ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Педагогтың аты-жөні | Шамшидин М.Б. | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: 6 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | « Экология - өмірдің жүрегі! » | |||||
Бағыты | «Еңбек, экономикалық, экологиялық»тәрбие | |||||
Сабақтың мақсаты | Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу. | |||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурс тар | ||
Сабақтың басы 10 мин | Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру кезеңі. - Топтарға бөлу Жұмбақтың шешіміне сай екі топқа бөліну: «Су», «Жер». 1.Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен.(су) 2. Бір зат бар дүниеде құшағы кең, Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең, Адамзат,жан-жануар арасында Мәңгілік өсіп-өніп, өмір сүрген.(жер) Оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстыру Кіріспе сөз Қазіргі кезде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселердің біріне айналды. «Табиғат, Табиғат – Ана» деген сөз асқақтаған ұғым. Жаңа экологиялық мәдениет осыны мойындауы тиіс.Табиғатқа деген ілтипат бұл адамға көрсетілген құрмет. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы зор болса, экологияландырылған білімді ұрпақ қажет. Жалпы, табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғатты қорғау, туған жерімізді көркейту біздің қолымызда. | Амандасады Оқушылар топқа бөлінеді | Мадақтау сөздері арқылы | Слайд | ||
Сабақтың ортасы 30 мин | Оқушылардан тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылады
Кіріспе сөз: Танысу аялдамасы: «Жасыл» экономика бейнежазба «Біз жерде өмір сүреміз. Бәріміз ата- ана үшін, оқу үшін, болашақ үшін жауап береміз, ал Жер үшін жауапкерлікті сезінеміз бе? Оның өсімдігімен, топырағымен, ауасымен, қалаларымен не болып жатқанын білеміз бе? Әркім осы жерде өзінің ізін қалдырады. 1. Бұл видеода табиғаттағы қандай проблемалар қозғалды? (ауыз су тапшылығы, энергия жетіспеушілігі, жаһандық жылу) 2. Бізге энергия не үшін қажет? (құралдарды пайдалану үшін) 3. Тоқты қайдан алады? (зауыттарда, электр станцияларында) 4. Ондай зауыттар қандай зиян келтіреді? (табиғатты ластайды) 5. Тоқты тағы қалай алуға болады? (күннен, желден, судан) Топтық жұмыс /Постер қорғау 1 топ «Экологиялық қауіпті апаттардың алдын алу үшін» 2топ «Экологиялық проблемалардың адам үшін қандай зияны бар?» Енді «Киностудио» аялдамасына келеді. «Қазақстанның экологиялық проблемалары» фильмін көру. «Ой шақыру» аялдамасы. фильмін көріп, оқушылар Қазақстанның байлықтарын айта келіп, оны өндірудегі табиғатқа зиян келтіретін екінші жақтарын көрсетеді. «Байлықтарды дұрыс игермеу неге әкелді?», «Адамзаттың әдейі жасалған қастандықтарының соңы неге әкеп соқтырды ?» - деген сұрақтарға жауап береді «Арал тағдыры, Каспий», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс көрсетіледі. «Арал тағдыры» бейнефильмінен қандай ой түйдіңдер? «Жалғасын тап...» ойыны
. Қоқыс - қалауын тапса, кіріс әкеледі". Аялдамасы бойынша окушылардан жанұяның бір күнгі үйден шығатын қоқыстарын тізімін сұралды, олардың қанша уақытта толық айырылып, шіру уақытымен таныстырылды. Қазақстанның экологиясын бүлдірмеу үшін окушылардан ұсыныстар айтылды Заттардың толық айырылып, шіріп кетуі: Қағаз 2-10 жыл Консерві банкалар 80 жыл Полиэтилен 200 жыл Пластмасса 500 жыл Шыны 1000 жыл | Оқушылар берілген суреттер бойыгша әңгіме құрайды Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді Оқушылар бейнежазба көріп, сұрақтарға жауап береді Оқушылар постер қорғайды | Мадақтау сөздері арқылы | Сурет https://www.youtube.com/watch?v=wnFMQLi3Mqs https://www.youtube.com/watch?v=IqdHDnrFMQM | ||
Сабақтың соңы 5 мин | Қорытынды кезең. Мұғалім гүл көшетін ұстап тұрады. Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. 1. Табиғат — ол Топырақ. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады. «Жер» тобы ыдысқа топырақ салады. 2. Табиғат — ол Су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. «Су» тобы гүлге су құяды. Табиғатты аялау-адамзаттың перзенттік парызы.Табиғатты аялау-туған елді,жерді аялау Рефлексия . Табыс ағашы | Оқушылар кері байланыс береді | | слайд |