Файл: Кні 23. 11. 2018 Білім беру саласы Коммуникация, Шыармашылы, Таным.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні: 23.11.2018
Білім беру саласы: « Коммуникация», «Шығармашылық», «Таным»
Оқу іс-әрекеті: «Сөйлеуді дамыту» , «Аппликация», «Құрастыру»
Тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш».
Мақсаты: Әңгімені балаларға түсіндіру,сөздік қорларын,сөйлеу мәдениетін,ойлау қабілеттерін дамыту, еңбекті бағалап, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Әңгіме арқылы еңбексүйгіштікке, мейірімділікке, ауызбірлікке, ұйымшылдыққа, қанағатшыл болуға, жақсы қасиеттерді
үйренуге тәрбиелеу;
Әдіс -тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру,жапсыру,құрастыру.трек сызба,кубизм.
Көрнекі құралдар: Ы.Алтынсариннің суреті, мазмұнды суреттер,қима әріптер,пластмасстан қасықтар, жұмыртқа бөлшектері, түрлі-түсті қағаздар.
Ы.Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» ертегісі суретпен жасалған кітапша.
Билингвалды компонент:өрмекші-паук. құмырсқа-муравей,қарлығаш-ласточка, ұйымшыл-дружный
Сөздік жұмысы: өрмек тоқып жүр.
Р/С | Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | Кемшіліктері |
| Мотивация Ізденушілік ұйымдастырушылық Рефлексия | Балалар бүгін біз үшін ерекше күн,себебі бүгінгі іс-әрекетімізге көп қонақтар келді.Қане қонақтарымызбен амандасып алайық, Арайлап бүгін атты күн,шашып бізге шапағын Тілейміз сізге ақ таңның,қуанышын шаттығын Қайырлы таң,қайырлы күн бүгін! Сәлеметсіздер ме қонақтар,қош келдіңіздер біздерге. 1.Сұрақ-жауап:
Табиғат бізді қоршаған орта. 2.Ғажайып сәт: (Есік қағып кітапханашы апай келеді) -Амансыңдар ма балалар? Мен сендердің топтарындағы кітап бұрышын көруге келдім.Сендердің білімді ,өнерлі және жақсы балалар екендеріңді естідім.Естігенім рас. Тәрбиеші:Олай болса,балалар қонағымызға кітап бұрышын көрсетейік. -Ой балалар бәрекелді кітаптарың көп екен,өте тамаша! -Ал мына ата кім? -Аталарыңның қандай шығармаларын білесіңдер? -Ыбырай аталарыңның шығармаларын көп біледі екенсіңдер,мен сендерге ризашалығымды білдіремін,бүгінгі күннен ескерткіш сендерге кітап сыйлағым келіп тұр. 3.Ребус шешу: Сурет арқылы ребусты шешеміз. Бастапқы дыбыстарды көрсетіп, «Өрмекші»сөзін атайды. 4.Ғажайып алаң: -Мен сендерді ғажайып алаңға шақырамын.-Сендер өрмекшіге байланысты қандай ертегі білесіңдер? (Суреттердің арасынан білетін әңгімесін тауып айтады,керек емес суретті сызып отырады) 5.Тіл үстарту жаттығулары: Қа-қа-қа,еңбек сүйгіш құмырсқа Жаздай астық тасиды. Ші-ші-ші,бұрышта отыр өрмекші Ғаш-ғаш-ғаш,ұшып жүрген қарлығаш 6.Сөздік жұмыс: «тұзақ құрып,өрмек тоқып деген сөз»,өрмек-паутина,спайда вет. 7.Ы.Алтынсариннің әңгімесін әңгімелеу: -Балалар өрмекші не істеп жүр екен? -Құмырсқа ше? Қарлығаш не істеп жүр? Атасы баласына қандай ақыл айтты. 8.Белгі бойынша топқа бөліну: 1 санын алғандар шығармашылық бұрышына, 2 санын алғандар таным бұрышына 3 санын алғандар трек сызба арқылы кітап бұрышына бөлінеді. 9.Бағалау: -Балалар қараңдаршы үлкен өрмекші күліп тұр,көңілді ол жақсы біледі,ал кішілеуі жабырқау өйткені ол кейбір сұрақтарға жауап бере алмады.Сендер қалай қатыстыңдар ? Жақсы жауап бергендер көңілді құмырсқаға,орташа жауап бергендер жабырқау өрмекшінің қасына барып тұрамыз 8.Бекіту: «Кубизм»арқылы: -Шеңбердің суреті(шаттық шеңбері) -Кітаптың суреті(апай келді,кітап сыйлады) -? Өрмекшінің суреті(суреттердің бірінші дыбысынан өрмекші сөзін таптық) -Тілдің суреті(өрмекші,қарлығаш,құмырсқа сөзіне буын ұйқасты таптық) -1-2-3 орталық(орталықтарға бөліндік) -Қылқаламның суреті(қарлығашты жапсырдық) -Қасықтың суреті(құмырсқаны құрастырдық) -Суреттер(әңгімені құрастырдық) | Балалар шаттық шеңберіне тұрады,шаттық шеңберінің сөзін жатқа айтады Табиғат бізді қоршаған орта,біз оны аялап күтіп,баптап,еңбектенуіміз керек. Балалар келген қонақпен амандасады. Апайды тыңдайды. Кітап бұрышын көрсетеді Жазушы аталарының атын айтады. «Түлкі мен ешкі», «Әке мен бала», «Бақша ағаштары». Суреттер бойынша ребусты шешеді. Өрмекші туралы әңгімені тауып көрсетеді. Тіл ұстарту жаттығуын жасайды. Әңгіме бойынша сұрақтарға жауап береді Топқа бөлініп орталықтар бойынша жұмыс жасайды. Өздерін бағалайды Мақал-мәтелдер айтады | |
Күтілетін нәтиже:
Істей алады: Құмырсқаның қағаз бетіне дұрыс орналастыруды
Меңгереді: Топтасуды
Қолданады: Желімді дұрыс пайдалануды
Тексерген: