Файл: ысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы Харди Вайнбергті генетикалы тепетедік заы. 11 саба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 38

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы.

11 сабақ.

Бөлім:

11.4 Биосфера. Экожүйе. Популяция

Педагогтің аты-жөні:

Сапарова Б

Күні:

14.04.2023ж

Сыныбы: 11

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.3.1.3 - экожүйенің алуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысты орнату

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар Харди – Вайнбергтің заңының мәнін, орындалу шартын және заңды қолдануды түсіндіре алады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Харди – Вайнберг заңының математиикалық теңдеуімен танысады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Хайди – Вайнберг заңының мәні неде?
2. Харди – Вайнберг заңының орындалу және қолданылу шарттары қандай?
3. Харди – Вайнберг заңының бұзылу себептерін білесіңдер ме?
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.




1-тапсырма

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.

Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады


1.Харди – Вайнберг заңы қолданылатын қандай популяциялық белгілер бар екенін айтады.
2. Хайди – Вайнберг заңының мәнін айтып береді.
3. Заңның орындалу шартын және оның қолданылуын түсіндіреді.


Дескриптор:_Жалпы_–_3_балл.'>Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

-Тапсырмадағы сұрақтарға жауап береді.


Оқулық, жұмыс дәптерлері, құлаққап.





2-тапсырма

Оқулықта берілген қолдану және талдау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.Жергілікті жерді мысалға келтіре отырып, бір түрде генетикалық тепе- теңдік заңының орындалу сұлбасын жасайды.
2. Қазақстан бойынша генетикалық тепе- теңдік заңының түрлі сұлбасын салыстырады және олардың қолданылу мүмкіндіктерін қарастырады.


Дескриптор:

Жалпы – 4 балл.

- Сұлба жасайды.

- Тапсырманы қарастырады.


Оқулық, жұмыс дәптерлері





3-тапсырма.

Оқулықта берілген синтез және бағалау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Өз аймақтарыңдағы экожүйені мысалға ала отырып, генетикалық тепе - теңдік заңының жоспарын құрады.
2. Харди – Вайнберг заңының салдары туралы презентация жасайды, мысалы, «Қаладағы көгершіндер популяциясы».



Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

- Жоспар құрады.

- Презентация дайындайды.


Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.