ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 28
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.4.А. Жарық құбылыстары. | Мектеп: №4 ЖОББМ | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Танабаева Г.С. | ||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Көз – оптикалық жүйе, көздің көру кемшіліктері және оларды түзету әдістері. | ||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 8.5.1.15 – көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау. | ||||||||||
Сабақ мақсаттары: |
| ||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі: | Білу, түсіну, қолдану. | ||||||||||
Бағалау критерийі: | 1.Көздің құрылысын және оның қызметін түсіндіреді. 2.Көздің көру кемшіліктерін және түрлерін атай алады, көздің көру кемшіліктерін түсіндіре алады. 3.Көздің көру кемшіліктерін: алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікті түзету әдістерін сипаттайды, өмірден мысалдар келтіреді. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Пәнге тән лексика мен терминология: склера, оптика, линза, аккомодация, алыстан көргіштік, жақын көргіштік, қасаң қабық және т.б. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Склера - көз алмасының сыртқы қабығы. Аккомодация - әртүрлі қашықтықтан қарағанда көз бұршағының қисықтығын өзгертіп, көз торламасында нәрсенің кескінін беретін қасиеті. Алыстан көргіштікті - түзету үшін дөнес жинағыш менискілік линзалы көзілдірік пайдаланады. Жақын көргіштікті - түзету үшін ойыс, шашыратқыш линзалы көзілдірікті пайдаланады. Талқылауға арналған сұрақтар:
| ||||||||||
Құндылықтарға баулу: | Зайырлы қоғамда тәуелсіз елдің саналы ұрпағын, үздіксіз білім алуға,сыни ойлауға,өзгелердің пікіріне құрметпен қарап, ынтымақтастықта жүмыс жасауға бағыттау. | ||||||||||
Пән аралық байланыс: | Математика – өлшем бірліктерді түрлендіреді, есептеулер жүргізеді. Биология – көздің көру мүшесі екенін, құрылысын, адам тіршілігіндегі қызметін біледі. Геометрия – кескіннің өлшемін сызады. | ||||||||||
Бастапқы білім: | Оптикалық аспаптармен таныс, оптикалық аспаптардың түрлерін ажырата алады.Өткен тақырыптардан оптикалық аспаптар,түрлері туралы біледі. Биология курсынан көздің қызметі, құрылысы туралы біледі. | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері: | ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 10 минут | І.Ұйымдастыру кезеңі: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Шаттық шеңбер. Есімдер аллитерациясы. Оқушылар суреттер арқылы топқа бірігеді. 1 – топ. Лупа. (лупаның қызметін түсіндіреді) 2 – топ. Микроскоп. (микроскоптың түрлерін айтады) 3 – топ. Телескоп. (телескоптың құрлысын түсіндіру) «Ойлан,тап!» әдісі. Қызығушылықтарын ояту. Жұмбақ шешу: Өзгені көріп екеуі, Бір – бірін көрмей кетеді. (Көз) | суреттер жұмбақ | |||||||||
Сабақтың ортасы 25 минут Білу, түсіну оқылым, тыңдалым, айтылым. | «Джигсо» әдісі (топтық жұмыс) Тапсырма: №1 Оқушылар тақырыптың негізгі идеясы мен ұғымдарын топтарда талқылайды.Топтар бір-біріне өзара түсіндіру арқылы тапсырманы орындайды. 1-топтың тапсырмасы: Көз, көздің құрылысын түсіндіріңдер. 2-топтың тапсырмасы: Көз бөліктерінің қызметін түсіндіріңдер. 3-топтың тапсырмасы: Көздің көру кемшіліктері және оны түзету әдістерін түсіндіріңдер. Дескриптор: - көздің тіршіліктегі қызметін түсіндірді; - көздің құрылысын сипаттайды; - көз бөліктерінің кызметін түсіндірді; - көздің көру кемшіліктерін айтады. - кемшіліктерді түзету әдістерін түсіндірді; Бағалау: қалыптастырушы бағалаудың «От шашу» әдісі шапалақ соғу арқылы бағаланады. Бағалаудың бұл әдісі балалардың сабаққа деген ынтасын көтереді. «Ой қозғау» әдісі. Тапсырма: №2 Сабақтың барысында мынандай сұрақтар беремін: 1. Жүріп бара жатып кітап оқу неге зиян? 2. Көзге неліктен жаттығулар жасау керек? 3. Неліктен компьютерде жұмыс істеу уақытын шектейді? 4. Көздің көру кемшіліктері дегеніміз не? Дескриптор: - Жүріп бара жатып кітап оқудың көзге зиян болуының себебін айта алады. - Көзге неліктен және қандай жаттығулар жасау керек екендігіне мысалдар келтіреді - Компьютерде жұмыс істеу уақыты шектеулі екенін біледі - Көздің көру кемшіліктерін айта алады. «Суреттер сыр шертеді» әдісі Тапсырма:№3 төмендегі суреттерді пайдалана отырып, көздің көру кемшіліктерін қалай түзетуге болады?
Дескриптор:
Бағалау: қалыптастырушы бағалаудың «Басбармақ » әдісі арқылы бағаланады. Бұл әдіс балалардың көңіл-күйін көтереді. | Оқулық, мәтіндер слайд Таратпа қағаздар А 4 парағы | |||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | « Ыстық микрофон» әдісі.Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.
БББ кестесі
| Оқулық, плакат | |||||||||
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасы- ның сақталуы. | |||||||||
«Ойлан тап!» әдісі арқылы оқушыларга жаңа сабақты меңгеруіне қолдау көрсетемін. «ДЖИГСО» әдісі бойынша оқушылар диалог арқылы талқылау, талдау жұмыстарын, алған білімдерін топтарында талқылап және сипаттап түсінеді. «Ой қозғау» әдісі арқылы оқушылар көздің көру кемшіліктерінің алдын алу жолдарын талқылайды қарқыны жоғары оқушылар тапсырманы орындауда және өздерінің ұсыныстарын айтады. «Ыстық микрофон» әдісі оқушылардың осы сабақ бойында алған білімдерін пысықтап, қорытындылайды. | Басбармақ арқылы оқушының оқудағы қажеттілігі қаншалықты қанағаттандырылғанын анықтап, қолдау көрсету, қосымша жұмыстар ұйымдастыру. Кері байланыс ұсыну арқылы сабақтың өне бойында оқушы жұмысының жетістігі бағалап, мен оқудағы қиындықтарын анықтап, оқуын жетілдіру үшін ұсыныстар беріп отыру. | Электр желілерінің қауіпсіздік ережесін сақтау. Сыныпта гигиеналық талаптарды сақтау. |