Файл: Нрслтан Назарбаев орыны студенттік шкіртаысын беру ережелері Жалпы ережелер.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының

студенттік шәкіртақысын беру ережелері


  1. Жалпы ережелер


1. Бұл қағидалар жоғары және арнаулы орта (өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі оқу бөліміндегі студенттерінің оқу, ғылыми және шығармашылық қызметін көтермелеу мақсатында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының (бұдан әрі – Қор) студенттік шәкіртақысын беру тәртібін айқындайды.

2. Қордың шәкіртақысы байқау негізінде беріледі және жалпыға бірдей белгіленген шәкіртақылардан бөлек төленеді.

3. Қордың шәкіртақысы дербес, бір оқу жылына белгіленеді әрі маусым, шілде және тамыз айын қоспағанда ай сайын тек оқу кезеңінде (екі семестр) төленеді.

4. Шәкіртақының мөлшерін және санын Қор белгілейді.
2. Байқау іріктеуін өткізу тәртібі
5. Байқау іріктеуін Қор жүргізеді және байқау ережесі веб-сайтта жарияланады.

6. Байқауға Қазақстан Республикасының азаматы әрі төмендегі талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен арнаулы орта (өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі оқу бөліміндегі студенттер қатыса алады:

1) ең кемі оқудың екі курсын сәтті аяқтағандар;

2) әрбір оқу жылындағы академиялық үлгерімі жоғары болғандар (үздік үлгерім);

3) қоғамдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысатындар.

4) республикалық, халықаралық фестивальдар мен байқауларда жетістікке жеткендер («Өнер және мәдениет» бағыты бойынша оқитын студенттер үшін).

Байқауға тиісті талаптарға сай келетін, тегін әрі ақылы негізде оқитын студенттер қатысуға құқылы.

7. Шәкіртақы тағайындау байқауы жыл сайын өткізіледі және екі кезеңнен тұрады:

1) Бірінші кезең жоғары оқу орындарында өздері белгілеген тәртіппен өткізіледі де қордың шәкіртақысына ұсыну үшін үздік студенттер іріктеледі (бұл оқу жылы аяқталғаннан соң екінші кезең басталғанға дейінгі аралықта өткізіледі);

2) Екінші (республикалық) кезең жоғары оқу орындары Қордың шәкіртақысына үміткер ретінде ұсынылған және байқауға қатысуға жіберілген студенттер арасында өткізеді (бұл әдетте шілде-тамыз айларында өткізіледі).

8. Байқау нәтижесі туралы ақпарат Қордың веб-сайтында жарияланады.

Қор шәкіртақысын тағайындау туралы тиісті келісім-шарт жасасу үшін стипендиат оқитын оқу орнының басшылығына жазбаша хабарланады.
3. Өтінім берудің тәртібі
9. Шәкіртақыны алуға үміткерді жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) оқу орындары ұсынады.


10. Екінші (республикалық) кезеңге қатысу үшін 2023 жылдың 08 қыркүйегіне дейін Қорға келесі құжаттарды өткізу қажет:

  1. шәкіртақы алуға үміткердің байқауға қатысуы туралы №1 қосымшаға (жоғары оқу орындары үшін), №2 (өнер және мәдениет оқу орындары үшін) сәйкес жеке өтініші;

  2. факультет кеңесінің төрағасы мен ғылыми хатшының қол қойылған факультеттің ғылыми кеңесі отырысының студентті шәкіртақыға ұсыну туралы хаттамасының көшірмесі;

  3. үміткердің оқу, ғылыми және өзге де жетістіктерін сипаттайтын оқу орнының дәлелді қолдаухаты (кафедра меңгерушісі мен факультет деканының қолы қойылған);

  4. жоғары академиялық үлгерімді растайтын уәкілетті құрылымдық бөлімшенің мөрі басылып, қолы қойылған транскрипт немесе сынақ кітапшасынан үзінді (өнер және мәдениет бағытындағы орта арнаулы оқу орындары үшін);

  5. үміткердің конференцияларға, пәндік олимпиадаларға және байқауларға қатысуы мен жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмесі:

- үміткер жариялаған ғылыми жұмыстардың тізімі (жеке немесе бірлескен авторлықта);

- ғылыми конференциялардың, симпозиумдардың өткен орны мен уақыты көрсетілген баяндамалардың тізімі;

- үміткердің халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалардағы, ғылыми және шығармашылық байқаулардағы жеңісін растайтын құжаттар;

6) жеке куәліктің көшірмесі.

Қорға өткізілетін барлық құжатқа оқу орнының мөрі басылуға тиіс.

Құжаттар тіркелген өтінім нөмірленіп тігіледі және оқу орнының мөрі басылып, бір данасы ұсынылады.

11. Келесі өтінімдер қаралмайды және байқауға қатыстырылмайды:

1) электрондық пошта немесе факсимильді байланыс арқылы жіберілген;

2) байқау шарттарына сәйкес келмейтін;

3) рәсімдеу ережелері сақталмаған;

4) Қор жариялаған құжаттарды қабылдау мерзімінен кейін түскендер.

12. Қор өтінімдерді қабылдамау себебін хабарламайды.

13. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылмайды.

4. Байқау комиссиясының жұмыс және шәкіртақы беру тәртібі
14. Қордың атқарушы директорының бұйрығымен бекітілген, кемінде 5 (бес) адамнан тұратын байқау комиссиясы байқау іріктеуі мен жеңімпаздарды анықтайды.

15. Байқау комиссияның мүшелері ерікті түрде тегін қызмет көрсетеді.



16. Комиссия құрамының кемінде 2/3 бөлігі қатысқан кезде отырыс заңды деп есептеледі.

Байқау қорытындысы бойынша шешімді байқау комиссияның мүшелері көпшіліктің ашық дауыс беруі арқылы қабылдайды және хаттама толтырылады.

Қорытынды хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүше қол қояды және онда өтінімдерді жеңімпаз деп тану туралы шешім (тегі, аты, әкесінің аты және жоғары оқу орнының атауы көрсетіледі) және шәкіртақы беру туралы ұсыным қамтылуға тиіс.

17. Шәкіртақы беру туралы шешімді Қор байқау комиссияның шешімі негізінде қабылдайды. Қордың шешімі қордың атқарушы директорының бұйрығы түрінде рәсімделеді.
5. Байқаудың іріктеу критерийлері
18. Байқау комиссиясы үміткерлерді әңгімелесуге шақыруға, сонымен бірге оқу орнынан үміткер туралы қосымша мәліметтер мен тиісті құжаттарды сұратуға құқылы.

19. Қатысушылар тең дауыс жинаған жағдайда, жетістігін сертификатпен, дипломмен, баяндамамен, мақаламен, сыйлықпен дәлелдегендерге, сонымен қатар, халықтың осал тобына жататын үміткерлерге басымдық беріледі.
6. Шәкіртақыны төлеу тәртібі
20. Шәкіртақы Қор мен стипендиат арасында жасалатын екіжақты келісім негізінде төленеді.

Қордың шәкіртақысын төлеу туралы келісім-шартта жалпы талаптармен қоса, төмендегілер де қарастырылады:

1) байқау комиссияның шешімін көрсету;

2) стипендиат туралы деректер;

3) оқу орнына осы қағиданың 22-тармағында көрсетілген шәкіртақыны төлеуді тоқтатуға әкеп соғатын жағдайдың туындағаны жайлы Қорға уақытылы жазбаша хабарлау міндеттеледі;

4) стипендиаттың қордың стипендиясын алу кезеңінде өзінің оқу, ғылыми, тәжірибелік, шығармашылық және қоғамдық пайдалы қызметі туралы есеп беруі міндеттеледі.

21. Шәкіртақы стипендиаттың құжатта көрсетілген банктік (карточкалық) шотына аударылады.

22. Қордың шәкіртақысы мына жағдайдың бірі болғанда тоқтатылады:

1) оқу мерзімінің аяқталуы;

2) студенттің академиялық демалысқа кетуі;

3) студенттің басқа оқу орнына кетуі (ауысуы), бұған алмасу шеңбері де кіреді;

4) академиялық үлгерім көрсеткішінің төмендеуі (кезекті сессияның қорытындысы бойынша);


5) студенттің оқу орнынан шығарылуы;

6) стипендиат қоғамдық тәртіпті және/немесе оқу тәртібін бұзуға байланысты теріс қылық жасаған жағдайда.

23. Осы қағидалардың 22-тармағының 4)-6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардың болуы студентті Қордың келесі байқауларына қатыстырмауға негіз болып табылады.

1 қосымша

(жоғары оқу орындары үшін)
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының

Байқау комиссиясына

Филология факультетінің аударма ісі

және шетел филологиясы кафедрасының

2 курс студенті Елемесқызы Жангүлім

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

университеті

Елемесқызы Жангүлім

Өтініш
Мені Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысын алуға арналған байқауға қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын. Студенттік шәкіртақыны беру ережесімен таныстым және келісемін.

ЖОО Ғылыми кеңесінің 2023 жылдың «__» _________ шешімімен, мен 2023/2024 оқу жылында Қордың шәкіртақысын алуға арналған байқауға қатысуға ұсынылдым.
Байқау комиссиясына келесі құжаттарды жолдаймын:



  1. Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендиясына Студентті ұсыну туралы факультеттің ғылыми кеңесі отырысының хаттамасынан факультет кеңесінің төрағасы мен ғылыми хатшысының қолымен куәландырылған үзінді көшірме;

  2. үміткердің оқу, ғылыми және өзге де жетістіктерін сипаттайтын оқу орнының дәлелді қолдаухаты (кафедра меңгерушісі мен факультет деканы қол қойған);

3) жоғары академиялық үлгерімді растайтын уәкілетті құрылымдық бөлімшенің мөрі басылып, қолы қойылған транскрипт;

4) менің ғылыми-зерттеу жұмысына қатысқанымды растайтын құжаттар (керегінің астын сызу):

- ғылыми жұмыстардың тізімі (жеке немесе бірлескен авторлықта);

- ғылыми конференциялардың, симпозиумдардың өткен орны мен уақыты көрсетілген баяндамалардың тізімі;

- ғылыми-зерттеу жұмысқа қатысуды растайтын басқа да құжаттар______;

5) халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалардағы, ғылыми және шығармашылық байқаулардағы жеңісін растайтын құжаттар;

6) жеке куәліктің көшірмесі.

күні _____________ қолы __________
Байланыс ақпараты

Үйінің мекен-жайы (пошта индексі) ________________________________________

Ұялы телефон ____________________________________________________________

Кафедраның ж/е ғылыми жетекшінің байланыс телефоны ________________________

e-mail (жеке)______________________________________________________________

e-mail (басшының, ата-ананың және т. б.) __________________________________________
2 қосымша

(өнер және мәдениет оқу орындары үшін)
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының


Байқау комиссиясына

_______факультетінің____кафедрасының

_ курс студенті_______

ЖОО толық атауы

Өтініш берушінің толық аты-жөні

Өтініш
Мені Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысын алуға арналған байқауға қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын. Студенттік шәкіртақыны беру ережесімен таныстым және келісемін.

ЖОО Ғылыми кеңесінің 2023 жылдың «__» _________ шешімімен мен 2023/2024 оқу жылында Қордың шәкіртақысын алуға арналған байқауға қатысуға ұсынылдым.
Байқау комиссиясына келесі құжаттарды жолдаймын:



  1. Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендиясына Студентті ұсыну туралы факультеттің ғылыми кеңесі отырысының хаттамасынан факультет кеңесінің төрағасы мен ғылыми хатшысының қолымен куәландырылған үзінді көшірме;

  2. үміткердің оқу, ғылыми және өзге де жетістіктерін сипаттайтын оқу орнының дәлелді қолдаухаты (кафедра меңгерушісі мен факультет деканы қол қойған);

3) жоғары академиялық үлгерімді растайтын уәкілетті құрылымдық бөлімшенің мөрі басылып, қолы қойылған транскрипт;

4) менің ғылыми-зерттеу жұмысына қатысқанымды растайтын құжаттар (керегінің астын сызу):

- ғылыми жұмыстардың тізімі (жеке немесе бірлескен авторлықта);

- ғылыми конференциялардың, симпозиумдардың өткен орны мен уақыты көрсетілген баяндамалардың тізімі;

- ғылыми-зерттеу жұмысқа қатысуды растайтын басқа да құжаттар______;

5) халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалардағы, ғылыми және шығармашылық байқаулардағы жеңісін растайтын құжаттар;

6) жеке куәліктің көшірмесі.

күні _____________ қолы __________
Байланыс ақпараты

Үйінің мекен-жайы (пошта индексі) ________________________________________

Ұялы телефон ____________________________________________________________

Кафедраның ж/е ғылыми жетекшінің байланыс телефоны ________________________

e-mail (жеке)______________________________________________________________

e-mail (басшының, ата-ананың және т. б.) _______________________________________