Файл: за мерзімді жоспар блімі Жары былыстары Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жарық құбылыстары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Жарықтың сынуы, Жарықтың сыну заңдары тақырыбына есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.5.1.7 – жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару

Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • Жарықтың сыну құбылысын сипаттау;

  • Жарықтың сыну заңын тұжырымдау;

Бағалау критерийлері

  1. Жарықтың сыну құбылысын сипаттайды;

  2. Жарықтың сыну заңын тұжырымдайды.




Тілдік мақсаттар


Оқушылар білуі тиіс:Оқушылар жарықтың түсу, сыну, шағылу, нормаль сызығы, шекара ұғымдарының физикалық мағынасын ауызша түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жарықтың сынуы, шағылуы, түсуі, сыну бұрышы, түсу бұрышы, нормаль сызығы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жарықтың сынуы дегеніміз -............ бағытының өзгеруі.

Сыну бұрышы – бұл ................ арасындағы бұрыш.

Түскен сәуле, сынған сәуле ..................

Құндылықтарды дарыту


Бұл сабақ академиялық адалдық, жауапкершілік, топ ережесін сақтау, игерген білімдерін өмірде қолдану құндылығын дамытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар


Сыну заңына есептер шығарғанда математика пәнімен байланыс

Бастапқы білім


Жазық параллель пластинада сәуленің жолын салуды біледі


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин


1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу.

2. Ой қозғау (Слайдтағы суретті талқылау). Осы суреттен сыну бұрышын, сыну сәулесін, нормаль сызығын, екі ортаны бөліп тұратын шекараны, түсу бұрышын, түскен сәулені және түскен сәуле мен сынған сәуленің бұрыштарында қандай байланыс бар оқушылардан сұрау.



3. Мақсатты болжау.Оқушылармен бірге талқыланады

  • жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару.


Слайд 1

Сабақтың ортасы

10-25 мин
25-35 мин


4. 1) Топтық жұмыс.Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топ жарықтың сынуына құрылымдық тапсырмалар орындайды. Бұл тапсырмалар оқушылардың ойлау, қолдану дағдыларын дамытады. Өзара бағалау (әр топ бір-бірлерінің жұмыстарын бағалайды)
2) Оқушылар материалды игергендіктерін тексеру үшін өздік жұмыс орындайды және дұрыс жауапты мұғалім айтады, ал оқушы өзін- өзі тексереді.

Тест тапсырмалары"Жарықтың сынуы"

Бағалау критерийлері:

1.Жарықтың сыну құбылысын сипаттайды;

2.Жарықтың сыну заңын тұжырымдайды;

3.Жарықтың сыну заңын есептер шығаруда қолданады;

4.Суреттен сыну бұрышын, сынған сәулені дұрыс көрсетеді.

Таратпа материал

Таратпа материал

Сабақтың соңы

35-40 мин

5. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін

7. Үйге тапсырма:

Жарықтың сынуы және жарықтың сыну заңын қайталау.




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Қабілетті оқушылар топтық және жұптық жұмыс кезінде өзінің сыныптасына көмек көрсетеді.

Топ ішіндегі оқушы жұмысын бақылау. Өздік жұмыс нәтижесін қолдану.




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?