Добавлен: 03.02.2019

Просмотров: 682

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Антик әдебиетін зерттеуші М.Иманғазин Еврипид трагедияларын тақырыбы мен мазмұнына қарай екі топқа бөліп қарастырады. Оның бірі – трагедия болса, екіншісін – әлеуметтік-тұрмыстық драмалар деп көрсетеді. Зерттеушінің пайымдауынша, Еврипидтің «Ион», «Елена», «Алкестида» секілді әлеуметтік-тұрмыстық драмаларында ерлікпен аты шыққан қаһармандар емес, күнделікті өмірде кездесетін қарапайым адамдар өмірі суреттеледі. Және мұнда классикалық антик трагедияларына рұқсат етілмейтін комедиялық элементтер мен жақсылықпен аяқталатын сәтті қорытындылар тән деп көрсетеді.[6]

Еврипид трагедияларында өз дәуірінің адам міндеті, мемлекет пен оның заңдарының рөлі секілді өзекті мәселелерін көтеріп, жаугершілік соғысқа қарсы шығып, религиялық дәстүрлерді сынға алып, адамдардың гуманистік идеяларын дәріптеп отырады. Еврипид трагедияларының образдары – үлкен сезімге ие адамдар, олар өз бақыты жолында қылмыс жасауға дейін барады да, өз ары мен сезімінің алдында іштей арпалысқа түседі. Еврипид мықты психолог ретінде олардың азапқа толы жан-дүниесін шебер суреттей білген. Еврипидті замандастары толық түсіне алмады, себебі автордың табиғатқа, қоғамға, религияға қатысты өткір көзқарасы сол заманғы идеологияның шеңберіне сыймады. Еврипидтің бұл батыл көзқарасын эллинизм дәуірінің көптеген трагиктері бөлісіп, өздерінің әлеуметтік-тұрмыстық драмаларында кеңінен суреттеп отырды. Әсіресе, комедиограф Менандрдың тұрмыстық комедияларына ерекше әсер етті. Еврипид драмалары рим қоғамында да танымал болды. Б.з.б. ІІІ ғасырда алғашқы рим ағартушысы Ливий Андроник өз замандастарын Еврипид драмаларымен таныстырды. Ливий Андроник өзі грек болғандықтан, рим сахнасына грек трагедияларын, соның ішінде Еврипид трагедияларын көбірек шығаруға тырысты. Көрнекті рим ақыны Энний де Еврипид жетістіктеріне сүйене отырып, өз трагедияларын тудырды.

Эннийдің бізге белгілі 20 драманың 12-і грек драмасының үлгісінде жазылған. Соның ішінде, «Авлидтегі Ифигения», «Медея» трагедияларының прологы мен бірнеше өлеңдері біздің заманымызға дейін жеткен. Еврипид трагедияларының құндылығын рим драматургы Акций де айтып кеткен. Б.з.б. І ғасырда римдік ақын, көрнекті философ Сенека Еврипид сюжеттеріне негіздей отырып, трагедияның жаңа типін тудырды. Аристофан Еврипидті трагедиялық ақын десе, Белинский «ежелгі Грекияның ең романтикалық ақыны» деп таниды.[7]

Еврипидтің «Медея», «Елена», «Троя арулары» атты трагедияларын орыс тілінен қазақ тіліне ақын Қ.Жұмағалиев аударды. Ол Алматы қаласы, «Өнер» баспасынан 1986 жылы жарық көрді.

Трагедия

Трагедияларын қою үшін Еврипид те Софокл сияқты үш актерді қолданды. Мұнда хор көріністің дамуымен тығыз байланысты болған жоқ. Кейде хор әні драматургтің ойлары мен көзқарастарын көрсетеді. Кейіпкерлер тілі жеңілдеп, тұрмыстық сахналар енгізілді.


Мысалы: өлім, ауруды көрсету, ғашық әйелдің уайымы, сахнаға балалардың I шығуы және т.б.

Грекияның классикалық трагедиясының даму үрдісі Еврипид I шығармашылығымен тоқталады. Ежелгі Грекияда трагедия саласында бұдан кейін үлкен шығарма жазылмады. Трагедия ақырындап тек оқуға арналған әдеби жанр ретінде қалыптасты. Оның орнын б.з.д. IV ғасырдың ортасында дами бастаған тұрмыстық драма — жаңа аттикалық комедия басады. Еврипид шығармаларында қаһармандық I тақырып бәсеңдейді де, керісінше, адам психологиясына, қоршаған ортаға деген қызығушылық күшейе түсті.