Файл: Мектеп Б. Момышлы атындаы 12 жалпы орта мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Деректер ауқымы

Мектеп: Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Досумова А.

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бір өлшемді массив







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.3.1 – программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында бір өлшемді массивті қолдана отырып программаны құрастыру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: массив элементтері қабылдайтын типтерді анықтау

Көпшілік оқушылар: массивтерді құру тәсілдерін меңгеру

Кейбір оқушылар: массивтермен жұмыс жасауға арналған арнайы функциялар мен амалдарды қолдана отырып Python программалау тілінде есептер шығару


Бағалау критерийі

  • массивтің қабылдайтын типтерін анықтайды;

  • массивтерді құру тәсілдерін меңгереді;

  • тізімдермен жұмыс жасауға арналған арнайы функциялар мен амалдарды қолдана отырып Python программалау тілінде есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология

Массив, Тізім, Индекс, Деректер типі,

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Тізімдер генераторы, синтаксистік құрылым, бүтін, нақты типтер.

Құндылықтарға баулу


Индустриаландыру мен инновация негізінде экономикалық өсім:

Жаһандық бәсекеге қабілетті кәсіби маман болуға баулу

Пәнаралық байланыс

Ағылшын, математика

Алдыңғы білім


Python тілінде деректер типтерін, таңдау операторын, параметрлі цикл, соңғы және алғы шартты циклдардарды біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин
2 мин
2 мин

5 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

  2. Психологиялық ахуал


2. Үй тапсырмасын сұрау

1. Массив дегеніміз не?

2. Массив қалай жарияланады?

3. List дегеніміз не?

4. Бір өлшемді массив қандай массив?

5. Индекс дегеніміз не?

6. Индекс қай саннан бастап нөмірленеді?

Қалыптастырушы бағалау: Формативті бағалау




Сабақтың ортасы

5 мин

15 мин


3. Жаңа сабақ

Сабақта массив элементтерінің типтерін, массивтерді құру тәсілдерін, арнайы функциялар мен амалдар жолын түсіндіру.
1 Тапсырма
Классикалық әдіс арқылы 1-ден 5-ге дейін сандарды шығару.

2-топқа:

Генераторлар тізімі арқылы 5-10 ға дейін сандарды шығару


Дескриптор:

1

айнымалыны енгізу

2

тізімді классикалық/генераторлар тізім тәсілі арқылы енгізу

3

шығару операторын жазу



Қалыптастырушы бағалау: Екінші тапсырма бойыншаекі топ постерлерін ауыстырып бір-бірін тексеріп, жұлдызша арқылы бағалайды.
Сергіту сәті. Түстер ойынын ойнау

Әр слайдта түстердің аты оған сәйкес емес түспен жазылады. Сдайдты тез ауыстырып отырылады, балалар сөзді оқи отырып, тез сол сөздің түсін дұрыс айту керек.

2 Тапсырма

Компьютермен жұмыс. Жеке жұмыс

Кез-келген типтегі массивке append(x) және a.extend(s) функциясын қолданып, программа құру.


Дескриптор:

1

массивті енгізу

2

функцияны жазу

3

шығару операторын жазу


Қалыптастырушы бағалау: Жеке жұмыс бойынша оқушы өзін-өзі «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды


Компьютер

Сабақтың соңы

5 мин

Саралау әдісі - Сабақты қорытындылау және бағалау
Үй тапсырмасы

Range функциясының аргументі ретінде қолданылатын тізім элементтерінің санын, одан кейін берілген жолдар санын енгізіп, есептеуге болатын массив құру




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Оқушыларға сабақ мақсатына жету мақсатында саралау әдісінің тапсырмалар тәсілі бойынша жұмыстар беріледі. Оқулықтағы Қолдану және Талдау деңгейлік тапсырмалары орындалады.

Тапсырмалар орындау арқылы сабақ мақсатына жету. Сабақ барысында 1-ші және 2-ші тапсырма бойынша топтар бірін бірі «Жұлдызша», «Қошемет» әдістері арқылы бағалайды. Жеке жұмыс кезінде өзін-өзі «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау бойынша сабақ соңында Socrative әдісінің қорытындысы «Жұлдызша» әдісі бойынша жеке бағаланады.

Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік техникалық ережелерін сақтау ескертіледі.

Сергіту жаттығуы орындалады.

Сабақ бойынша рефлексия


Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?