Файл: Оытуды лгілік оу бадарламасы негізінде 2022 2023 оу жылына арналан йымдастырылан ісрекетті перспективалы жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен

оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы (балабақша / шағын орталық, мектепалды сыныбы)____________________________________

Топ: мектепалды топ

Балалардың жасы: 5 жасар.

Жоспардың құрылу кезеңі: наурыз айы, 2022-2023 оқу жылы.


Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Наурыз

Дене шынықтыру

- балалардың денсаулығын сақтау және қорғау, физикалық үйлесімді дамыту;

- спортқа деген қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салты дағдыларын дамыту;

- дене шынықтыруға баулу, дененің физикалық сапаларын: күш, жылдамдық, шыдамдылық, икемділікті дамыту;

- дене шынықтырудың әртүрлі нысандарында шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін дамыту;

- балалардың дене қалыптарының дұрыс дамуына, қимылдарының үйлесімді қалыптасуына, жалпақ табандылықтың алдын алуға медициналық- педагогикалық бақылау жүргізу және ұлттық қимылды ойындар өткізуге жағдайлар жасау.

Негізгі қимылдар.

Лақтыру, қағып алу, домалату: допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру және екі қолымен, бір қолымен (оң және сол қолын алмастыру) қағып алу; допты бір қатарға қойылған заттардың арасымен домалату, допты қабырғаға лақтыру және екі қолымен қағып алу; 2–2,5 метр арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты, асықты лақтыру, допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5–2 метр) басынан асыра лақтыру, допты екі қолымен заттардың арасымен (арақашықтығы 4 метр) жүргізу, допты лақтыру және алға қарай жылжып, екі қолымен қағып алу (арақашықтығы 4–5 метр).

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Арқаға арналған жаттығулар: отырып алға, артқа еңкею (5–6 рет), стретчинг элементтері бар жаттығуларды орындау, қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу (3 метр).

Спорттық жаттығулар.

Дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықты ояту және дене шынықтырумен, спортпен айналысуға баулу. Спорт түрлерімен таныстыруды жалғастыру. Спорт залда және спорт алаңында қауіпсіздікті сақтауға баулу.

Жүзу. Судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимылдар жасау (жоғары және төмен). Судың ішінде қолымен алға, артқа жүру (аяғы денесінің деңгейінде созылған). Иек, көз деңгейіне дейін судың ішінде отыру, суға бетін малу, суға үрлеу; суда жүзу.

Спорттық ойындар.

Бадминтон. Воланды ракеткамен белгілі бір жаққа бағыттай отырып лақтыру.

Қимылды ойындар.

Ынта мен шығармашылық таныта отырып, таныс қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік беру. Ұлттық қимылды ойындарды ойнату. Балаларды жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға баулу.

Дербес қимыл белсенділігі.

Қимылды ойынның дамуына ықпал ететін әртүрлі құралдар мен спорттық жабдықтары бар ортаны құру. Балалардың құрдастарымен қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруына жағдай жасау, олардың жарыстар ұйымдастыруға деген белсенділігін қолдау.

Балалардың дербес қимыл белсенділігін ұйымдастыруда, меңгерген қимыл дағдыларын жетілдіру үшін серуен өткізілетін орынды жабдықтау, ойын алаңында балалардың жүруіне арналған кедергі жолдар жасау.

Қыс мезгілінде мұзды жолдармен сырғанауға, шаңғымен жүруге, хоккей ойындарына, шанамен сырғанауға, ал көктем, жаз мезгілдерінде велосипед тебуге, футбол, бадминтон, баскетбол ойындарына жағдай жасау.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту.

Адамның денсаулығы дұрыс тамақтануға байланысты екені туралы түсініктерді жетілдіру. Адамның денсаулығына гигиена мен күн тәртібінің ықпалы туралы түсініктерді кеңейту. Науқасқа күтім жасау дағдыларын қалыптастыру: оған қамқорлық жасау, шуламау, оның өтініштері мен тапсырмаларын орындау. Науқастарға жанашырлық танытуға тәрбиелеу.

Өзінің көңіл-күйін сипаттай білуге үйрету. Балаларды дені сау адамның мүмкіндіктерімен таныстыру, олардың салауатты өмір салтына деген қажеттілігін қалыптастыру.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру.

Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру.

Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.

Гигиеналық шараларды жүргізуде балалардың өзара көмегін қолдау. Өзіне-өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын жетілдіру. Шамасы келетін еңбек тапсырмаларын, асханада кезекшілердің міндеттерін орындауға, түрлі балалар әрекеттеріне қажетті құралдарды дайындауға баулу.

Қоғамдық орындарда гигиена ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Су температурасын біртіндеп төмендете отырып, қарапайым шараларды өз бетінше жүргізуге дағдыландыру, балалардың денсаулығын, шынықтыру құралдарының әсерлеріне бейімделу деңгейін ескеріп, қарама-қарсы температурадағы сумен шайыну, таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және өкшелерді нығайту.

Сөйлеуді дамыту

- ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру;

- коммуникативтік дағдыларды дамыту: әңгімелесушіні тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға үйрету;

- балалардың тәжірибесіне сүйене отырып және олардың қалауын ескере отырып, тәрбиешімен және құрдастарымен келесі талқылаумен тәуелсіз қабылдау үшін көрнекі материалдарды таңдау;

- әндер мен билерді қолдана отырып, көркем бейнені құруда шығармашылық дербестікті дамыту.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Сөйлеуде интонациялық мәнерлілік құралдарын қолдану: дауыс қарқынын, логикалық үзіліс пен екпінді реттеу.

Сөздік қор

Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыруды жалғастыру, «Асар», «Сүйінші сұрау» дәстүрлерінің мәнін түсіндіру, балаларды бір-біріне көмек қолын созуға, бірлесіп, келісіп ойнауға, тапсырманы орындауға, бір-бірінің қуанышына ортақтаса білуге, бір-біріне қамқор болуға баулу.

Байланыстырып сөйлеу.

Айналасындағылармен өздігінен диалогті бастауға ынталандыру, әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қоюға және қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті ұстау, әдепті және сабырлы болу

Сауат ашу негіздері

- сауат ашудың алғышарттарын қалыптастыру арқылы қолды жазуға дайындау;

- коммуникативтік дағдыларды дамыту: әңгімелесушіні тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға үйрету;

- балалардың тәжірибесіне сүйене отырып және олардың қалауын ескере отырып, тәрбиешімен және құрдастарымен келесі талқылаумен тәуелсіз қабылдау үшін көрнекі материалдарды таңдау;

Геометриялық фигуралардың, көгөністер, жеміс-жидектердің дайын суреттерінің сыртын шетке шығармай бастыру, бояу. Әртүрлі бағыттағы тігінен, көлденең, қысқа, ұзын, толқынды, ирек сызықтарды, нүктелерді, тамшы тәрізді пішіндерді олардың арасындағы арақашықтықты сақтап, алдымен үлгі бойынша және кейіннен өз бетінше жазуға мүмкіндік беру.

Көркем әдебиет

- коммуникативтік дағдыларды дамыту: әңгімелесушіні тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға үйрету;

- түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт- дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі сөйлеуді дамыту;

- балалардың тәжірибесіне сүйене отырып және олардың қалауын ескере отырып, тәрбиешімен және құрдастарымен келесі талқылаумен тәуелсіз қабылдау үшін көрнекі материалдарды таңдау;

Баланың басқа құрдастарымен және ересектермен түрлі дереккөздерден: ғаламтордан, теледидардан, жақындарының әңгімесінен алған ақпараттарымен, әсерлерімен бөлісуіне мүмкіндік беру. Айналасында болып жатқан оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіруге құлшынысын дамыту, сөйлегенде мақал-мәтелдерді қолдануға баулу.

Қазақ тілі

- коммуникативтік дағдыларды дамыту: әңгімелесушіні тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға үйрету;

- балалардың заттар мен жағдайды нақты сипаттауда қарапайым тұжырымдар мен өз ойларын басқаларға түсінікті жеткізуге баулу;

- әндер мен билерді қолдана отырып, көркем бейнені құруда шығармашылық дербестікті дамыту.

Тілдік дамытушы орта.

Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, киім-кешегімен, азық-түлік өндірудегі тұрмыстық кәсібімен, тұрмыста, аң аулауда, мал өсіруде және егіншілікке қажетті құрал жабдықтары, туған өлкенің көрнекі жерлері, әсем табиғаты, тарихи орындары туралы суреттер, фотолар, альбомдармен жабдықталған орта құру.

Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).

Сөздік қор.

Қазақ халқы қолөнер шеберлерімен жасалған киіз үйдің заттарын және тұрмыстық заттарды білдіретін (кереге, уық, шаңырақ, ағаш керует, кебеже, сандық, кілем, сырмақ, алаша, ши, бау, басқұр, арқан, жіп), азық-түлік атауларын (бидай, күріш, арпа, жүгері, талқан, тары, жент, құрт, сүзбе, шұбат, қымыз, айран).

Тілдің грамматикалық құрылымы

Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді, интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.

Байланыстырып сөйлеу.

Таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға, тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен жүйелі түрде жеткізуге, кейіпкерлердің диалогын мәнерлі интонациямен беруге, шығарманы рөлдерге бөліп сомдауға, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізуге баулу, шығарманы еркін талқылауға мүмкіндік беру.

Математика негіздері

- танымдық қызығушылықтарын, білуге құмарлықты, оқу әрекетіне қызығушылықты дамыту, мектепте оқуға ынтасын арттыру;

- зейінді, есте сақтауды, бақылауды, зерттеуді, талдау жасай білуді, себеп - салдарлық байланыстарды орнату, қорытынды жасауды дамыту;

- балаларды зерттеу барысында жаңа ақпараттарды алуға, обьектілерге зерттеу жүргізу үшін өз әрекетінің алгоритмін жасауға баулу;

- математикалық және интелектуалды-шығармашылық қабілеттіліктің алғышарттары көрінуіне ықпал ету.

Кеңістікті бағдарлау.

Кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа.

Қоршаған ортамен таныстыру

- әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру, қоғамның әлеуметтік және этикалық нормалары мен дәстүрлеріне, жалпы адами құндылықтарға баулу; дербестікке тәрбиелеу;

- Отанның тарихы мен мәдениетін білу және оған құрметпен қарауды қалыптастыру, туған жер туралы түсініктерін кеңейту; - еңбек түрлеріне және әртүрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;

- табиғат әлеміне танымдық қызығушылықты, табиғаттың тірі объектілеріне жанашырлық сезімін дамыту, қоршаған ортаға қатысты кейбір әрекеттерінің қарапайым салдарын көре білу;

- экологиялық мәдениеттің негіздерін қалыптастыру және табиғатта өзін қауіпсіз ұстау.

Табиғатпен таныстыру

Адам өмірі үшін судың, құмның, күн, ай сәулесінің, саздың, тастардың маңызын түсіну.

Жануарлар әлемі

Жануарлардың тірі тіршілік иесі екендігін бақылау және себеп-салдарлық байланыстарды ажырату: жануарлар қозғалады (жүреді, жүгіреді, секіреді, ұшады, қозғалады); қоректенеді (өсімдіктердің жапырақтары, сабағы, бұтақтары, қабығы, шырыны, тұқымдарымен, етпен, жәндіктермен); өседі және көбейеді, қоршаған ортаны көз, мұрын, тіл, құлақ, тері көмегімен сезе білу.

Қоршаған ортада, табиғатта тәртіп ережелерін білу; өз өмірінің қауіпсіздігін сақтау (бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, ойнамау, бөтен машиналарға отырмау, бейтаныс адамдардың өтініштерін орындамау, олардың соңынан ермеу).

Адамгершілік және патриоттық тәрбие.

Тірі және өлі табиғаттың, Қазақстанның әсем табиғаты, көрнекі жерлері мен тарихи орындарының, мәдени мұрасының маңыздылығын түсіну. Қазақ халқының киіз үйінің маңыздылығын, оның құрылысы мен ішкі жабдықтарын білу. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу және құрметтеу, қазақ халқының құндылықтарына құрмет таныту.

Мерекелік мерекелердің Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы маңыздылығын түсіну, оларға белсенді қатысу.

Құрастыру

- балалардың өнер шығармаларын эмоционалды қабылдау қабілетін қалыптастыру.

Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен, киіз үйдің жасауларымен, тұрмыстық заттарымен, ыдыстарымен таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу.

Сурет салу

- өзінің, құрдастарының жұмыс нәтижелерін бағалай білуге, жұмысты ұжыммен орындауға баулу;

- балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмді тәрбиелеу үшін жағдай жасау; балалардың түрлі әрекеттерінде қауіпсіздікті сақтау.

Қазақ ою-өрнектерінің түрлері («түйетабан», «құсқанаты», «құстұмсық», «жапырақ», «жауқазын», «жетігүл», «жұлдызгүл») туралы түсінігін кеңейту, өзіне тән элементтерді пайдалана отырып, оларды құрастыра білуін дамыту. Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, колоритін жеткізе отырып, көлемді пішіндерді бояу, парақтың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажырату, тік сызықтардың әртүрлі үйлесуімен құрылған қазақ ою-өрнегінің элементтерін салу.

Ою-өрнектермен қазақтың ұлттық киімдерін (орамал, шапан, қамзол) салу, оларды пішіндердің ортасында және шеттерінде орналастыру. Ою-өрнекті өз бетінше ойдан салуға мүмкіндік беру. Ұжыммен бірге жұмыс істеу, міндеттерді өзара келісіп орындау, салынған суретпен түрлі ойындар ойнау.

Мүсіндеу

- балалардың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдауын дамыту.

Қазақ халқының түрлі ыдыс-аяқтарын (қазан, астау, табақ, тостаған, керсен, ожау, күбі торсық), тұрмыстық заттарын (керует, үстел, ер-тұрман, ошақ, кебеже, диірмен), зергерлік бұйымдарымен (білезік, сырға, сақина, тұмар, шашбау), туған өлкедегі мәдени мұра ескерткіштерімен таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән) безендіру, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдану, олардың бетіне бедерлер жасау.

Жапсыру

- қоршаған әлемді эмоционалды тану, өнер түрлері туралы түсінігін қалыптастыру.

Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын беру, әлеуметтік оқиғаларды, балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу, шаблондармен, трафареттермен, дайын үлгілермен жұмыс істеу, композиция ережелеріне, перспективаға сәйкес бейнелерді құрастыру.

Қайшы мен желімді дұрыс қолдану дағдыларын жетілдіру, еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтау.

Музыка

- музыкаға, өнердің түрлеріне, өнер туындыларына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу;

- таныс әндерді өз бетінше музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындауға үйрету.

Музыкаға қызығушылық пен сүйіспеншілікті қалыптастыру. Классикалық, халықтық және заманауи музыкамен таныстыру негізінде музыка мәдениетін қалыптастыру.

Музыка тыңдау.

Музыкалық шығармалардың жанрларын ажыратуға (ән, күй, марш, би) үйрету. Шығармалардың жеке фрагменттері бойынша (кіріспе, қорытынды, музыкалық фразалар) әуендерді тану арқылы музыканы есте сақтауды жетілдіру.

Ән айту.

Ән айту дағдыларын қалыптастыру, бірінші октаваның «ре», екінші октаваның «до» диапазонда жеңіл дауыспен ән айту, ән айтар алдында, музыкалық фразалар арасында тыныс алу, әннің сөздерін анық айту, орташа, қатты және ақырын дауыспен ән айту. Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жеке ән айту дағдыларын дамыту. Әртүрлі сипаттағы әндерді өз бетінше және шығармашылықпен орындауға баулу. Әнді музыкалық талғаммен орындауға жаттықтыру.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Музыканың және оның бөліктерінің сипатындағы өзгерістерге сәйкес қимылдарды өзгерте отырып, жаттығуларды орындауға үйрету: марш сипатын анық ырғақты жүрумен; музыканың қимыл сипатын жеңіл және ырғақпен жүгіру, жүрелеп отыру арқылы бере білу.

Би қимылдарын: қосалқы және ауыспалы қадам жасауды, әртүрлі бағытта жүгіруді және секіруді меңгеру.

Билер.

Қазақ халқынының би өнерімен таныстыру, қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқандығын, ол халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы екенін, би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін құрайтынын түсіндіру, балаларға "Қаражорға" биін билету.

Би шығармашылығы.

Таныс би қимылдарын қолдана отырып, музыканың сипатына сәйкес ойдан би қимылдарын шығару, мәтінге сәйкес әнді сахналау; шығармашылық тапсырмаларды орындауға ынталандыру.

Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау.

Балалар музыкалық аспаптарында қарапайым, таныс әуендерді жеке және шағын топпен орындауға үйрету, балалар шығармашылығын дамыту, оларды белсенділікке, дербестікке баулу.