Файл: лтты Трбие ндылытары негізінде оушылара патриотты Трбие беру мастеркласс Краснопол орта мектебі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 47

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


в) Қатты жерде қақ тұрар,

Ынсапты елде бақ тұрар.( Елбасын әр қашанда қолдап тұрар болсақ, бағымыздың тұрақты болатынына сенімдіміз).

г) Татулық – байлық (Еліміздің байлыған игере алуымыздың бірден бір себебі осы татулық қасиетінің арқасы деп білеміз).

ғ) Ер есімі – ел есінде.(Қазақстан тарихында өшпес алтын әріппен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мәңгі ел есінде қалады)

Тиімділігі: тіл байлығы дамиды, ұлт жандылыққа, ҚР тарихын, тәуелсіздікті бүгінгі өмірімен байланыстыра отырып мәнін ашуға үйретеді.

Оқушыларды неге үйретеді: елін жерін сүйуге, ұлт жандылыққа тәбиелейді.

Нәтиже: ұлттық құндылықтарды бағалауға үйренеді.

3. Жәрмеңке (қолөнер көрмесі). Пластилиннен сурет, ағаш, мата, т.б. материалдардан жасалған, «Тәуелсіздікке сый» сұлбасы.

Тиімділігі: шығармашылық қабілеті дамиды, оқушылардың ой өрісі артады.

Оқушыларды неге үйретеді: сұлулыққа, әсемдікке, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа үйретеді.

Нәтиже: Шығармашыл, еңбекқор оқушы қалыптасады.

4. Патриоттық әндер байқауы, шеру.

Бұл ұсыныс арқылы оқушыларды еліміздің патриоттық әндерін насихаттау.

Тиімділігі: дарынды, өнерлі бала табуға көмектеседі.

Оқушыларды неге үйретеді: өнерлі, шығармашыл болуға үйретеді.

Нәтиже: дарынды, өнерлі, жан-жақты бала анықталады. Патриоттық әндер оқушы жадында сақталады. Өнерге деген құштарлығы артады.

5. Суретпен жұмыс. «Суреттер сөйлейді»

Дайын суреттер бойынша ойын айту

Тиімділігі: Баланың есте сақтау қабілеті артады.

Оқушыларды неге үйретеді: біреудің ойын түсінуге, суретке қарау арқылы сурет салушы адамның қандай екенін біле алады.

Нәтиже: суретті сөйлете біледі, ойлау, шығармашылық қабілеті дамиды, тіл байлығы дамиды, қиялдау қабілетін дамытады.

6. Баяндама (Конференция)

Қазақтың көрнекті тұлғалары:

Н.Ә.Назарбаев

Абылай хан

Қайрат Рысқұлов

Ә.Кекілбаев

Тәуелсіздік жолында тер төккен қазақ тұлғалары.

Тиімділігі: оқушы ізденеді, өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді, жауапкершілігі артады.

Оқушыларды неге үйретеді: қиындыққа мойымауға үйретеді, өжеттілікке, қайсарлыққа, батырлыққа тәрбиелейді.

Нәтиже: Осы аталған тұлғалардың өмірімен танысады.

7. Тренингтер.

1. Жағдаяттар.

1) Сенің сыныбыңда әр түрлі ұлт өкілдері оқиды. Олардың арасында ұрыс туындаса не істейсің?

2) Сенің бір досың «алаңға ту бекер қойылған, орнына ескерткіш қою керек еді» деген пікір айтты. Сенің әрекетің?

2. Танысу (доп лақтыру)


а) Атың кім? (6 оқушы)

ә) Сен кімсің? (оқушы, бала, азамат)

б) Сен қандай оқушысың? (тәртіпті, озат, т.б.)

в) Оған қалай жеттің?

Енді дәл осы тренингті өз мақсатымызға сай тақырыптық жағынан өзгертуге болады.

а) Сенің елің? (Қазақстан)

ә) Қазақстан – ол не? (Мемлекет, Отаным, Атамекенім, туған жерім, жер кіндігі)

б) Ол қандай мемлекет? (Бірлігі мықты, бейбіт, зайрылы, тәуелсіз, егеменді, демократиялы, жасампаз, т.б.)

в) Қазақстан бұл дәрежеге қалай жетті? (Елбасының саясатының арқасында, халық бірлігі арқылы, еңбекқорлығы нәтижесінде, мақсат қоя білуі арқылы)

3. «Менің есімім»

Туған ел тарихымен байланысты ма?

Мақсаты: оқушыларды өз-өзіне жауапкершілікпен қарауға үйретеді.

Қазіргі мектеп оқушылары тәуелсіз ел ұрпақтары. Ендеше, олардың аттары да қазақ тарихымен байланысты болуы мүмкін. Мәселен, Томирис, Бекарыс, Бейбарыс, Нұрсұлтан, Абылай, Темірлан, Шыңғыс, т.б. аттар жиі кездеседі.

Тиімділігі: баланың машықтандырады, сергітеді, қызықтырады.

Оқушыларды неге үйретеді: өзін-өзі тануға, білуге, ізденуге үйретеді.

Нәтиже: ойын ашық айта біледі, өзін құрметтеуге, бағалауға үйретеді.

8. Тарихи – мәдени кеш «Тәуелсіздік – ту етер жалғыз кие».

Сахналанған қойылым, мәнерлеп оқу, жас ақындар, күй, қазақ биі, патриоттық әндерді пайдаланып үлкен кеш өткізу. Кеш өткізерде үлкен дайындықпен өткізу.

Тиімділігі: Уақытты үнемдеу, осы кеш арқылы баланың жан-жақты алған білімін бекіту.

Оқушыларды неге үйретеді: Өнерлі болуға, еліне деген сүйіспеншілін, жауапкершілігін арттырады.

Нәтиже: Эстетикалық тәрбие, сахна мәдениетін біледі. Дарынды баланы анықтайды.

9. Кездесу.

Ә.Кекілбаев – тәуелсіздік жайында сындарлы пікір айтып жүр.

К.Ыбыраев – патриоттық әндер жазып жүр.

С.Нұржанов - «Тәуелсіздік – ту етер жалғыз кие» өлеңінің авторы.

Тиімділігі: осы тұлғалардан үлгі алады, олардың Отанға деген патриоттық сезімін өз аузынан естиді.

Оқушыларды неге үйретеді: отанға деген үлес қосуға ынтасын арттырады, жауапкершілікті дамытады.

Нәтиже: үлкенді құрметтеуге үйретеді. Осы кісілердің жақсы жақтарын өз өміріне қолдануға үйренеді.

Қорыта келе, мектеп табалдырығын жаңа аттаған кішкентай шәкірттердің өз халқының ұлттық құндылықтарын саналы түрде түсініп, қабылдауына, салт, дәстүрлерін қадір тұтып, елін сүйетін, рухы жоғары, патриотттық, ұлттық құндылық бағдары анықталған азамат болып жетілуіне бастауыш мектептегі ұлттық құндылық бағдар қалыптастыру міндетіне үйлесетін оқыту әдістерін таңдау, мазмұнды сұрыптау әдістемесін жетілдірудің маңызы зор деп есептейміз.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Концепция 12- летнего среднего общего образования в Республике Казахстан. Астана: Республиканский научно-практический центр проблем 12-летнего образования, 2005. – 19с.

  2. Назарбаев Н.Ә. «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. –2004, 2016, 2017 жылдары.

  3. Ұзақбаева С. А. Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие: пед. ғыл. докт...дисс,- Алматы, 1993. - 420б.

  4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. Алматы: Рауан, 1994- 1т.320б.

  5. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. Орынбор, 1924- 182б.

  6. Рахметова С., Жаманқұл П., Қабатаева Б. Ана тілі оқулығы. 2-сынып. – Алматы: Атамұра, 2002.

  7. Шашақова А. Халық тәлім-тәрбие бастауы. –Алматы: Рауан, 1994.- 112б.

  8. Шаймерденов Е. Қазақ елінің рәміздері. Алматы: балауса, 1993. – 80б.