ВУЗ: Казахская академия транспорта и коммуникаций им. М. Тынышпаева

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2019

Просмотров: 3888

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



11 сынып оқушысы:

Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде

біледі:

  • Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және бейбіт уақытта, қауіп төнген, әскери қақтығыс басталған кезде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттің міндетін;

  • Қарулы Күштердің қазіргі қоғамдағы рөлі мен оның Қазақстан Республикасының даму кезеңдерінде шешетін міндеттерін;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери қызметті өтеудің құқықтық негіздерін;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дәстүрлерін.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары

біледі:

  • жедел әскери қызметтегі әскери қызметшілерді жатын үй-жайларында орналастыру және үй-жайларды ұстауға қойылатын талаптарды;

  • әскери бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғауды;

  • әскери бөлімнің күнделікті өмірінде өткізілетін іс-шаралар мен күн тәртібін белгілеуді;

  • әскери қызметшілерді сауықтыру мен олардың тұрмыс жағдайын жақсартуды қарастыратын іс-шараларды.

Тактикалық дайындық

біледі:

  • мотоатқыштар взводының, ротасының ұйымдастырылуы мен олардың қару-жарағын;

  • ұрыс түрлерін және оның сипаттамасын;

  • атыс жүйесі, ұрыстағы маневр, ұрыстағы өзара іс-қимыл, бөлімшелер мен атысты басқаруды;

  • мотоатқыштар взводының жорық, ұрысқа кіру және ұрыстық тәртібі;

  • қорғаныс негіздерін;

  • қазіргі замандағы ұрыстардағы барлаудың рөлі, взводтың барлау жүргізу тәсілдері, жалпы әскери бөлімшелердің шағын аймақтағы соғыс қимылын;

  • взводтың бір орында және сақтық күзетте орналасуы;

  • взводтың шеруі мен жорық күзетінің негіздері;

  • миналардың арналуын, әрекет қағидасын және олардың құрылғысын;

  • жарылмайтын инженерлік бөгеттердің бөлінуі, түрлері және мина-жарылғыш бөгеттерден өтуді.

Атыс дайындығы

біледі:

  • мергендік винтовканың арналуы мен ұрыстық қасиетін, негізгі бөліктері мен механизмдерін;

  • мергендік винтовканың толымсыз бөлшектеу тәртібін және толымсыз бөлшектеуден кейін мергендік винтовканы жинастыру тәртібін;

  • драгунов мергендік винтовкасымен атыс кезінде болатын кідірістер және оларды жою тәсілдерін;

  • гранататқыштың ұрыстық қасиетін, қолданылуын;

  • гранататқышты толымсыз бөлшектеу тәртібін және гранататқыштың толымсыз бөлшектеуден кейін жинастыру тәртібін;

  • ату кезіндегі кідірістер мен оларды жою тәсілдерін.

жасай алады:

  • мергендік винтовканы толымсыз бөлшектеуді және жинастыруды;

  • ДМВ ату кезінде болатын кідірісті жоя білуді;

  • Гранататқыштан ату кезінде болатын кідірістерді жоя білуді.

Мергендік винтовка (МВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері

біледі:

  • мергендік винтовкадан ату тәсілдерін орындау, атысқа ыңғайлану, атыс жүргізу, атысты тоқтату кезінде берілетін командаларды;

  • винтовканы оқтау және оғын алу тәртібін;

  • гранататқыштан ату кезіндегі қауіпсіздік шараларын;


жасай алады:

  • жер бауырлай жылжу, жатып ату, тізерлеп ату, отырып ату, тұрып ату кезінде винтовканы ұстауды;

  • винтовканы оқтау мен оғын алуды;

  • тасадан тірей ату, оқпанадан атыс жүргізу, әуедегі нысаналарды ату тәсілдері кезінде винтовканы дұрыс ұстай білу мен орналаса алуды.

Саптық дайындық

біледі:

  • машиналар жанындағы және машинадағы жауынгердің іс-әрекетін;

  • сапты және машинаны басқаруға арналған белгілерді: қолмен, жалаушалармен, шаммен.

жасай алады:

  • машиналар жанындағы және машинадағы іс-әрекет кезіндегі командаларды орындауды;

  • белгілердің көмегімен сапты және машиналарды басқаруды.

Әскери топография

біледі:

  • топографиялық картаның қолданылуын, карталарын, бағытын және олардың шамасын;

  • географиялық координаттар мен жазық тікбұрышты координаттарды анықтау үшін топографиялық карта бетінің ішкі жақтауын ресімдеуді;

  • азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтауды:

  • жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс ерекшелігін.

жасай алады:

  • карта бойынша қашықтықты өлшеуді;

  • карта бойынша географиялық және жазық тік бұрышты координаттарды анықтауды;

  • карта бойынша дирекционды бұрыштарды анықтауды;

  • бір орында картаны бағдарлау және өзінің тұрған нүктесін анықтауды;

  • картадан жер бедері, елді мекендер, гидрография, жол торабы, өндірістік, ауыл шаруашылық және әлеуметтік-мәдени объектілер және өсімдіктер жамылғысының бейнеленуін оқуды.

Азаматтық қорғаныс (АҚ)

біледі:

  • азаматтық қорғанысының міндетімен мақсаты;

  • ядролық қару ерекшелігін және оны қолдану кезінде жеке құрамға тигізетін әсерін;

  • химиялық қару ерекшелігін және оны қолдану қағидаларын;

  • биологиялық қару ерекшелігін, түрлері және биологиялық құралдардың негізгі қасиеттерін;

  • жеке қорғану құралдарына техникалық қызмет көрсету тәртібін;

  • радиоактивтік, химиялық және биологиялық зақымдану аймағынан өтудің негізгі тәсілдерін;

  • апат аудандары мен зақымданған ошақтарында жүргізілетін құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу тәртібін.

Медициналық білім негіздері

біледі:

  • жұқпалы аурулардың негізгі топтарының сипаттамасын;

  • биологиялық зақымдау ошақтарындағы карантин мен обсервация туралы;

  • қан айналымына қышалар пайдалану арқылы әсер ету шараларын;

  • бинтті таңғыштар қоюдың негізгі тәсілдерін;

  • қысқыш және бекіткіш таңғыштар салу ережесін;

  • бастың, кеуденің және іштің тесіп өткен жаралану кезінде таңғыштар қою ерекшеліктерін;

  • өкпеге жасанды желдету жасау тәсілдерін («ауыздан-ауызға», «ауыздан-мұрынға» Сильвестр бойынша, Каллистов бойынша).

жасай алады:

  • науқастарды күтуды;

  • артериалық қан қысымын өлшеуді;

  • жүрекке тікелей емес массаж жасауды және өкпеге жасанды желдету жасауды;

  • ашық және жабық сынықтар кезінде шендеушітер салумен алғашқы медициналық көмек көрсетуді;

  • бас сүйегі, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас сүйектері, қол-аяқ сүйектерінің сынуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетуді (таңып тастауға арналған құралдар мен табельдерді пайдалану арқылы) басқа, кеудеге, бұтаралық, қол-аяқ сүйектеріне таңғыш қоюді;

  • әр түрлі бақытсыз жағдайларда: үсу, күн және ыстық өту, электржарақаты, суға кеткен кезде алғашқы медициналық көмек көрсетуді.


IV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Алғашқы әскери дайындық бойынша теориялық бiлiм дидактикалық материалдар мен техникалық оқу құралдарын қолдана отырып, сұбхат және әңгiмелесу түрiнде жүргiзiледi. Практикалық сабақтар қару-жарақ пен әскери – техникалық мүлiктердi, жеке қорғаныс құралдарын, аспаптар және басқа да жабдықтарды қолдана отырып, оқытылған материалдарды бекiтуге бағытталған.

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақтан, әскери іс негізі тарауынан, азаматтық қорғаныс пен медициналық білім негіздерінен тұрады.

Кіріспе сабақты өткізуде жастарды әскери қызметке және Қазақстан Республикасын қорғауға дайындаудың маңызына, алғашқы әскери дайындық курсының оқу міндеттерін орындауға байланысты моральдық, психологиялық және дене күшін шоғырландырудың қажеттігіне ерекше қөңіл бөлінеді.

Әскери іс негіздері келесі тараулардан тұрады және алғашқы әскери дайындық білім беру бағдарламасының базалық бөлімі болып табылады:

  • Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау күзетiнде;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылыры;

  • Тактикалық дайындық;

  • Атыс дайындығы;

  • Саптық дайындық;

  • Әскери топография.

Әскери іс негіздерін оқып-үйрету процесінде алғашқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушысы - үйренуші жастардың азаматтық қөзқарасын қалыптастыру, Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігіне қөз жеткізу, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауға саналы түрде даяр болуға үйрету міндеттерiн шешеді. Сабақта жастардың әскери анттың рөлі мен мәнін жете түсінуіне ықпал ету қажет, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның жауынгерлік дәстүрлеріне, әскер салалары мен түрлеріндегі қызмет атқару ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылығын дамыту керек, әскери білім алуға ынталандыра отырып, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары – бұл Қарулы Күштердің тұрмыс–тіршілігін белгілейтін заңдар жинағы, сондай-ақ жарғы талаптарын орындау - әрбір әскери қызметшінің міндеті екендігі түсіндіріледі.

Тактикалық дайындық оқытудың негізгі тарауларының бірі болып табылады. Тактикалық дайындық бойынша сабақтардың барлық тақырыптары оқушыларды жалпы әскери ұрыс негіздерін оқып-үйренуге, ұрыста іс-әрекет жасай алуға, қарсыластың ұрыс машиналары мен жаяу әскерін жою үшін қарулар мен гранатты қолдана білуге бағытталған. Сабақ барысында үйренушілер қарулар мен гранаттарды қолдана білу техникасы бойынша дағдыларды меңгереді.

Тактикалық дайындық бойынша практикалық сабақтарды өткізу үшін винтовка макеттері, оқу автоматтары (пулеметтері), сондай-ақ оқу гранаттарына арналған сөмкелердің бар болуы қарастырылуы кажет. Оқушылар жергілікті жерде практикалық тәсілдер мен әрекетті орындауға ыңғайланып киінулері керек.


Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде басты назарды қару және оқ-дәрілермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларына аудару қажет. Сабақ барысында оқушылар атыс қаруының құрылымын, оны атысқа дайындау тәртібі мен ату ережелерін, қаруды күту және сақтауды үйренеді.

Саптық дайындық бойынша барлық сабақтар саптық дайындыққа арналған алаңда (плацта) өтеді. Практикалық сабақты өткізген кезде басты назар оқытушы-ұйымдастырушының оқушыларға саптық тәсілдерді тұтастай және үйренуі бойынша көрсетуіне, оқушылардың саптық тәсілдер мен жаттығуларды үйретілген элементтері бойынша көрсетуiне аударылады. Саптық элементтерді орындауын дағдыға айналдыру алғашқы әскери дайындықтың сыныптан тыс өтетін іс-шаралары кезінде де жалғастырылуы қажет.

Әскери топография бойынша сабақтар, оқушыларды бейтаныс жерде картасыз бағдарлана білуге, өз тұрған жерін анықтай алуға және компас көмегімен берілген азимут бойынша нысанаға қарай қозғалу маршрутын таңдай білуге үйретуді қарастырады.

Азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабағы үйренушілерді бейбіт және соғыс уақытында Казақстан Республикасының халқын табиғи зілзала зардаптарынан, ірі апаттардан құтқару және қарсыласқа қазіргі кездегі жою құралдарын пайдалану, сонымен қатар төтенше жағдайлар туындаған аудандар мен ошақтарда құтқару және шұғыл көмек көрсету, апатты – қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, зақым және жарақат алған кездерде алғашқы медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын іс-шараларымен таныстырады.

Алғашқы әскери дайындықты жоспарлау осы Бағдарлама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жасөспірімдерді қызмет етуге сапалы даярлауға, бағдарламаның толықтай орындалуын жүзеге асыруға, оның барлық бөлімдерін басқа мектеп пәндерімен тығыз байланыстыра кешенді түрде зерделеуге бағытталуы тиіс.

Әрбір оқу орнында алғашқы әскери дайындық өтуінің апталық жоспары бүкіл оқу жылына әзірленеді. Алғашқы әскери дайындық бойынша сабақтар оқу орнының жалпы мектептік кестесіне енгізіліп, оқу топтары мен сыныптар бойынша өткізіледі. Сыныптар мен оқу топтары взвод деп аталынып, үш бөлімшеге бөлінеді. Оқу орны директорының бұйрығымен әрбір сыныпта немесе оқу тобында озат оқушылар қатарынан бөлімше және взвод командирлері тағайындалады.

Алғашқы әскери дайындық сабақтарында взводтар мен бөлімшелердің командирлері взводтағы немесе оқу топтарындағы оқу тәртібін қадағалап отырады, сондай-ақ оқытушы-ұйымдастырушы пәрмені бойынша топтың немесе взводтың жеке құрамын басқарады.

Алғашқы әскери дайындық сабақтарында оқушылар мен оқытушы- ұйымдастырушы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының талаптарына сәйкес құрастырылады.


Оқушылар сабаққа дайындалып және ұқыпты киініп келулері тиіс.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы сабақ басталмастан бұрын алдын-ала оқу тобына немесе взвод жеке құрамына киім үлгісі жайында айтуы тиіс.

Жалпы білім беретін мектептерде алғашқы әскери дайындықтың оқу-материалдық базасы құрылып, үнемі жетілдіріліп отырады. Оған:

  • алғашқы әскери дайындықтың оқу кабинеттері (сынып);

  • азаматтық қорғаныста, тіршілік әрекеттерін қамтамасыз етуде, алғашқы әскери дайындық бойынша арнайы мүліктер сақтауға арналған бөлме;

  • саптық дайындық бойынша сабаққа арналған алаңдар;

  • тәуліктік кезекші мен сақшы міндеттерін практика жүзінде оқып үйретуге арналған орын, ату тәртібі мен тәсілдерін және тактикалық дайындық бойынша сабаққа арналған жаттығу қалашықтары;

  • оқу-көрнекілік құралдары және техникалық оқу құралдары қосылады.

Оқу орындарын жаттығу қаруларымен, әскери-техникалық мүліктер және оқу құралдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі әзірлеп және бекіткен табельдер бойынша жүзеге асырылады.