Файл: зынааш ауылындаы орта мектебі кмм аза дебиеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ұзынағаш ауылындағы орта мектебі «КММ»

Қазақ әдебиеті

Бөлім:

Адамгершілік – асыл қасиет

Педагогтің аты-жөні:

Кусаинова Р

Күні:

07.02.23

Сыныбы: 5

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ағаттықтың азабы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Сабақтың мақсаты:

Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады

Сабақтың барысы:


Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақ кезеңі/Уақыт

Сабақтың басы

3 мин.

Сабақтың ортасы

35 мин

Амандасу.

Түгендеу. «Жақсы сөз» Бір-біріне бір жақсы сөз айту.

Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
Сенің меңгеретінің:

- шығармадағы басты кейіпкердің портретін сипаттап, іс-әрекеті арқылы образын ашасыз;

- шығарма кейіпкерлерін сәйкестендіріп, кейіпкерлердің көркем бейнесін анықтайсыз;

- өз көзқарасыңызға шығармадан дәлел келтіріп, ойыңызды қорытындылайсыз.

1-тапсырма. Шығармадағы басты кейіпкер, Қожаның портретін сипаттайтын сөз тіркестері мен сөйлемдерді тауып жазыңыз. Шығарма негізінде кейіпкердің маңызды үш іс-әрекетін анықтаңыз

Талқылау сұрақтары:

1. «Менің атым Қожа» хикаятындағы кейіпкерлер кімдер?

2. Не себепті сіз Қожаны тентек бала деп ойлайсыз?

Анықтама бұрышы

Портрет

– бұл адамды бейнелеу. Портретте адамның ұзына бойы, отырған қалпы немесе бет - пішіні ғана бейнеленуі мүмкін. Осы көріністің бәрі - портрет деп аталады.

Жазушы адам портретін жасау үшін, оны оқушыларына жеткізіп беру үшін теңеу, эпитет, метафора тағы басқа бейнелеу құралдарын қолданады. 

Жазушы шығармаға қатысушылардың сыртқы портретімен қатар ішкі портретін – мінезін, құлқын, наным-сенімін, дүниеге көзқарасын суреттейді. Әдебиетте мұны мінездеу дейді.
2-тапсырма. «Графикалық органайзер» әдісі арқылы берілген үзінділер бойынша шығарма кейіпкерлерін сәйкестендіріп, кейіпкерлердің көркем бейнесін ашыңыз

Талқылау сұрақтары:

1.Осы оқиға кезінде Қожаның орнында болсаң не істер едің?

2.Сыныптарыңызда Қожа бейнесіндегі балалар бар ма ?
ЕББҚ тапсырмалары

Төмендегі сұрақтарды негізге ала отырып, ойыңызды төрт сөйлеммен жеткізіңіз.

Сіздің ойыңызша, Қожаның іс-әрекеті дұрыс па?

Қожа шығарма соңында қалай өзгерді,жақсы жағына ма,әлде керісінше ме?



Бір-біріне жақсы тілек жолдайды.

Сабаққа зейінін бұрады

Сабақ мақсатымен, танысады.

Шығарма негізінде кейіпкердің маңызды үш іс-әрекетін анықтайды


Кейіпкер




Кейіпкердің кескін-келбеті




Кейіпкердің маңызды үш әрекеті







Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,…»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін…»

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын…»

Соңғы сөйлем:«Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім…»

Ауызша жауап береді

Дескриптор:

-кейіпкер портретіне қатысты сөз тіркестері мен сөйлемдерді тауып жазады; 2б

-маңызды үш әрекетін анықтайды.3б


Дескриптор:

Берілген үзінділер арқылы шығарма кейіпкерлерін сәйкестендіреді;5б

Дескриптор:

- тақырып туралы өз ойын жазады;

-тақырыпты түсіну сөйлемін жазады;

-өз көзқарасына шығармадан дәлелдер келтіре алады;

тақырып бойынша қорытынды жасайды.



5-сынып «Қазақ әдебиеті»


Слайдтар

Презентация

5-сынып «Қазақ әдебиеті»


Сабақтың соңы

«Ағаттықтың азабы» тақырыбында өз көзқарасыңызды тұжырымдап, эссе жазыңыз. Сөз көлемі 80-100 сөз

«ҚҚҚ»әдісі бойынша өз түсініктерін жеткізеді

Құнды-

Қызық-

Қиын-


10 балдық жүйемен бағаланады.