Файл: за мерзімді жоспар блімі 10. 1 A функция, асиеттері жне графигі (13 саат).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары №3

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

10.1 A Функция, қасиеттері және графигі (13 сағат)


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:


Функция графиктерін түрлендіру. Параллель көшіру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.4.1.2 функция графиктерін түрлендіруді орындай алу ( параллель көшіру)

Сабақ мақсаттары

- функцияның графигін координаталар осьтері бойымен параллель көшіру түрлендіруін берілген функцияға қолдану машығын қалыптастыру;

- қарастырылатын есепке мақсат қою, оның орындалу шарттарын нақтылау, сызба жұмысын дұрыс жүргізу;

- есеп шығаруда кездесетін қателіктерді жою және тиімді тәсілмен шығару жолдарын таба білуге үйрету;

Жетістік критерийлері

  • Берілген функцияның графигін түрлендірулерді қандай түрін қолдану қажеттігін айыра алады.

  • Функцияның графигін координаталар осі бойымен параллель көшіру арқылы сала біледі;

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар: функция графиктерін түрлендіруді орындай алу ( параллель көшіру) анықтамасын түсінеді және ауызша/жазбаша оның өмірдегі кейбір қолданыстарын біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Функция, анықталу облысы, мәндер облысы, функция графигі, параллель көшіру, сығу, созу.

Құндылықтарды дарыту


Құндылықтар:

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, әсіресе жұппен жұмыс істегенге қатысты, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысады.

Жұптық жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренді. Тапсырмаларды орындағанда академиялық әділдік принциптеріне сүйенеді. Экономия мен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Сызу

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану

Бастапқы білім

Функция және оның берілу тәсілдері





Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

2 минут




Ұйымдастыру кезеңі:

1.Амандасу, сыныпты түгендеу.

2. Үй тапсырмаларының дәптерлерін жинау.

3. Сабақ тақырыбымен таныстыру (Сабақ тақырыбымен байланыстыра отырып, оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатының қандай болатыны туралы ойлауды ұсыну және оны жалпы сыныппен қорытындылау)

Психологиялық сәт.

Ертеде елге танылған атағы дүйім жұртқа белгілі данышпан,

ақылгөй өмір сүріпті.

Оны көре алмаған бір қатігез кісі елге күлкі қылмақ ниетпен амал ойлап тапты. Көгалдан бір көбелек ұстап оны данышпанға апарып, қолымдағы зат тірі ме, өлі ме?- деп сұрайды. Егер өлі десе ұшырып жіберемін, ал тірі десе сәл мыжып өлтіре салайын деп ойлайды. Осы оймен данышпанның алдына келгенде, данышпан оған ойланып қарап тұрып: «Бәрі де өз қолыңда»,- деген екен. Ендеше бүгінгі сабақта жетістікке жету де сендердің өз қолдарыңда. Олай болса бәріңе сәттілік тілеймін!!!

Слайд 1

Слайд 2

Сабақтың ортасы

30 минут


Жаңа сабақ:

  1. Функция тақырыбына байланысты қайталау .

Мақсаты: Оқушылардың осыған дейінгі өткен функциялар туралы не білетінін байқау және сабаққа қажетті мәліметтерді еске түсіру. (Мынадай сұрақтар қоюға болады: 1) Негізгі мектеп курсынан қандай функцияларды білесіздер? 2) Олардың графиктері қалай аталады? 3) Әрбір функцияның анықталу облысы және мәндер жиыны туралы қысқаша қайталау. )

(Қосымша №1)

  1. Өткен білімдеріне сүйене отырып, осы функцияларға қарапайым түрлендірулер қолдану. (Оқушыларға презентацияда функцияның графигінің түрлендіруін көрсету және оны жұпта талқылауды ұсыну. (Қосымша №2)

Мақсаты: Жазықтықта берілген функцияның қандай функцияның графигінен қандай түрлендіру арқылы алынғанын өткен білімдеріне сүйене отырып, айтуға жетелеу.

  1. Топтық жұмыс. (Презентацияда көрсету арқылы бірнеше мысалдарды талдау.)

Мақсаты: Топпен алдыңғы мысалдың қорытындысына сүйене отырып, басқа функциялардың түрлендіруі туралы айтуларын ұйымдастыру.

  1. Қорытынды жасау. (Оқушыларға өз ойларын айтуды ұсыну және оны басқа оқушыларға толықтыруға мүмкіндік беру. (Қосымша № 3)

Мақсаты: Оқушылардың бірін-бірі тыңдай білу дағдысын қалыптастыру және олардың өз ойларын айта білулеріне мүмкіндік беру.

  1. Параллель көшіру түрлендіруінің формуласымен және оны графикті салуда қалай қолдануын көрсетіп жаңа тақырыпты қорытындылау. ( Қосымша №4)

  2. Жұптық жұмыс. Қосымша №5.

Мақсаты: Түрлендірудің қасиетін қолдана отырып, графиктерді бірлесе салу. (Бірінің түсінбегенін екінші түсіндіретіндей етіп жұптар құрастыру.)

Өзара бағалау: Жұптар арасында салыстыра отырып, тексеру және қателерін таба білу.

  1. Жеке жұмыс. (Қосымша №6)

Мақсаты: Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру және келесі сабақта қандай жұмыстар жасау қажеттігін жоспарлау.

Бағалау: Өзін-өзі бағалау және мұғалімнің кейбір оқушыларды қосымша тексеру арқылы бағалауы.


Слайд 3-11


Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма:

1) Функцияларды қайталау.

2) Қосымша №7-де берілген есептерді шығару.

Рефлексия:

Мақсаты: Бүгінгі сабақтағы өз жұмысына қорытынды жасап, бағалау.

Сөйлемдерді аяқтаңдар:

  • бүгін сабақта мен қайталадым ...

  • бүгінгі сабақта мен білімімді толықтырдым ...

  • қандай жұмыстар қиыншылықтар тудырып, қайталауды қажет етеді ...

  • мен қандай біліміме сенімдімін ...

  • нені басшылыққа алып жұмыс істеуім керек ...







Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырмаларды орындау барысында саралау жүзеге асырылады. Тапсырмалар оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне, дайындық деңгейіне байланысты таңдалып алынды.Оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру формалары: топпен, жұппен жұмыс түрлеріне сай ұсынылды. Қабілеті жоғары оқушылар консультант ролін атқарады.




Қауіпсіздік техникасының ережелерінің тармақтары сақталады. Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалады. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әртүрлі формалары қарастырылады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?