ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Математика Сынып: 6 | Мектеп: | ||||||
Күні: 6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | | |||||
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты | 6.2.2.2 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; 6.2.2.3 бір айнымалысы бар теңдеулерді шешу | ||||||
Сабақ мақсаттары | Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге берілген есептерді шығара біледі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуге берілген күрделі деңгейдегі есептерді шығара алады. Мәтіндік есептерді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу құру арқылы шығара алады. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: Математика тілінде сөйлеу қабілетін қалыптастыру. Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Теңдеу, айнымалы, теңдік, Сыныптағы диалог (жазылым үшін сай келетін тіл стилі): Деңгейлік тапсырмалар орындау. Суреттермен жұмыс. Талқылауға арналған сұрақтар: - Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды? - Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады ? - Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер? | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды ынтымақтастыққа,шапшандыққа тәрбиелеу. Рухани жаңғыру. Ұлттық құндылықтарды сақтау. Мәңгілік Ел- жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. | ||||||
Пән аралық байланыстар | Информатика, бейнелеу өнері | ||||||
Бастапқы білім | Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы білетін болады және есептерді шығара алады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтыңжоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | (Т.Ж.) Психологиялық ахуал: Шаттық шеңберін құру арқылы өлең шумақтарын қайталай отырып жағымды психологиялық және ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын -Балалар сендер сабаққа қандай мақсатпен келесіңдер? Мақсатымыз – білім алу Міндетіміз – еңбектену Еңбек етіп жұмыла Беске қолды жеткізу. (Т) Оқу құралдары арқылы топқа бөлу. (өшіргіш, қалам, қарындаш т.б.)
1-топ. «Көк» 2-топ. «Жасыл» 3-топ. «Қызыл» 4-топ. «Сары» (МК) «Миға шабуыл» әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтарға шолу жасай отырып жаңа сабақпен байланыстырамын. Тапсырма: 1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не? 2. Теңдеулердің 1-ші қасиетін айт. 3. Теңдеулердің 2-ші қасиетін айт. 4. Мәндес теңдеу дегеніміз не? Қ.Б «Қолмен белгі беру » әдісі арқылы бағалаймын | Шаттық шеңбері Түрлі-түсті А4 қағазы | |||||
Сабақ ортасы | (Т) «Аялдама» әдісі арқылы есептер шығару. Дәптермен жұмыс Мақсат:Шарт бойынша өрнек құрастыру дағдысын қалыптастырамын. І топ: № 880. Тапсырма: Бірінші жүйектегі бүлдірген түптерінің саны екінші жүйектегі бүлдірген түптерінің санынан 2, 5 есе артық. Бірінші жүйектен 12 түп бүлдіргенді алып, екінші жүйекке отырғызғанда, екі жүйектегі бүлдірген түптерінің саны бірдей болды. Алғашқыда екінші жүйекте неше түп бүлдірген болды? 2, 5x – 12 = x + 12 2. 5x – x = 12 + 12 1. 5x = 24 x = 16 2,5х=2,5*16=40 2,5х+х=40+16=56 Ж: Алғашқыда ІІ жүйекте 16 түп бүлдірген болған. ІІ топ: № 881 Алғашқыда екі кітап сөресіндегі кітаптар саны бірдей болды. 18 кітапты бірінші сөреден алып, екінші сөреге қойғанда, ондағы кітап саны бірінші сөредегі кітап санынан 3 есе артық болды. Алғашқыда кітап сөресінің әрқайсысында неше кітап болды? х - кітап саны (x - 18)*3=x+18 3x - 54=x+18 2x=72 x=36; Ж: Алғашқыда кітап сөресінің әрқайсысында 36 кітап болды. ІІІ топ: №882 Екі санның қосындысы 348-ге тең,Бірінші санның 80%-і екінші саннан 6-ға кем бірінші санды табындар. x+y=348 0.8x+6=y x+0.8x+6=348 1.8x=342 x=190 Бірінші сан: 190 ІV топ: №884 Дүкенге әрқайсысы 1,5-кг нан және 1,8-кг нан барлығы 11 орам өрік әкелінді.1,5-кг нан оралғанбарлық өріктің 1,8 -кг нан оралңан барлық өріктің массасына тең. Дүкенге әрқайсысы 1,5-кг нан неше орам өрік әкелінді х-әкелінген 1,5 кг-дық орам саны (11-x)-1.8кг-дық орам 1,5x =1.8*(11-x) 1,5х=19,8-1,8х 1,5х+1,8х=19,8 3.3x =19.8 x =19.8:3.3 x =6; Ж: Дүкенге әрқайсысы 1,5кг-нан 6 орам өрік әкелінді. Дескриптор: Білім алушы - есептің шартына сәйкес өрнек құрады; - есептеуді жүргізеді; - жауабын табады. ҚБ Көңіл-күй смайликтері арқылы бағалаймын. (Ж) «Іріктеу» әдісімен теңдеудің натурал сан түбірін табуды орындау. №873 есеп. Мақсаты: Теңдеудің натурал сан түбірін табу дағдысын қалыптастырамын. Тапсырма: 1) х(х+3)=10 х=2 2(2+3)=10 2) х(х-1)=42 х=7 7(7-1)=42 3) (х+7)х=18 х=2 (2+7)2=18 4) (х-9)х=36 х=12 (12-9)12=36 Дескриптор: Білім алушы - х айнымалысына берілген натурал санды қолданады; - теңдеудің түбірін табады; ҚБ «Жүрекше» әдісімен бағалаймын Сергіту сәті: Тәулiк бойы тынбайтын, Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды) Астан-кестен жауатын Өткiншi ендi бiз жаңбыр (Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi) (С) «Ой толғаныс» әдісі арқылы деңгейлік тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар таратылады Мақсаты: Теңдеудің түбірін табу дағдысын үйренеді. Деңгейлік тапсырмалар. І деңгей. №862. Теңдеудің түбірін табыңдар: 7х-(3+2х)=х+9 7х-3-2х=х+9 5х-х=9+3 4х=12 х=3 ІІ деңгей. №877. Теңдеуді шешіңдер: 9(3х-7)+3(8х-11)=3(9х+8) 27х-63+24х-33=27х+24 27х+24х-27х=24+63+33 24х=120 х=5 ІІІ деңгей. №895. Теңдеуді шешіңдер: ) 10-у+6у+16=3у+18 -у+6у-3у=18-10-16 2у=-8 у=-4 Дескриптор: Білім алушы - теңдеулерді шешу әдісін анықтайды; - теңдеудің түбірлерін табады; - есептің жауабын жазады. (ҚБ) Стикермен бағалаймын | | |||||
Сабақтыңсоңы | Рефлексия Оқушылар «Кеме» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты желкенді жасыл, сары, қызыл түске бояу арқылы орындайды.. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын береді. Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінеді деп ойлаймын. | | |||||
Дифференциация Қабілеті жоғары оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге байланысты түрлі тәжірибелер жасау. | Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Берілген тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалаймын. Оқушылардың деңгейлік тапсырмаларды орындауда проблемаларды шешу жолдарын дұрыс қарастырылуын бақылап отырамын. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және оқудағы қиындықтарды анықтап түрлі проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
арқылы бағалаймын.
арқылы бағалаймын.
бағалаймын.
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |