымдық элементтерінің тақырыптары болып табылады.
Магистрлік диссертацияның/жобаның әрбір тарауы мен бөлімдері аяқталған ақпараттан тұруы қажет. Тараулардың атаулары магистрлік диссертацияның/жобаның тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімдердің (параграфтардың) атаулары сәйкес тараудың тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.
Тараулар мен оны құрайтын бөлімдердің (параграфтардың) атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.
Тараулар мен оны құрайтын бөлімдер (параграфтар) азат жолдан (абзацтан) кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай жазылуы қажет. Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.
Магистрлік диссертацияның/жобаның беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.
Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.
Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер магистрлік диссертацияның/жобаныңбеттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады.
Магистрлік диссертацияның/жобаныңтараулары абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлерімен басталуы тиіс. Бөлімдер тараулар аясында нөмірленуі қажет. Бөлім нөмірі, нүктемен бөлінген тарау мен оны құраушы бөлім нөмірлерінен тұрады. Бөлім нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Тарау екі немесе одан көп бөлімдерден тұрады.
Мысалы
1 (теориялық; талдау шолуы, т.б.)
Құжаттың бірінші тарауындағы бөлімдердің (параграфтардың) нөмірленуі
1.1
1.2
1.3
2 (әдістемелік; жасалынған немесе ұсынылған моделдерді негіздеу, т.б.)
Құжаттың екінші тарауындағы бөлімдердің (параграфтардың) нөмірленуі
2.1
2.2
2.3
3 (практикалық жүзеге асырылуы; техника-технологиялық; экономикалық, т.б.)
Құжаттың үшінші тарауындағы бөлімдердің (параграфтардың) нөмірленуі
3.1
ББ ерекшеліктеріне қарай магистрлік диссертация/жоба екі не оданда көп бөлімнен тұруы мүмкін.
Магистрлік диссертацияның/жобаның әр тарауы жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір тараудың ішіндегі бөлімдербір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.
Магистрлік диссертация/жобадағы иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) ескертілген мәтіннен кейін немесе келесі беттерде орналасуы керек. Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.
Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс. Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс.
Иллюстрацияларды бөлімдер шеңберінде (ішінде) нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 1.1.
Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін мәліметтері болуы мүмкін. Сурет астындағы мәтін, бұл жағдайда былай жазылады (ортада):
Сурет 1 - Банк жүйесінің құрылымы.
Сурет 1 - Инновациялық оқыту технологиясының даму тенденциясы
Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде жақшаға «2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, басынан аяғына дейін ал бөлім бойынша нөмірлеуде «1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс.
Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «Кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек.
Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады.
Барлық кестелерге магистрлік диссертация/жобада сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.
Көп жол мөлшердегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазыладыжәне кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1-кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды. Бірінші жағдайда былай жазылады (сол жағында):
Кесте 1 - Дәстүрлі және инновациялы білім беру мекемелерін салыстыру сипаттамалары
Екінші немесе кесте жалғасында былай жазылады:
1-кестенің жалғасы
Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.
Егер де кестенің әр түрлі жолдарындағы қайталанатын (графаларда) мәтін бір сөзден тұрса, онда ол бірінші жазылғаннан соң, тырнақшамен ауыстырылады; егер екі немесе көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сөзімен ауыстырады, әрі қарай - тырнақшалармен. Қайталанып тұрған сандардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға болмайды. Егер әріптік және былайғы мәліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.
Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер арап сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.
Бөлімдер ішіндегі кестелерді нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.
Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.
Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі.
Графалардың аты, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған жағдайда графалардың атын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс.
«Ескерту» сөзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс.
Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материалдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, магистрлік диссертация/жобаға ескерту енгізіледі.
Ескертуді ескерту қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер арап сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.
Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (Х), бөлу (:), немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.
Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек.
Магистрлік диссертация/жобадағы формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, арап сандарымен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.
Мәтіндегі өрнектердің реттік нөміріне сілтеме жақшаға алынып жасалады. Мысалы – (1) формулада.
Бөлімді құрайтын тақырып шегінде (ішіндегі) формулаларды нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда формула нөмірлері нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірлері мен формулалардың реттік нөмірінен тұрады, мысалы (3.1).
Пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (тік) жақшаға алынады: [5, 7]. Пайдаланған дерек көздеріндегі сілтемелер нақты, өзгеріссіз берілсе, онда беттері көрсетіледі. Әдебиеттерге сілтемелер былайша жазылады: казақ тіліндегі: [10, Б. 5-10; 11, 90 б.], [25, Б. 30-35], орыс тіліндегі: [10, С. 5-10; 11, 90 с.], [25, C. 30-35]; ағылшын тіліндегі: [10, P. 5-10; 11, 90 p.], [25, P. 30-35].
Дерек көздері туралы мәлімет магистрлік диссертация/жоба мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және абзацтан кейін арап сандарымен нүктесіз нөмірленеді.
Қосымшалар осы магистрлік диссертация/жобаның жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.
Магистрлік диссертация/жобаның мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.
Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс. Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриялы түрде бас әріппен жазылады. Егер магистрлік диссертация/жоба бір қосымшадан тұрса, онда белгілемей жіберіледі.
Қосымшалардың магистрлік диссертацияның/жобаның қалған бөлімдерімен басынан басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс.