Файл: Реферат Таырыбы Бейметалдар сипаттамасы,асиеттері,алу жолдары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 75

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


7.Күкіртсутекті алу. Лабораторияда күкіртсутекті темір (II) сульфидінің хлорсутек қышқылымен өндеу арқылы алады:

FeS+2HCL=FeCL2+H2S

Сульфидтердің көпшілігі суда ерімейді. Суда еритін сульфидтер-сілтілік металл тұздары: Na2S, K2S.

Күкіртсутек қышқылы мен оның тұздарына қорғасын (II) нитраты анықтағыш реактив болады.

Екі сынауыққа аздап күкіртсутек қышқылының H2S және натрий сульфидінің Na2S ерітіндісін қосып, үстіне 1-2 тамшы қорғасын (II) нитратын құйса, қорғасын (II) сульфидінің PbS қара түсті тұнбасы түзіледі. Қорғасын сульфиді суда да, күшті қышқылда да ерімейді.

8.Физиологиялық әсері. Күкіртсутек улы зат, адам онымен тыныс алса басы айналып, тұңшығады. Ұзақ демалса адам өміріне қауіпті. Күкіртсутек бар ауамен тыныс алғанда ол қанға сіңіп , темір ионымен тез байланысып қанның түсі қараяды. Адам күкіртсутекпен уланғанда тез арада таза ауамен демалдыру қажет.

9. Күкірт және оның қосылыстарының қолданылуы. Күкірт көп жерлерде қолданылады. Аңшы мылтығының оқ-дәрісін жасауда, көксағызды вулканизациялауға, резеңке, сіріңке, бояу өндірісінде, ауылшаруашылық зиянкестерімен күресуде қолданылады. Медицинада күкірт тері ауруларын емдеу үшін пайдаланылады. Өнеркәсіпте өндірілетін күкірттің жартысы күкірт қышқылын H2SO4 алуға жұмсалады.

Күкіртсутектің емдік қасиеті де бар. Кейбір күкіртсутекті арасан сулармен ревматизм сырқатын емдейді. Сульфидтердің көпшілігі ашық түсті болуына байланысты түрлі түсті бояулар алу үшін қажет. Мысалы, сынап (II) сульфиді HgS ашық қызыл түс, кадмий сульфиді CdS ашық сары түс береді. Тері илеуге натрий сульфиді пайдаланылады.

Көміртек тің тағы бір ерекшелігі ол алмаз түрінде диэлектрик болса, кремний, германий, қалайы нағыз типтік жартылай өткізгіштер болып табылады.Көміртек , кремний және германий сутекпен қосылыстарында ковалентті байланысқан атомдар тізбегін түзеді.Бұл қасиет көміртектежақсы көрінеді. Кремний тікелей байланысқан максимум 6 атомнан ,ал германий тек і атомнан құралған тізбектерді түзеді. Қалайы мен қорғасынға бұл құбылыс мүлдем тән емес.

2.2. Бейметалдар алыну жолдары

Алыну жолдары:

1.заттардың жануы:

  • Жай зат жанғанда- 4P+O2=2P2O5

  • Күрделі зат жанғанда- C2H2+5O2=4CO2+2H2O

2.Күрделі заттардың айырылуы:

  • Ерімейтін негіз-Cu(OH2)=CuO+H2O

  • Қышқыл- H2SO4= SO3+H2O

  • Тұздар- CaCO=CaO+CO2

  • Оксидтерді тотықтыру- SO2+O2=SO3


2Ca(PO4)2+10C+6SiO2=6CaSiO3+P4+10CO

2HgO=2Hg+O2

2KMnO4=K2MnO2+MnO2+O2

2NaI+Cl2=I2+2NaCl

MnO2+4HCl=MnCl2+Cl2+2H2O

2NaCl+2H2O=H2+Cl2+2NaOH

SiO2+C=Si+CO2

SiO2+2Mg=Si+2MgO

NH4+NO2=N2+2H2O

NaNO3+NH4Cl=N2+NaCl+2H2O

3SiO2+4Al=3Si+2Al2O3

Қорытынды

Жер бетіндегі тіршілік металдарсыз мүмкін емес болар еді. Жасыл өсімдіктерде фотосинтез процесі жүру үшін хлорофилл керек, ал хлорофилдің қалыптасуы үшін магний қажет. Кальций сүйектер мен тістерді мықты және берік қылатын кальций қосылыстарын алуда маңызды рөл атқарады. Ал оттегіні бүкіл ағзаға эритроциттер арқылы тасымалдайтын гемоглобин ақуызын және бұлшықеттерде оттегіні байланыстыратын миоглобин ақуызын өндіру үшін темір қажет. Мыс ұлулар, өрмекшілер және ірі теңіз шаяндарының қанында оттегін тасымалдап, гемоглобин сияқты рөл атқаратын гемоцианин ақуызы үшін қажет. Мырыш ағзамыздағы ферменттердің тиімді жұмыс жасауы үшін қажет, ал кобальт атомдары В12 дәруменінде кездеседі. Молибден мен темір кейбір өсімдіктердің тамыр түйнектерінде атмосферадағы азотты “өңдеуші” бактериялар қолданатын нитрогеназ ферменті үшін маңызды рөл атқарады.

Пайданылған әдебиет

  1. И.Нұғманов «Химияны оқытудың әдістемесі» 2015 ж.

  2. Мырзабайұлы А. «Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері» Алматы 2014 ж.

  3. Аханбаев Қ. Химия негіздері. Алматы.Мектеп 2010.

  4. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. Алматы. Мектеп 2010.

  5. Кирюшкин Д.М., Полосин B.C. Химияны оқыту методикасы. Алматы,

  6. Мектеп, 2014.

  7. Шабдаров К.Н. Химияны оқыту тэжірибесі. Алматы, Мектеп, 2017.

  8. Иманова Р.Г., Осокина Г.Н. 9-10 класстарда химияны оқьпу. Алматы, Мектеп. 2018.