Файл: Бізде сіздей боланбызсізде біздей боларсыз атты студенттермен кездесу кеші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 12

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Бізде сіздей болғанбыз-сізде біздей боларсыз»
атты студенттермен кездесу кеші.
Мақсаты: Студент пен оқушы арасындағы байланысты нығайта отырып, сырласу, әр студенттердің қызықты да қиын күндерін тыңдай отырып, оқушыны шыдамдылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру. 
Барысы:
І. Кешті ашу.
ІІ. Таныстыру.
ІІІ. Ойын
ІҮ.Сыр — сұхбат
Ү. Ойын
ҮІ. Тілектер шоғы.
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар және бүгінгі кеш қонақтары – студент жастар!
2-жүргізуші: Студенттер – ақ арман арқалаған,
Жеттіңдер ме ауылға сән қаладан.
Түлеп ұшқан ұяңа қош келіпсіз,
Ыстық мекен, құтты орын, ордаң аман!
1-ж: Студенттер – көкке қанат сермегендер,
Ауылға сағынысып келген еңдер.
Студенттер – кешінде сырласайық,
Болашақтың бастауы сендер еңдер!
2-ж: Студенттер – өмірдің гүл күндері,
Қуанышта аз емес бұл күндері.
Қайғысы да бір басыңа жетіп жатыр,
Ұйқысыз өткен кейде бір түндері.
1-ж: Міне, осындай өмірді кешкен жандар,
Ертеңгі елімізге атар таңдар.
Бірі – дәрігер, бірі – ұстаз, бірі – әнші,
Маман болып бір күні шығарсыңдар.
2-ж: Студенттік өмір біздің де есімізде,
Тым ерекше көрінер өмір көшімізде.
Біз түлеткен аяулы студенттер,
Қош келдіңіз, бүгінгі кешімізге.
(қошемет)
1-ж: Армысыздар, мектебіміздің түлектері,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән шашу, әсем әуен түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
2-ж: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін әншілер ән салады.
Би:

1-ж: Ұстаздардың ұлағатты сөзінен,
Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.
Ұстаздардың мейірімді көзінен,
Бізге деген жылылықты табамыз, — дей отырып, мектеп директоры Дусипова Миргүл апайға сөз кезегін береміз.
1-ж: Балалық, шаттық өмір, думанды кеш,
Түседі естеріңе қызықты кез.
Сағыныш бойды билеп келгендерге,
Мектептің есіктері ашық әр кез.

2-ж: Сол бір кез сәті түскен бүгінгі күн,
Қосыңыз әрқайсыңыз жақсы бір үн.
Сырласып отырайық, ән салайық.
Мауқымыз басылғанша осы бір күн. Келесі кезекті ойынға берейік.
Ойын: «Әріптерден басталатын мамандық».
Шарты: студенттерге әріптер беріледі. Сол әріптерден басталатын мамандықтардың атауларын барынша көбірек жазу керек.

1-ж: Ұрпағы  ұландары текті жердің,
Қашанда болмысыңа сүйсінемін.
Келешек ғалымдар да, даналар да,
Шығады өздеріңнен деп білемін.
2-ж: Бұл кездесу көкейлеріңе,
Жыры мен сырын тұндырсын.
Жаныңнан кетпей әсері ән,
Жадыңда қалсын осы күн! – дей отырып, әнге кезек берейік.
11 сынып оқушылары КВН
1-ж: Біліммен көркейтіп елімізді,
Танытып азаматтық тегіңізді.
Қадірлі қонағымыз, мейманымыз,
Тыңдалық сіздің де ыстық лебіңізді.
«Сыр сұхбат» бөлімі.
2-ж: Қабыл етіп қонақтардың тілегін,
Тілегіңді тұмар етіп жүремін.
Түлектерге ұлағатын қалдырар,
Өздеріңдей болса деймін түлегім.
1-ж: Көрермендер әзіл де бар бойында,
Бір ғажайып қызық бізде ойын бар.
Шақырамыз ортамызға келіңіз,
Атсалысып бұған да ден қойыңыз.
2-ж:Ойын: «Ең нағыз …» ойыны.
Қазір сіздерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады,ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауларыңыз керек.
Ең жасыл мамандық;

Ең тәтті мамандық;

Нағыз ақшалы мамандық;

Ең күлкілі мамандық;

Нағыз бала мамандығы;

Нағыз адамдармен көп араласатын мамандық;

Ең ауыр мамандық;

Ең салмақты мамандық;

 
1-ж:Жастық осы гүлдей болып көрінген,
Өлең жыр боп сірә кетпес көңілден.
Естелік боп қалсын осы күнде бір,
Студенттік қызығы мол өмірден
«Тілектер шоғы».
2-ж:Ұстаздар оқушыға басын иген,
Кей кезде тіпті оған кішірейген.
«Сыйға сый, сыраға -бал» деген сөздің,
Болмас ережесін бұза білген.
Өйткен, ұстаз – ана, ұстаз – дара –
Мамандық ол ерекше, жеке – дара – деп, сөз кезегін ұстаздарға береміз.
Қорытынды:
1-ж:Артта қалды, әттең-ай, балалық шақтың белесі,
Өздеріңмен биік қой елдің еңсесі.
Сүріне көрмеңдер, тағдырдың сан қилы қатал сынынан,
Күтіп тұр алда болашақ өмірдің сойқан күресі!
2-ж:Балалықпен қоштасып, даналыққа беттедің,
Арыңды сақта жасыңнан адалдық болсын серігің.
Арманның шығып шыңына мақсатыңа құлаш ұр,
Өздеріңе тапсырдық туған жердің ертеңін!

2-ж: Осымен студенттермен кездесу кешін ақтаймыз. Келгендеріңізге көп-көп рахмет!