Файл: ндірістік педагогикалы практика бойынша студентті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Өндірістік - педагогикалық практика бойынша студенттің

ЕСЕБІ

КЕЛІСІЛДІ

Ұйым жетекшісі

________ Сейтказинова Г.М.

(қолы)

Гуманитарлық ғылымдардың жоғары мектебі: 5В011400 (МТ-41) тобының студенті: Альшинбеков Азат Галамбекович

Мекеме: Фрументьевка жалпы орта білім беру негізгі мектебі

08.02.2021-16.04.2021 ж.ж аралығында
Мен, Альшинбеков Азат Галамбекович Павлодар педагогикалық университетінің 4-курс студенті, 08.02.2021-16.04.2021 ж.ж. аралығында Фрументьевка жалпы орта білім беру негізгі мектебінен өндірістік – педагогикалық практикадан өттім. Тәжірибемнің алғашқы (бақылау) аптасында 6 «А» сыныбының оқушыларымен толық танысып, олар жайлы барлық ақпараттарды жинадым. Сыныпта барлығы 2 оқушы. Сынып жетекшісі Тоқсанбаева Алия тәрбие жұмысының жоспарымен, сабақ жоспарымен таныстырды.

Тарих сабағына қатыса отырып, мұғалімдердің сабақ берудегі әдіс-тәсілдерін, оқушылармен қарым - қатынасын бақылай отыра, оқушылардың мінез - құлқын, сабаққа деген үлгерімдерінің қандай дәрежеде екенін анықтадым. Мұғалімге көмектесу барысында дәптерлерді тексеріп, бағалаудың ерекшеліктерімен таныстым. Осы қысқа уақыт аралығында тарих пәні мұғалімінен көп нәрсе үйрендім. Мысалы, сабақ жоспарын оқу бағдарламасына сай құруды, уақытты дұрыс бөлуді, оқушылардың назарын аудара білуді және тағы басқа да нәрселерді үйрендім.

Мектепте бекітілген пән мұғалімі мен сынып жетекшісімен байланыста болып, әр сабақтан соң, сабақ барысына талдау жасап, үлгермей жүрген оқушыларға көмектестім. Сабақ өту барысында оқушыларға жаңартылған білімге сай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға тырыстым. Ең бастысы оқушыларға ақпаратты жеткізе алу шеберлігін үйренуге бас күшімді салдым. Онлайн сабақ жүргізу барысында байқағаным, карантиндік режим балалардың білім деңгейінің кішкене болсын төмендеуіне алып келетіні рас . Солай бола тұра өткізілген сабақтарда оқушылар белсенді болып, сабақтарға мүмкіндігі барынша мұқият қарады.

Сыныппен жұмыс барысында оқушылардың мінез-құлықтары, білімді қабылдау деңгейлерінің әрқалай екендігіне де көзім жетті. Тапсырма беру кезінде күрделілік деңгейіне назар аудара отырдым. Сабақта қолданған әдіс-тәсілдердің арқасында оқушылардың білім деңгейі , ойын жинақы айтуы дамып,жоғарылады.

Іс-тәжірибемнен меңгерген жәйттарды: Оқу мақсаттарына сай тапсырмаларын құрау, кері байланыс орнату, оқушылардың деңгейіне қарай тапсырма құрастыру,сыныптан тыс жұмыс жасау дағдыларымды дамыттым. Болашақта осы аталған жәйттарды іс жүзінде дәлелдеп, тәжірибе жетекшілерім мен мұғалімдерімнің үмітін ақтап, жақсы ұстаз болатыныма сенемін.


Іс-тәжірибеден өтуші: Альшинбеков А.Г.

Іс-тәжірибе жетекшісі: Тохметова Г.М.