ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 132
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Атырау жоғарғы медициналық колледжі
Атырау жоғарғы медициналық колледжінің III курс «Емдеу ісі-Фельдшер»
бөлімінің № 113 топ студенті Кантуреева Ағжан Қуанышқызы
«Ішкі аурулар пропедевтикасы»
пәні бойынша оқу-өндірістік тәжірибесінен өту
туралы күнделік-есеп
Әдістемелік жетекшісі: Галимова Сандуғаш Латифовна
2022
| "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларына 2-қосымша |
Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы __Кантуреева Ағжан Қуанышқызы
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
Р/c № | Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы | Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері | Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы | |
басталуы | аяқталуы | |||
1. | Науқастарды субьективті тексеру | 9:00 10:00 | | |
2. | Кеуде пальпациясы | 10:00 11:00 | | |
3. | Қан қысымын , пульсті , тыныс алу жиілігін анықтау | 11:00 13:00 | |
22.12 күні сағат 9:00-де біздер оқу өндірістік практикадан өтуге Атырау темір жол ауруханасына келдік.Бізді осы аурухананың бас мейірбикесі Айжан Бақтыгереевна қабылдап алд.,Барлық аурухананың ішкі ережелерімен біздерді толық таныстырып мәлімет берді.Таныстырып болған соң бәрімізді әр түрлі бөлімшелерге бөліп жіберді.Мен сағат 11:00-де терапия бөлімшесіне бардым.Терапия бөлімшесінің аға мейірбейкесі бөлімшемен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды.Терапия бөлімінде жүріп ішінде қандай науқастар жататыны жайлы біліп оларды қарадық.Іштегі мейірбике қасында жүріп оған көмектестік.Система алатын уақытта палаталарға система апарып дайындап қойдық.Бірінші күніміз болғандықтан осындай шағын жұмыстарды жасап сағат 13:00-де жиналып үйімізге тарадық.
Науқасты субьективті тексеру
I.Паспорттық бөлім:науқастың аты-жөні- Мергенбаева Айгүл
туған күні айы жылы-25.06.1979
ұлты-қазақ
,мекен-жайы-мкр Нурсая 24 дом,
II.Шағымы: негізгі шағымдары:жөтел кейін қақырықты жөтел,тыныс алу кезіде пайда болатын ентігу,кеуде аймағындағы шаншулар,тершеңдік.Қосымша шағымдары:әлсіздік,дене температурасы субфебрильді,бас ауруы,қалтырау.
III.Ауру тарихы:Ауру бастапқыда құрғақ жөтелмен басталып бірнеше күннен кейін қақырықты жөтелмен жалғасады.Кейін кейде аймағында шаншулар пайда болады.Түнде тершеңдік болады.Дене температурасы субфебрильді болып тұрады.Науқастың осы ауруларға қарсы қолданған дәрілері-мукалтин парцетамол цефазалин лазолван
IV.Өмір тарихы: Науқас Мергенбаева А. 1979 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Өз жасына сай өсіп жетілген.Қазіргі күнде үй бикесі тұрмыстық жағдайы жақсы. Тамақтану тәртібі де жақсы. Темекі арақ ішуге әуесқойлығы жоқ.Тағамдық өнімдерге және дәрілік заттарға аллергиялық реакциясы жоқ.Науқастың айтуы бойынша әкесі инсульттен қаза тапқа,шешісі бүйрек ауыруынан, басқа тұқым қуалайтын аурулары жоқ.Басынан өткен аурулары: 2007 ж анықталған созылмалы пиелонефрит,2003ж бастап ЖИА. Артериалды гипертония.
Пульсті анықтау
1. Науқасқа емшара барысын түсіндірдім, оның келісімін алып, тамыр соғуын анықтайтын жерді таптым.Науқастың аты Ғалиденов 54 жаста
2.Науқасқа ыңғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды бердім.
3. Қолымды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептірдім.
4.Бір мезгілде өз қолымның саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстадым, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырдым. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпаңиялынады.
5.Кәржілік күре тамыр аймағын ұстадым. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысып, тамыр соғатын жерді анықтадым, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сездім.
6.Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырдым. Тамыр соғу сәйкестігін анықтадым. Сәйкестілік - бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егерде тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).
Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына - графикалық әдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына - сандық әдіспен жаздым.
Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарладым.
Қолынызды жуып, кептірдім.
Иық артериясынан артериалды қысымды өлшеу
Қан қысымын өлшейіндеп тұраған науқас Сатыбалдиева нормалық қан қысымы 110/70.
1.Науқасқа ыңғайлы жағдай жасадым. Науқас орындықтың арқасына тіреп отыруы (немесе жатуы керек) қажет, 5-минуттық демалудан кейін өлшеу тыныштықта жүргіздім.
1. Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатып, ыңғайлы отырғанына тексеріп алдым.
2. Манжетті сол жақ қолға орналастырып, қолдың жүрек деңгейінде орналасқанына көзді жеткіздім.
3. Манжетті дұрыс орналастырдым (манжетпен қолдың арасынан бір саусақ өту керек).
4. Иық артериясындағы пульсті анықтағаннан кейін, шынтақ шұңқырына фонендоскопты орналастырдым.
5. Сфигмоманометрдің вентилін жауып, пульс жоғалғанға дейін грушамен ауаны толтырдым.
6. Вентилді аштым және баяу (2 мм/ сек артпай) манжеттен аyаны шығару керек.
7. Бір мезгілде фонендоскоппен иық артериясын тыңдап және манометрдің шкаласындағы көрсеткішті бақылап отырдым.
8. Алғашқы тонның пайда болуы кезіндегі монометрдегі көрсеткішті систолалық қысым ретінде белгілеп алдым.
9. Тонның жоғалуы кезіндегі монометрдегі көрсеткішті диастолалық қысым ретінде белгілеп алдым.
10.Барлық ауаны шығарып, манжетті шештім. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұрғандығына көз жеткіздім.
11.Фонендоскоптың басын 70% спиртпен екі рет залалсыздандырдым.
12. АҚ көрсеткішін жаздым.Науқастың қан қысымы 110/80 ді көрсетті
«Кеуде қуысының пальпациясы»
«Кеуде қуысының ауырсынуын анықтау»
Науқас Мергенбаева А
Ең алдымен науқаспен танысып онымен жасалайын деп жатқан әрекетпен таныстырдым
-
Науқасты беліне дейін шешінуін өтіндім. -
Тексеру науқастың тұрған қалпында немесе отырғызып жүргіземін. -
Бір уақытта екі қолдың да саусақ ұштарын кеуде қуысының симметриялы аймағына қойып пальпация 2 қолмен жүргіздім
Бұғана үсті аймағы,бұғанақтар,бұғана асты аймақтар,кеуде,қабырғалар,қабырға аралықтары кезегімен сипадым.Содан кейін кеуде қуысының бүйірі және жауырын үсті жауырын ортасы аймақтары сипадым Барлығы қалыпты болды Науқаста ешқандай патология анықталмады
1. Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы ___________________________________________________________________
_ Білім алушының қолы ________________
2022 ж. "22" желтоқсан
Галимова Сандуғаш Латифовна ___________________________________________________________
(кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі)
2022ж. "22" желтоқсан
2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары
___________________________________________________________________
3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары
___________________________________________________________________
Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы
____________________________________
2022ж. "22" желтоқсан
| "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларына 2-қосымша |
Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы ____Кантуреева Ағжан Қуанышқызы
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
Р/c № | Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы | Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері | Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы | |
басталуы | аяқталуы | |||
1. | Жүрек пальпациясы | 9:00 10:00 | | |
2. | Жүрек аускультация | 10:00 11:00 | | |
3. | ЭКГ-ге түсіру | 11:00 13:00 | |
23.12 сағат 8:30 да ауруханаға келдік медициналық формамызды киіп сағат 9:00 де біздің тікелей жетекшіміз Айжан Бактыгреевнаға барып тексеріліп бөлінген бөлімшелерімізге тарадық .Терпаия бөлімшесіне келгенімде түнгі ауысымдығы мейірбике постты күндізгі ауысымдағы мейірбикеге тапсырып жатты .Кейін сол мейірбикемен бастап науқастардың системаларын дайындай бастадық .Ең алдымен қолымызды тазалап жуып антисептикпен өңдеп перчаткамызды киеміз. Содан соң шкафтан 0.9% физрастворды алып система капельницаны бекітіп штативке орнатып дайындап беріп тұрдым. Мейірбике физраствормен ерітетін дәрі дәрмектерді дайындады және кейбір науқастарға системадан кейін көктамырға жіберілетін дәрілерді дайындады.2-3 науқасқа кальций хлориді тағайындалған екен .Дайындалған системаларды палаталарға апардым. Кейін системаларды бақылап біткендері болса алдым. Осылайшша сағатымыз болған соң үйге тарадық.
«Жүрек қан айналым жүйесіне пальпация жасау техникасы»
Ең алдымен Науқасқа іс әрекет барысын түсіндіреміз және келісімін аламыз
1.Науқасты беліне дейін шешініп,ыңғайлы жағдай жасауын өтіндім (тұрып,отырып,жатып).
2.Оң қолдың алақанын науқастың кеудесіне қойып,ал саусақтарын қолтық астына IV-
VII қабырға аралықтарына қойдым
3.Кеуде қуысының беткейіне перпендикулярлы қойылған 3 бүгілген саусақты сырттан ішке қарай ,қабырға аралықтырында жүрек ұшының соғысы сезілгенге дейін жылжыттым.
Қалыпты жағдайда жүрек ұшының соғысы V қабырға аралығында, сол ортаңғы бұғана сызықтан ішке 1-1,5 см орналасады.
«Жүрекке аускультация жасау техникасы»
Ең алдымен Науқасқа іс әрекет барысын түсіндіреміз және келісімін аламыз
1.Науқасты беліне дейін шешінуін өтіндім.
Өзіне ыңғайлы жағдай жасауын айттым(тұрып,отырып,ауыр жағдайда-жатып)
Фонендоскоп арқылы келесі тәртіппен жүректі тыңдадым:
1.нүкте-митральды қақпақша-жүрек ұшында
2.нүкте-аорта қақпақшасы- төстен оңға ,ІІ- қабырға аралығында
3.нүкте-өкпе артериясы қақпақшасы-төстен солға, ІІ- қабырға аралығында
4.нүкте- 3 жақтаулы қақпақша- семсер тәрізді өсіндінің негізінде нүкте (Боткин-Эрба нүктесі) -аорта қақпақшасы- ІІІ –ІV- қабырға жалғанған төстің сол жағында
Қалыпты жағдайдағы көрсеткіштер:
Аускультация кезінде сау адамда 2 тон естіледі:
1-систоликалық ,систола кезінде ұзақ диагностикалық тоқтау кезінде естіледі.
2-диастоликалық, диастола кезінде қысқа тоқтау кезінде есітіледі.Науқастың жүрек аускультациясын өткізу кезінде қалыпты тондар естілді
ЭКГ науқасты түсіру:
Ең алдымен Науқасқа іс әрекет барысын түсіндіреміз және келісімін аламыз
I) Науқасты дұрыс кушеткаға (арқасына) жатқыздым. Науқас белге дейін шешініп, аяқтарын киімнен босатуына көмектестім.
II) Науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеудің уақыты мен күнін жаздым.
III) ЭКГ құралында тіркеу жылдамдығын қойдым (50 мм/с – 1 немесе 25 мм/с-1) (көп жағдайда дайын болады).
IV) ЭКГ құралын калибровка жүргіздім(стандартты калибрлік күштеме 1mV, 10 мм тең)
V) Электродтарды қоятын жерлердің тері жабындары спиртпен өңделеді немесе арнайы гель жақтым.
VI) Аяқ-қолдарына электродтарды дұрыс қою керек:
-
Оң қол- қызыл түс -
Сол қол- сары түс -
Сол аяқ – жасыл түс -
Оң аяқ – қара түс
VII) Willson бойынша электродтарды науқас кеудесіне дұрыс қою керек: