Файл: Педагогтармен, оушылармен жне атааналармен іске асатын инициативалар.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Педагогтармен, оқушылармен және ата-аналармен іске асатын инициативалар

Отанымызда білім беру жүйесі дамып, жетіліп отыр. Қазіргі таңда мектеп реформасына көптеген өзгерістер енгізіліп, мектепісінің ішкі-сыртқы жүйесі толығымен жаңаруда. Жаңалыққа сілтеме жасайтын, бағыттайтын, әрине, мектеп директорының орынбасарлары.

Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарларының жеке тұлғалық сипаттамасының маңыздысы – өзгеріске бейім, жаңалыққа құштар болуы. Ұжым мүшелерінің бір-бірінен үлгі алуы, тәжірибе алмасуы, еліктей жүріп үйренуі, бағыт беруі, бағыттауды жолға қоюы – директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарының басты қағидаты. Мектеп ұжымының қызметіне талдау жасау және бағалау, қойылған мақсатқа жету үшін тәрбиеге қатысушы барлық қызметкерлердің жұмысын үйлестіру мақсатында нормативтік құжаттармен таныстыру, мектепте өтіп жатқан істер туралы ақпарат беру, атқарылған жұмыстар нәтижесін көрсету, талдау жасау қажет.

Нәтижеде кемшіліктерді уақытында жою, іс-әрекеттер сәйкестігі мен бірізділігін қамтамасыз етуге болады.

Практикалық қызметте педагогтарға көмек көрсету, педагогтар қажеттіліктері мен сұраныстарына байланысты тренингтер мен кеңестер ұйымдастыру нәтижеге жетудің негізгі формалары болып табылады.

Ал оқушылардың білім сапасын арттыру және қызығушылығы негізінде қарым-қатынас арқылы олардың өмірлік қызметтерін ұйымдастыру мақсатында жекелеген сұрақтар бойынша оқушыға көмек, қолдау көрсетілді.Оқу-ісі жөніндегі директор орынбасарының нәтижелі жұмысы тек қана педагогтар мен білім алушыға байланысты емес. Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен білім беру мекемелерінің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.

Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан баланың алғашқы ұстазы - ата-анасы.

Қазіргі уақытта педагогтардың ата-анамен ынтымақтастығы көкейтесті мәселе болып табылады. Ол ой-пікір, тәжірибе алмасуды көздейді; сондай-ақ ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға бағытталған. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру отбасындағы тәрбиелік әлеует және оны пайдалану арасында туындаған қарама-қайшылықты шешеді. Ынтымақтастықтың құрамды бөлігі – педагогтың ата-анамен қарым-қатынасы.

Тәжірибе мен зерттеулер көрсеткендей, ата-аналар бала тәрбиесінде біртектес қателіктер жібереді, нақты қиындықтарға кездеседі. Педагогтың міндеті – ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты көмек беру.


Педагог ата-аналармен жұмыс жүргізуді жоспарлағанда кәсіби құзыреттілігіне сүйенеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында отбасымен жұмыс басты назарға алынған. Жаңа стандартта отбасын баланы әлеуметтендірудің алғашқы институты ретінде қарастыра отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын нақты талаптар берілген.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формалары мен мазмұны

Педагогикалық тәжірибеде ата-аналармен жұмыс жүргізуге педагогтың құзыреттілігі бар.

1-кезең: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны және әдістемесімен таныстырады. Өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстыру.

2-кезең: Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру.

Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады.

- тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған кездесулер, кеңестер ұйымдастыру;

- қызығушылық негізінде ата-аналарға сауалнамалар беру;

- топтық ағарту жұмыстары, тәрбие міндеттеріне байланысты балаларға жүйелі зерттеулер жүргізу;

- психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер беру;

Әр жиналыстан немесе жыл аяғында ата-аналардан әртүрлі сауалнамаларды алып қорытып, әрі келер жылғы ата-аналар жиналысын жоспарлауға болады.

Әр жиналыс сайын кері байланыс парағы таратылып отырады. Бұл жұмыстан мен өзім жоспарлап өткізген жиналыстың бағасын білем және ұсыныстарды ескеріп келесі жиналыста талдап түсіндіруге тырысамын.

Ата-аналар комитетімен бірлесе жүргізілетін жұмыс түрлері:

1. Алғыс

2. Топтың жиналыс әңгімесі

3. Жанұямен жеке дара жұмыс

4. Кері байланыс

5. Қиын жанұялармен жұмыс

Ата-аналарды балалармен бірлескен іс-әрекетке тарту білім беру үрдісіне қатысушылардың барлығы үшін қосымша мүмкіндік береді, ол жеке ықпал жасауға мүмкіндік береді.

Ата-анамен жұмыс жүргізудің инновациялық бағыты ретінде педагогикалық қызметімде өз құзыреттілім тұрғысында тренингтер, ақпараттық парақша, психологиялық тест, педагогикалық сұхбат, дөңгелек үстел, тақырыптық папка, буклеттер дайындау, отбасылық театр, тақырыптық көрме, фотокөрме, отбасылық шеберхана, сайыстар ұйымдастырамын.

Дәстүрлі десек те назардан тыс қалып жүрген жұмыстардың бірі – баланың отбасына бару. Осы жұмысты назарға алып бірқатар тәрбиеленушілердің отбасымен таныстым. Отбасына бару мақсаты – баланың отбасылық тәрбие жағдайын айқындау.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формалары





Жұмыс формасы



Өткізу уақыты

Қатысушылар құрамы

Қатысу-шылар іс-әрекеті

Өзара әрекеттестік сипаттамасы

Әр күні және апта сайын

Ай сайын

Жылына 3-4 рет

Жылына 1 -2 рет

Қажетіне қарай

Педагогтар, ата-аналар

Педагогтар, ата-аналар, балалар

Педагогтар, ата-аналар, басқа да мамандар

танымдық

еңбек

Мәдени тынығу

Тікелей қатыс

Жанама (көрнекі)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Ата-аналар жиналысы







+







+







+







+




Педагогикалық сұхбат\ Әңгіме

+

+







+

+







+







+




Ашық есік күні







+










+




+







+




Тренинг








+







+













+

+




Тақырыптық кеңес







+




+

+







+







+




Тақырыптық акция










+







+




+

+




+

+

Тақырыптық көрме







+




+




+




+










+

Отбасына бару










+

+




+




+







+




Буклеттер, жаднамалар










+

+

+







+










+

Отбасылық шеберхана













+

+










+




+

+



Бала тек қана отбасы тәрбиесін алып қана қоймайды. Ол қоршаған ортаның тәрбиесін алатыны сөзсіз. Бала дүниеге келгенде таза ақ парақ секілді, пәк болып келеді. Сол пәк сәбиге үш түрлі адамның мінез беріледі екен. Ол – бірінші ата- анасынан, себебі бала ес білген шаққа дейін бар нәрсені өз отбасынан табады. Ал –екінші ұстазынан, өйткені алғаш ес біліп мектеп табалдырығын аттағанда қолына алғаш «Әліппені» ұстатып өмір жолына алғаш жол салатын ұстазы. Үшінші – достарынан. Осы үш адамның бойындағы мінез –құлықтарды екшелей келіп, олардың ішіндегі өзіне ұнайтын жақтарын алады екен.

Ендеше, сізден, бізден және өз жолдастырының жақсы жақтарын ала білген біздің балаларымыздың бойында адами қасиеттердің көп болары сөзсіз.

Педагогтармен, оқушылармен және ата-аналармен атқарылған жұмыс барысында жеткен жетістіктерім:

  • Мұғалімдердік біліктілік сауаттылықтарының артуы;

  • Сабақтарда жаңа технологиялардың орынды қолданылуй;

  • Әдістемелік жұмыстың ғылымилығы, жүйелілігі;

  • Ұжым мүшелерімен жақсы қарым-қатынас орнатып, тіл табыса алу;

  • Ата-аналар жиналыстарында ата-аналардың түгел қатысуы;

  • Мектепте оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы және т.б.


Білім беру ісінде ілгерілей дамудың қоғам өсіп өркендеуіне ғана емес,әр адам үшін де шешуші мәні бар. Табысқа жеткісі келген, уақыт сұранысына сай болғысы келген адамөмір сүріп отырған қоғам талабына жауап беретіндей білім алуы қажет. Яғни жеткен жетістіктермен шектеліп қалмай, М.Монтель сөзімен айтқанда: «Өзгені оқыту үшін өзіңді оқытудан да көп ой керек» -демекші, әрі қарай үнемі даму үстінде болуымыз сөзсіз.