Файл: Хаттама 2 03. 2023ж. Алматы аласы. 4 курс, 6В01507Информатика, 6В01509информатика жне робототехника мамандытары. 5 наурыз, 2023 жыл, саат 10. 00де, 306 аудиторияда педагогикалы практикаа баыттау конференциясы тті. Кн тртібінде.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 23
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Хаттама №2
5.03.2023ж. Алматы қаласы.
4 курс, 6В01507-Информатика, 6В01509-информатика және робототехника мамандықтары.
5 наурыз, 2023 жыл, сағат 10.00де, 306 аудиторияда педагогикалық практикаға бағыттау конференциясы өтті.
Күн тәртібінде:
1. Практиканттарды сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ереже және жекеленген ережелермен таныстыру туралы.
2. Әдіскерлер мен практиканттар арасындағы жұмыс жоспарын бекіту,таныстыру жайында.
3. Әдістемелік көмек.
Қатысқандар:
Ошанова Н.Т.-каф.меңгерушісі, әдіскерлер: Сағымбаева А.Е., Шекербекова Ш.Т., Арынова Г.С., Сәлғожа И.Т., Шармуханбет С.Р., Қурмангалиева Н.
Сөз сөйлегендер:
Ошанова Н.Т.: Практиканттар сегіз апта бойы практика өту барысында, дипломдық жоба бойынша эксперимент жүргізесіңдер, теорияларыңа байланысты және де квалификациялық тест тапсырасыңдар, ол болашақ жұмыс орнына өте қажет. Мектептегі практикаларыңды сол жердегі әкімшілікке толық бағынасыңдар, күніне алты сағат мектепте болу міндетті.
Сәлғожа И.Т.: Мектеп программасы бойынша студенттерге ақпарат берді.Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмысын айтып, ерекшеліктеріне тоқталды.
Шармуханбет С.: Практика барысында қандай құжаттармен жұмыс жасауды, оны қалай толтыру керектігін анықтап, көрсетіп, толық ақпарат берді. Сайтқа қалай жұктеу жолдарын көрсетті. Сабақ кезінде бейне сабақты түсіру жолдарында көрсетті.
Арынова Г.С.: Практика жетекшілерінің және мектептердің атқаратын жұмыстарына тоқталды. Портфолио жұмыстарын түсіндірді. Мектептегі пайдаланатын сайттарға шолу жасады. Әрбір мектепте практикаға жауапты студенттерді тағайындады. Бөлінген сыныппен жұмыстар туралы ақпарат берді. Сынып журналдарын толтыру туралы нұсқаулықпен таныстырды.
Сол нұсқауларды сақтап сынып журналын толтыру керек. Эстетикалық жағынан талаптарын сақтау. Журналды таза, қара сыямен толтыру. Сынып жетекшілер және тәлімгерлер журналды тексеру.
Практиканттар күнделік жоспарды жазу көмектесу. Мақсат, міндеттерін анықтау, жоспарланған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы. Үй тапсырмалар оқушылардың деңгейіне сәйкес беру. Осы жұмыстарды меңгеру қажет.
Практиканттар жұмыс жоспарын құрастыру тиіс. Және өзін-өзі жетілдіру тақырыбын таңдау. Тақырып, мақсат, міндеттерін анықтау. Құрастырылған жоспар бойынша жұмыс жүргізу. Өзін-өзі жетілдіру мақсатында жас мамандар курстарға, семинарға, конференцияларға қатысу. Оқушыларды олимпиадаға дайындау жұмыстарында көмектесу керек.
Шешім:
1. Практиканттарды сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ереже және жекеленген ережелермен таныстырылсын.
2. Практиканттардың жұмыс жоспарын бекіту,таныстырылсын.
Хатшы: Арынова Г.С.