Файл: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 2893

Скачиваний: 101

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАУБАЕВА Ш.Т., ИМАНБАЕВА С.Т.,

БЕРИКХАНОВА А.Е.


ПЕДАГОГИКА

Алматы

2 018

ӘОЖ 37.0(075.8)

КБЖ 74.00я73

Т 24
Оқулық Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы Республикалық оқу - әдістемелік кеңесінің «Білім» мамандықтары тобы бойыншаОқу - әдістемелік бірлестігінің мәжілісінде бекіді. Хаттама № 2, 30 наурыз, 2018жыл.
Пікір жазғандар:

Әмірова Ә.С. ˗ пед. ғыл.докторы, профессор;

Меңлібекова Г.Ж.˗ пед. ғыл.докторы, профессор;

Мыңбаева А.Қ.˗ пед. ғыл.докторы, профессор;
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,

Берикханова А.Е.

Т 24 Педагогика./Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е. Оқулық.– Алматы: ОНОН. 2018, - 357 бет.
ISBN 978-601-298-624-2
Оқулық жаңа типтік оқу бағарламасы бойынша педагогикалық мамандықтарына арналып жазылған.Оқулықтаотандық білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне ену үдерісіндегі парадигмалық өзгерістер қарастырылады. Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігі, жаңа формациядағы педагог тұлғасын қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптары мен қағидалары қамтылады. Әлеуметтік-мәдени жағдайлардағы білім берудің рөлі, педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері, педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің, педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі, үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары қарастырылады.

Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымы, қазіргі мектептегі білім мазмұнының ғылыми негізі, тәрбиенің мәні мен мазмұны, отбасытәрбиесініңнегіздері, оқыту формалары, әдістері мен құралдары,мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі жаңашыл технологиялардың мазмұны жан-жақты қамтылады.

Оқулық жоғары оқу орнының студенттеріне, магистранттарға, докторанттарға және білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналады.
ӘОЖ 37.0(075.8)

КБЖ 74.00я73
ISBN 978-601-298-624-2


© Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т., Берикханова А.Е., 2018
ПЕДАГОГИКА оқулығыАбай атындағы

Қазақ Ұлттық педагогикалықуниверситетінің

90 жылдық мерейтойына арналады.

Осы
университеттің шәкірттері ретінде

мерейтойға қосқан үлесіміз деп қабылдаңыздар.
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, тәуелсіздіктің тұтқасын берік ұстанғаннан бері қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени өзгерістер де жаңа сапалық деңгейде көріне бастады. Ал қоғамдағы өзгерістердің барлығы білім беру саласына, өскелең жас ұрпақтың санасына тікелей әсерін тигізетіні анық. Сол себептен білім беру мазмұнында да жаңа көзқарастар, жаңа парадигмалар пайда болып, оларды іске асыру жолдары іздестірілуде.

XXI ғасырдың ұстаздары да сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан мирас болып қалған асыл әлеуметтік тәжірибені, өнегелі өсиеттер мен мәдени мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, қоғамының интеллектуалдық әлеуетін нығайтуға ұмтылысы-болашағымыздың іргетасының берік қалануының кепілі.

Оқулықтың «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»атты бірінші бөліміндезаманауи білім берудің, оның рөлі мен ерекшеліктерін, білімнің әлеуметтік мәнін, парадигмасы: нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануын аша отырып, білім беру құндылық, жүйе,үдеріс және нәтиже ретінде, адамның тұлғалық және кәсіптік дамуының факторы ретінде нақтыланады.

ХХІ ғасырдағы стратегиялық басымдылық тұрғысынан дүниежүзлік білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттары, үздіксіз, ашық бі-лім беруге ауысу-қазіргі білім берудің дамуындағы жетекші дүниежүзілік тенденциялардың бірі екені, білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері, білім алушылар тұлғасының зияткерлік әлеуеті, функционалдық сауаттылығын дамытудың негізі, педагогтың жеке тұлғаның қалыптасуындағы және оның орта білім міндеттерін шешудегі рөлі, педагог әрекетінің мамандыққа сай сипаттамалары қарастырылады.

Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы, білім беру деңгейлері бойынша, педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын талаптар жүйесі ретінде, педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігіне, педагогтың үздіксіз кәсіби өсуі факторларына жан-жақты тоқталған.

«Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері» атты екінші бөлімде педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы, педагогика ғылымдарының қоғамның замануикезеңіндегі міндеттері, негізгі категориялары, ғылымның әдіснамасы мен педагогтың әдіснамалық мәдениеті, ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны, әдістері, әдістемесі қарастырылады.


Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы,тәрбиелеу факторларының философиялық ережелері мен әдіснамалық негізі ашылып беріледі.Тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары, өзін-өзі тәрбиелеу, отбасы тәрбиесі және білім берудегі инклюзивті әдіс-тәсіл және оны Қазақстанда іске асыру айқындалған.

«Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы» атты үшінші бөлімде тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы, қызметтері, қозғалыс тетіктері жан-жақты ашылып беріледі. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты, мазмұны, тәрбиенің түрлері, тәрбиелік үдеріс, ұлттық тәрбиелік идеал, әлеуметтендіру, әлеметтенудің түрлері, өзін-өзі дамыту,жалпыадамзаттық құндылықтар, мәдениеттілік, жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту идеясы, ұлттық құндылық бағдар, дүниетаным, тәрбие үдерісін ізгілендіру және демократияландыру, құзыреттілік тұрғысы негізіндегі тұтас педагогикалық үдеріс жүйетүзуші факторы тұрғысынан анықталған. Тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі-оқытудың негізгі категорияларына, оқытудың әдіснамалық негізі, құрылымы, мақсаты мен міндеттері, заңдылықтары және қағидалары, формалары, әдіс-тәсілдері, құралдары, 12-жылдық мектептегі оқытудың өзіндік ерекшеліктері мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық технологиялар, мұғалімнің технологиялық құзыреттілігінің құрылымы мен мазмұны берілген.

Әрбір тақырыпшада берілген негізгі теориялар, тұжырымдамалар, заңдылықтар, ұстанымдар, ұғымдық апарат, әдістерді, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды болашақ педагогтың кәсіби-тұлғалық сапаларын дамытуға бағытталған. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар студенттердің емтиханға даярлануын жеңілдету мақсатын көздейді. Тесттік тапсырмалар студенттердің білімін сырттай бақылау тесттерінің құрылымын ескеріп берілді.

«Педагогика» оқулығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен мемлекеттік стандартқа сай, 5В010000 «Білім» тобындағы бакалавриат мамандықтарындаоқитын студенттерге жәнемагистранттарға, докторанттарға, мектеп мұғалімдеріне, оқу-тәрбие мәселелерімен айналысатын оқырмандарға арналған.

Кітап бірінші рет басылымға ұсынылып отырғандықтан, авторлар оқырмандардың ұсыныстарын, пікірлерін, тілектерін, кеңестерін оқулықты одан әрі жетілдіру мақсатында үлкен алғыспен қабылдайды.

І бөлім. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ

1-тақырып. ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ РӨЛІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Замануи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі.Жаһандану үрдістерінің ықпалымен XXI ғасырға адамзат үлкен ғылыми-техникалық жетістіктерімен жетіп отырғаны баршамызға мәлім. Жоғары дамыған электрондық техника, ақпараттық және өндірістік технологиялар, медицина мен генетикалық инженериядағы ашылып жатқан жаңалықтар, физика, кибернетика т.б. салалардағы ғылыми жетістіктер адамзат қоғамының өркендеуіне, ілгері дамуына, адамдардың қол еңбектерін жеңілдетуге көп септігін тигізуде. Дегенмен, әлемдік деңгейде ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен қатар, адамдардың арасында рухани жұтаңданудың көріністері, әлеуметтік қауіпті құбылыстар (ланкестілік, техногендік, социогенді қатерлер, т.б.) алаңдатушылық тудыра бастады. Неліктен қоғам өркендеген сайын мұндай жағымсыз әлеуметтік құбылыстар азая түспейді? Осындай қарама-қайшылықтардың себептері неде?

Бұл парадокстың басты себептері-адамдардың құндылықтық бағдарларының өзгеруі, рухани-адамгершілік қағидаларының әлсірей бастауы, соның салдарынан азаматтық сана-сезім мен әлеуметтік жауапкершіліктің жеткіліксіз деңгейде дамуы. Сондықтан ХХІ ғасырда өндірістік, әлеуметтік қатынастардың күрделенуіне қатысты адами ресурс сапасын жақсарту мәселесі өзектеніп, білім беру ұғымына деген көзқарас әлемдік деңгейде өзгере бастады, себебі:

  • білім беру - мемлекеттің өркендеуінің маңызды қозғаушы күші;

  • білім беру - мемлекет бәсекелестігін сақтаудағы басымдықтардың бірі;

  • білім беру - мемлекеттің адами капиталын қалыптастырудың іргетасы;

  • білім беру - әр тұлға үшін де, қоғам үшін де баға жетпес құндылық;

  • білім беру - адамның тұлғалық және кәсіби дамуының басты факторы.

Әр мемлекеттің әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуы оның жер асты байлығымен, қарулы күштерімен, экономикасының жетістіктерімен ғана өлшенбеуі тиіс, мемлекеттің дамуындағы негізгі көрсеткіштердің бірі-адами капиталдың даму деңгейі, адами құндылықтар сапасы.Бүгінге дейін педагогика ғылымының негізгі категорияларының бірі ретінде саналып келе жатқан «білім беру» ұғымын қазіргі таңда кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырады.

Білім беру мәселесімен тек педагогика ғылымы ғана айналыспайды. Білім беру үдерісін философия, әлеуметтану, психология, экономика, мәдениеттану, саясаттану, т.б. басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар өз тұрғысынан зерттеп қарастырады.


«Білім беру» ұғымы ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардан бастап ғылыми айналымға еніп (Д.Локк, И.Г.Песталоцци), бүгінде педагогиканың жетекші категорияларының бірі болып отыр.

Қазіргіқоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер білім беру саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын арттыра түсті.«Білім беру» ұғымы мазмұны жағынан да өзгерістерге ұшырап, жан-жақты кеңейе түсті. Педагогика ғылымында білім берудің бірнеше анықтамалары кездеседі. Солардың көп тараған анықтамаларына тоқталып өтсек:

  • Кең мағынадағы білім беру - жеке тұлғаның өз өмірлік жолын құзырлы таңдау мүмкіншіліктерін кеңейтуге және өзін-өзі дамытуға бағытталған үдеріс (А.Г.Асмолов).

  • Білім беру - жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын, оның қабілеттері мен мінез-құлқын жетілдіру үдерісі және нәтижесі (ЮНЕСКО) .

  • Білім беру - жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру үдерісі. (Педагогикалық энциклопедия).

  • Білім беру - адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту үдерісі (В.А.Сластенин).

Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты – білім алушыға тек академиялық білім беріп, білік пен дағдыларды қалыптастыру емес, сонымен қатар жеке тұлғаның бойында әлеуметтік құнды іс-әрекеттерге қатыса алуы үшін өзіне де, қоғамға да қажетті қабілеттерін дамыту. Осы тұрғыдан қарағанда білім берудің білім, білік пен дағдыларды қалыптастыру міндеттері арқылы жеке тұлғаның үйлесімді түрде эмоционалды, ақыл-ой, адамгершілік, рухани-құндылық, еріктік, физикалық қабілеттері жағынан толыққанды тұлға ретінде дамуы маңызды.


    1. .«Білім беру» ұғымының мағынасы. «Білім беру» ұғымының ауқымы кеңейген сайын, оның мазмұны да жан-жақты зерттеле бастады. Білім берудің әлеуметтік мәнін ашуда «білім беру философиясы» деген ұғым ғылыми деңгейде талқылануда.

Философия ғылымының заңдары көптеген құбылыстарды зерттеуде, оларды танып білуде, түсіндіруде кеңінен қолданылады. Осыған байланысты білім беру саласындағы көптеген мәселелерді философиялық тұрғыдан түсіндіру көзқарастары ерекше жүйе ретінде қалыптасқан. Шығыстың атақты философы, ғұлама ғалымы Әбу Насыр Әл-Фараби жалпы педагогика ғылымының өзін тәжірибелік философия немесе қолданбалы философия