ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 309
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3.2 Таржапырақты күреңот сығындысын алу тәсілінің негіздемесі
Зерттеулеріміздің бастапқы кезеңінің мақсаты суппозиторийлердің құрамына қосу үшін қою сығынды жасау болды.
Экстракция әдісін таңдағанда екі ереже басшылыққа алынды:
1. Экстракция әдісі өнімнің тиісті сапада шығуын қамтамасыз етуі керек;
2. Экстракция әдісі жоғары тиімділікке ие болуы керек, яғни шикізаттың максималды сарқылуын қамтамасыз етеді.
Шикізаттан ББЗ алуға мүмкіндік беретін қарапайым әдіс сипаттамасы белгілі. Ол үшін өсімдік шикізаты (әдіске сәйкес) жабық ыдысқа орналастырылады және ауаны көлемнен шығара отырып, оған еріткіштың буы (мысалы, су буы) құйылады. Осылайша, қатты зат еріткіш буына орналастырылады. Еріткіштің пораларындағы алмастыру алдымен қатты денені және оның кеуектері мен капиллярларындағы ауаны бумен қыздыру арқылы жүреді. Қыздырылған ауа әсерінен қатты дене ісініп, кеңейеді, ал өсімдік шикізатының қабырғалары қоршаған ортаға қарағанда қаттырақ болғандықтан, кеуектердегі ауа ішінара шикізатты қоршап тұрған бу ортасына, ал бу еріткіші оның кеуектері мен капиллярларына алмасады.
Алайда, шикізатты қоршаған еріткіш буының өзі де жоғары қысым тудырады, сондықтан шикізатты буға жай орналастырған кезде ауаның бір бөлігі шикізаттың тесіктері, поралары мен капиллярларында қалады.
Шикізаттың поралары мен капиллярларындағы ауаны толығымен ауыстыру үшін шикізатты қоршаған ортаның қысымын төмендетеді. Ол үшін буды конденсациялайды. Қатты денеден пайдалы затты іс жүзінде толық алу үшін (қатты дененің толық сарқылуына дейін) шикізатты қоршаған ортаның қысымын бірнеше рет, шамамен бес рет төмендетеді, яғни қатты дененің тесіктері мен капиллярларындағы сұйық еріткішті бес рет қайнау температурасына дейін жеткізеді.
Бірақ бұл экстракция әдісі технологиялық жағынан көп этапты күрделі, сонымен қатар биологиялық белсенді заттардың толық шығуын қамтамасыз ете алмайды.
Осы жұмыс аясында сығынды алудың қолданылған әдісінің артықшылығы - алынған сығындының антирадикалды, антимикробты, қабынуға қарсы және антиканцерогенділік көрсеткіштерін, сондай-ақ оның шығымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін ультрадыбыстық экстракция технологиясын қолдану.
Ультрадыбыстық экстракция әдісі экстракциялау процесінің ұзақтығының уақытын азайтуға және шикізат сарқылғанға дейін ББЗ толық бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. Ультрадыбыстық толқындардың әсерінен шикізаттың шекаралық диффузиондық қабаты бұзылады, нәтижесінде экстрагенттің материалға сіңуі жақсарады. Шикізат өте тез ісініп, масса алмасуға және биологиялық белсенді заттардың еруіне әсер ететін турбулентті және құйынды ағындар пайда болады. Осының бәрі активті компоненттердің шикізаттан экстрагентке өту жылдамдығын жоғарылатады.
3.3 Таржапырақты күреңот экстрактысымен суппозиторийлерді алудың технологиялық процесін сипаттау
Жүргізілген зерттеулер негізінде таржапырақты күреңот қою сығындысы бар суппозиторийлердің құрамы ұсынылды.
Жүргізілген жалпы шолу негізінде тік ішек ауруларын емдеу үшін қабынуға қарсы әсері басым және микробқа қарсы компоненттері бар қосындыларды қолдану ұтымды екендігі анықталды. Сонымен қатар, қазақстандық фармацевтикалық нарықта мұндай әрекетті көрсететін табиғи компоненттері бар суппозиторийлер жоқ екені анықталды. Сондықтан біз қабынуға қарсы және микробқа қарсы компоненттері бар суппозиторий массасының құрамын жасадық.
Белсенді заттар мен май негізін қамтитын суппозиторийлерде белсенді зат ретінде таржапырақты күреңоттың қою сығындысы, ал май негізі ретінде какао майы мен сары балауыз бар, оның 1,81-1,91 г болатын 1 суппозиторийге сәйкес құрамдас бөліктерінің салмағы (12 кесте):
Кесте 12 — Таржапырақты күреңот сығындысымен жасалған суппозиторийлердің құрамы
Ингредиенттер | Ингредиенттердің 1 суппозиторийдегі массасы, г | | | | |
Таржапырақты күреңот қою сығындысы | 0,60 г | 0,60 г | 0,60 г | 0,60 г | 0,60 г |
Сары балауыз | 0,125 г | | | | |
Какао майы | | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
Жалпы салмағы | 1,9 г | 1,9 г | 1,9 г | 1,9 г | 1,9 г |
Өндірістің технологиялық схемасы А қосымшасында берілген.
Өндірістің технологиялық процесінің сипаттамасы
1 стадия. Шикізатты дайындау. Жұмыс алдында бақылау-өлшеу аспаптарының жарамдылығын және аспаптардың жарамдылығын тексереді. Алдымен «SARTORIUS» таразысында 6,25 г сары балауыз, 30 г таржапырақты күреңот қою экстрактын және 58,75 г какао майын өлшеп алынады. Суппозиторийлерді дайындау үшін пайдаланылатын шикізат НҚ талаптарына сәйкес толық көлемде талдануы тиіс.
2 стадия. Суппозиторий негізін дайындау. Суппозиторийлық массаны дайындауға арналған араластырғышы бар реактордың ингредиенттерді берер алдында дұрыс жұмыс жасауын тексереді, араластырғыштың дұрыс жұмысын, бақылау-өлшеу аспаптарының жарамдылығын "бос режимдегі" жүрісте тексереді. Реактор тот баспайтын болаттан жасалуы керек. Суппозиторийлер үшін майлы негізді алу үшін алдымен 58,75 какао майы BP-10 реакторынаа (араластырғышқа) беріледі. Какао майын 25 минутта 45С температурада ерітеді, ол үшін реактордың электр жылытқышын косады. Бұл жағдайда араластырғыштағы араластырғыш қосулы болуы керек. Температураны бақылай отырып, қоспаны минутына 40-50 айналым жылдамдығымен араластырады. Балқытылған 6,25 сары балауызды какао майы еріген соң реакторға құяды да негіз біртекті болғанға дейін араластырады. Негіз дайын болғанда реактордың электр жылытқышын өшіріп, негіздің суығанын күтеді.
3 стадия. Суппозиторийлік массаны дайындау. Таржапырақты күреңоттың қою экстракты реакторға енгізіледі. Қоспа 35 – 40С температурада 40-60 минут ұсталады. Берілген температураны қамтамасыз ету электр жылытуды 10 минут сайын қосу арқылы жүзеге асырылады. Қоспа бастапқы 5 минут ішінде 100-150 айн/мин жылдамдықпен араластырылады, содан кейін 20-30 минуттан кейін 40-50 айн/мин жылдамдықпен араластырылады.
4 стадия. Дайын суппозиторийлердің сапасын бақылау .Алынған суппозиторийлердің балу температурасын, толық деформациялану уақытын анықтап, микробиологиялық тазалығын анықтауға сынамаға береді. Нәтижелер НҚ талаптарына сәйкес болған жағдайда, суппозиторийлерді толтыру және қаптау стадиясына жібереді. Суппозиторийлерді контурлық қаптамаға толтыру. Суппозиторийлерді Cu-4 Автоматты суппозиторийлерді толтыру машинасы арқылы арнайы контурлы қаптамаға 5 дана немесе 10 данадан қаптайды.
5 стадия. Біріншілік қаптамадағы дайын өнімді қораптарға толтырып, белгілейді.
Өндірістің аппаратуралық схемасы Ә қосымшасында берілген.
3.4 Таржапырақты күреңот экстрактысымен суппозиторийлердің сапасын бақылау
Сапа критерийлері келесі көрсеткіштер болды: сыртқы түрі (түсі, қаттылығы, біркелкілігі), балқу температурасы, толық деформация уақыты, суппозиторийдің орташа салмағы, түпнұсқалығы, белсенді заттардың сапалық және сандық құрамы. Барлық көрсеткіштер 2-тарауда сипатталған әдістерге сәйкес анықталды.
Сыртқы көрінісі: торпеда тәріздес формалы суппозиторийлер, суппозиторийлердің өлшемі бірдей, беті тегіс, бұдырлары жоқ, қаттылығы жеткілікті, енгізуге ыңғайлы, қара-жасыл шөптесін түстес. Бөлімде көзбен анықталған дақтардың, қосындылардың болмауы суппозиторийлердің біртектілігін көрсетеді.
Суппозиторийлердің ұсынылған жасалу технологиясы кесіндіде массаның біркелкі болуын қамтамасыз етеді.
Суппозиторийлердің 20 бірлігі іріктеліп алынады, әрқайсысын жеке өлшейді және орташа массасын есептейді. Суппозиторийлердің орташа массасы мен орташа массасынан ауытқуы аналитикалық таразыларды пайдалана отырып өлшенді. Суппозиторийлердің орташа масса өлшемі 1,8±0,09 г, ал массадағы ауытқулар өлшемі ±5% болды.
Дайын суппозиторийлердің балқу температурасы 35,5±0,5°С құрады, бұл нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес келеді.
Дайын суппозиторийлер үшін толық деформациялану уақыты 10,0±1,0 минутты құрады, бұл ҚР МФ талаптарын қанағаттандырады.
Суппозиторийлерге сапалы талдау флавоноидтардың құрамы бойынша жүргізілді.
Флаваноидтар индентификациясы СЖМ-0045 әдістемесіне сәйкес жүргізілді. Суппозиторийлерде флаваноидтар суммасының болуы ерітіндіде таңқурай түс пайда болуы арқылы анықталды, бұл ҚР МФ талаптарын қанағаттандырады (5 сурет).
Сурет 5 - Флаваноидтар индентификациясы кезінде таңқурай түстің пайда болуы
Балауыз идентификациясы СЖМ-0046 әдістемесіне сәйкес жүргізілді. Суппозиторийлерде балауыздың болуы ерітіндінің мөлдірлігінің жойылуының негізінде анықталды, суппозиторийлерде балауызды анықтау нәтижелері ҚР МФ талаптарын қанағаттандырады (6 сурет).
Сурет 6 - Балауыз индентификациясы кезінде мөлдірліктің жойылуы
Суппозиторийлердің микробиологиялық тазалығын зерттеу. Микробиологиялық бақылау ҚР МФ "Микробиологиялық тазалықты сынау" жалпы мақаласына сәйкес жүргізілді. Микробиологиялық тазалық бойынша суппозиторийлер ҚР МФ қойылатын талаптарға жауап береді-аэробты бактериялар мен саңырауқұлақтардың саны (жалпы) 1 г препарат 102-ден аспады. Суппозиторийлерде энтеробактериялар, стафилококктар, Pseudomonas aeruginosa (синегойлы таяқша) табылған жоқ.
Суппозиторийлерге сандық талдау гиперициннің құрамы бойынша, СРМ-0048 әдістемесіне сәйкес жүргізілуі керек.
Қажетті ресурстар:
-
50 мл Конустық колба; -
10 мл пипетка; -
1 мл пипетка; -
Су моншасы; -
Суппозиторийлерді майдалауға арналған пышақ -
АХ-80 зертханалық таразы -
СФ 2000 спектрофотометрі -
25 мл көлемді өлшегіш колба
Қажетті реактивтер:
-
Ацетон Р
Әдістеме:
-
МФ РҚ 1 том, 2.2.25 сәйкес сынақ абсорбционды спектрофоторметрия тәсілімен ультрафиолет және көрінетін аймақта орындалады. -
АХ-80 аналитикалық таразыда 2,1000 г майдаланған суппозиторийлерді өлшеп, су моншасында ерітеді. Үстінен 10 мл ацетон Р қосып, толық ерігенге дейін су моншасында қыздырады. -
Алынған ерітіндіні салқындатып, 25 мл өлшеуіш колбаға фильтрлейді. Белгі деңгейіне дейін ацетонмен жеткізу керек, содан кейін араластырады. -
Зерттелетін ерітіндіні 3 кюветаға орналастырады. -
Зерттелетін ерітіндінің оптикалық тығыздығын 10 мм жуан келетін кюветада, 590 нм болатын толқын ұзындығында спектрофотометрде өлшейді. Салыстырмалы ерітінді ретінде ацетон Р қолданады. -
Гиперициннің бір суппозиторийдегі мөлшерін формуламен есептейді:
D - зерттелетін ерітіндінің оптикалық тығыздығы;
b - суппозиторийдің орташа массасы, гр;
513 – 590 нм толқын ұзындығындағы гиперициннің меншікті сіңіру көрсеткіші;
m - преппараттың өлшенген массасы, гр.
-
Егер бір суппозиторийдергі гиперицин улесі 0,010 мг/суп. болса, суппозиторийлердің сапасы нормаға сәйкес деген бекітілім қабылданады.
Бұдан басқа, ҚР МФ 2.2.29, ВЭЖ-Хроматография, 79-бетіне сәйкес суппозиторийлерге сандық талдау жүргізу ұсынылды.
Дайын суппозиторийлердің сапа спецификациясы төмендегі кестеде берілген (кесте 13).
Кесте 13 - Дайын суппозиторийлердің сапа спецификациясы
Сапа көрсеткіштері | Норма көрсеткіштері | Зерттеу әдістемелері |
Сипаттамасы | Торпеда тәріздес формалы, өлшемі бірдей, беті тегіс суппозиторийлер. | МФ РК I, т. 1 2.8.8 |
Идентификация -флаваноидтар | Бір суппозиторийді колбада ерітіп, 5 мл 95% этил спиртін қосады. Су моншасында 10 минут араластырып, салқындатып, фильтрлеп алады (А ерітіндісі). 2 мл А ерітіндісіне 50 мг маний Р ұнтағын қосып, тамшылармен өлшенген 0,5 мл Р хлорсутек қышқылын қосады. Су моншасында қыздырады. Флаваноидтар болған жағдайда ерітінді баяу таңқурай қызыл түске боялады. | МФ РК I, т. 1, 2.2.28 |
Орташа масса және орташа массадан ауытқу | Орташа салмақтан ауытқуға 20 суппозиторийден 18 ± 5% артық емес, 20 суппозиторийден 20 ± 7,5 артық емес рұқсат етіледі% | МФ РК I, п. 1, 2.9.6. |
Балқу температурасы | 37 ℃ жоғары емес | МФ РК I, п. 1, 2.2.15 |
13 - кесте жалғасы | | |
Толық деформациялану уақыты | 15 минуттан артық емес | МФ РК I, п. 1, 2.9.2 |
Сандық анықтау: рутинге қайта санағандаға флавоноидтар суммасы | | |
Микробиологиялық тазалығы | Препараттың 1 г-да өміршең аэробты микроорганизмдердің жалпы саны 104 бактериядан аспайды, 102 саңырауқұлақтан аспайды, Escherichia coli болуына жол берілмейді. | МФ РК I, т.1, 2.6.12, 13 |
Қаптама | Біреуі (10 суппозиторий) немесе екеуі (5 суппозиторий) мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған қолдану жөніндегі нұсқаулықпен МЕСТ 7933-89 бойынша бордюрлік қаптамаға және картоннан жасалған қаптамаға салынады. Қаптамада 50 немесе 100 бірлік МЕСТ 17768-90 сәйкес ыдысқа салынады. | |
Маркерлеу | | |
Тасымалдау | ГОСТ 17768-90Е | ГОСТ 17768-90Е |