Файл: ысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы 1 Роботты сызы бойымен озалысы. 7саба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: 4.1 Роботтың сызық бойымен қозғалысы.

7-сабақ.

Бөлім:

4-бөлім: Роботтардың жарысы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

4.1 Роботтың сызық бойымен қозғалысы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.3.3.3 робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигін қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

  • роботтың сызық бойымен қозғалысының талаптарын анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • роботтың сызық бойымен қозғалысының талаптарын салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • роботтың сызық бойымен қозғалысын жасаудың маңыздылығын сипаттайды.



Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды.Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

  • Автокөліктер арасында өтетін қандай жарыстарды білесіңдер?

  • Автокөліктер және роботтар арасында өтетін жарыстардың

қандай ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айта аласыңдар?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.



Жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.

Оқулықпен жұмыс

Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім оларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).

Дескриптор: Жалпы -2 балл.

-мәтінді оқиды.

-талқылайды.








Топтық жұмыс

Бір түс датчигі және екі түс датчигі бар роботтардың программасын талдап, салыстырыңдар. Салыстыру барысында төмендегі сұрақтарға жауап іздеңдер:

  • Олардың жылдамдықтарында, жүріп өту дәлдігінде қандай айырмашылықтар бар?

Қайсысын жарыста қолданған тиімді?


Дескриптор: Жалпы -2балл.

  • түс датчигін анықтайды;

  • түс датчиктерін салыстырады.

-сұрақтара жауап береді.

ДК




Жұптық жұмыс

Жоғарыда танысқан робот программаларының бірінің жұмыс тиімділігін арттыратын, яғни жарыс кезінде қара сызықтан жылдам өтуін арттыратын немесе өту барысында қара сызықтан шығып кету сияқты қателіктерді азайтуға бағытталған өзгерістерді ұсыныңдар.

Тапсырманы мұғалімнің көмегімен дұрыс орындайды.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- роботтың сызық бойымен қозғалысын анықтайды;

  • робот жұмысын жақсарту жолын қарастырады.




Оқулық, жұмыс дәптері




Кестемен жұмыс жасатады.

Роботтың сызық бойымен жарысының негізгі талаптары

Жарыс өтетін алаңға қойылатын талаптар

Роботқа қойылатын талаптар









Дескриптор: 3 балл.

  • роботтың сызық бойымен жарысының талаптарын анықтайды;

  • жарыс өтетін алаңға қойылатын талаптарды анықтайды;

роботқа қойылатын талаптарды анықтайды.


Оқулық, жұмыс дәптері


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.




Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2: