Файл: 1. Питон тіліні атаратын ызметі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 69

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1. Питон тілінің атқаратын қызметі


    • Питон - объектіге бағытталған жоғары деңгейлі, динамикалық программалау тілі, ол интерпретатор арқылы жұмыс істейді. Оның құрамындағы мәліметтер құрылымы мен олардың дина-микалық түрде типтелуі қолданбалы программалар жазуға өте ыңғайлы болып саналады [1].

    • Python - интерпретируемый, объектно-ориентированный язык программирования высокого уровня с динамической семантикой. Его встроенные структуры данных высокого уровня в сочетании с динамической типизацией и динамической привязкой делают его очень привлекательным для создания прикладных программ [1].

Питон тілінің даму жолы


    • Питон – жалпы мақсаттағы жоғары деңгейдегі программалау тілі. Ол 1991 жылы пайда болған, оны алғаш рет 1991 ж. жасап шығар-ған Guido van Rossum (Гидо ван Россум) деген маман болатын. 2018 жылдың шілде айында Ван Россум 30 жылдай істеген көш-басшылық қызметінен кетті.

    • Python - интерпретируемый высокоуровневый язык програм-мирования общего назначения. Язык Python был создан Guido van Rossum-ом и впервые выпущена в 1991 году. В июле 2018 года Ван Россум ушёл с поста лидера в языковом сообществе после 30 летней работы.

Питон тілінің даму жолы


    • Питон (Python) тілін жасау 1980 ж. соңында голланд институты CWI (Математика және информатика орталығы, голл. Centrum Wiskunde & Informatica) қызметкері Гвидо ван Россум (ағыл. Guido van Rossum) бастауымен, ABC тілі негізінде жасалды. 1991 ж ақпанда Гвидо тіл жайлы алғашқы мәліметін жариялаған болатын ( группа новостей - alt.sources).

Питон тілінің даму жолы



Python тілінің даму кезеңдері





Шыққан мерзімдері


Python тілі нұсқасы (шығу мерзімі)


Python 0.9.0 (1991-02)


-


Python 0.9.0 (1991-02)


-


Python 2.x (2000-10-16)


Python 2.7.11 (2015-12-05)


Python 3.x (2008-12-03)


Python 3.4.5 (2016-06-27)


 


Python 3.5.2 (2016-06-27)


 


Python 3.6.1 (2017-03-21)

Python тілі неге кең таралған?


    • Бұл тіл интернетте тегін таратылады:

      • Кітапханасы өте бай, мүмкіндіктері мол

    • Питон барлық аймақтарда қолданыс тапты:

      • Web қосымшаларын жасайды

      • Мәліметтер базасымен жақсы жұмыс істей алады

      • Үстелдегі дербес компьютерлерде жеңіл программаланады

      • Мәліметтерді талдау ісінде де қолданылады

      • Бейнелер мен суреттерді жақсы өңдейді

      • Объектіге бағытталған программалауды сүйемелдейді

      • Интерактивті түрде жұмыс істеуге де ыңғайлы болып табылады

2. Питон нұсқалары (версиялары)


    • Питон тілінің кең пайдаланылатын нұсқалары 2.7 … 3.6.

    • Кез келген нұсқасын пайдалана аласыз, оны өзіңіз қалауыңызға болады.

    • Осы нұсқалардың айырмашылығы неде?

    • Олардың СИНТАКСИСІ және ішкі функциялары әртүрлі болып келеді


Python 2.7.*

Python 3.6.*

Питон нұсқаларын қолдану


      • Питон 2.x нұсқалары ескірген, қазіргі қолданыстағысы соңғы 3.х нұсқалары.

      • Бірақ Питон 3.x нұсқаларының аздаған кемшіліктері бар, кітапханалары үлкейген сайын, сүйемелденуі қиындап барады, Linux және Mac жүйелері әлі де 2.x нұсқаларын пайдаланып келеді

      • 3.x нұсқалары компьютер жадын өте тиімді пайдаланады

    • Келесі аптаға шейін келесі сайт мәліметтерімен танысып шығыңдар: https://wiki.python.org/moin/Python2orPython3

3. Питон тілін қолдану ортасы


    • Common Python ортасынан керекті программаларды жүктеп алу: Ресми бастапқы программалар (релиздер) Python, IDLE және Python қоршаулары (утилиттері)

    • Ұсынылатын нұсқалар 2.7.x ... 3.6.x

    • MS DOS жүйесінің CMD командалық жолын пайдалану арқылы

    • cmd командаларын іске қосып, "python" тіліне кіру қажет

    • Программа жазу құралдары:

      • Web ресурстар – www.pythonanywhere.com – тегін кіруге болатын серверден программалар көшіріп алу

      • PyCharm ортасы - https://www.jetbrains.com/pycharm/

        • Кәсіби программалар жасау үшін: Jupyter - http://jupyter.org/

        • Жылдам істейтін Питон консолын және интерпретаторларды пайдалану

Тілді қолдану орталары


      • IDLE

      • CMD

Тілді қолдану орталары


      • PyCharm

      • Jupyter Notebook

Алғашқы қарапайым программа


    • lec1.py - программа нәтижесін шығару

Алғашқы қарапайым программа


    • 1-мысал bax1.py - файл аты


a = 24 + 2 # Қосуb = 2 - 20 # Азайтуc = 12 * 6 # Көбейтуd = 12/1.2 # Бөлуe = 34**2 # Дәрежелеу e = 34*34 print("a-->", a) print("b-->", b) print("c-->", c) print("d-->", d) print("e-->", e)

Нәтижесі:

a--> 26

b--> -18


c--> 72

d--> 10.0

e--> 1156

Қорытынды (резюме)


    • Питон жылан емес екен (фильм аты)

    • Питон басқа программалау тілдеріне қарағанда, жеңіл игеріледі, қысқа жазылады

    • Жалпы 2 нұсқасы (версиясы) бар екен

    • IDLE, Shell, CMD, Jupyter Notebook, PyCharm, Jupyter Notebook, www.pythonanywhere.com, PyCharm, т.с.с. программа құру орталарында жұмыс істей аламыз

    • Енді іске кірісіп, программа құруды бастайық J

Сонымен, аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға рахмет!



Егер басқа үй жануарларыңыз болмаса, Питонды бір байқап көрейік.

Python тілінде программалау

2 дәріс – Жалпы мәліметтер

Бөрібаев Б.

b.buribaev@gmail.com

Мехмат ғимараты, 229 бөлме

Сұрақтар


    • print () функциясы

    • Шығарылатын мәліметтерді форматтау

    • If-else операторы және математикалық операторлар

    • Мәліметтер енгізу

    • Кодтарға комментарийлер беру

    • Программа коды мысалдары

print () функциясы


    • Бұл Питон тілінің ең жиі қолданылатын функциясы

    • Тілдің құрамдас ішкі (стандартты) функциясы

      • print "Some Text" – python 2.7.*

      • print("Another Text") – python 3.6.*

    • Аргументтері:

      • print(*object, sep="", end='\n', file=sys.stdout, flush=False)

    • Мысал:

print("Кім маған ", " 1000 теңге бере алар екен", sep="дәл қазір", end="?!")



Соңғы жол нәтижесі:

Кім маған дәл қазір 1000 теңге бере алар екен?!

Мәлімет шығару форматтары


    • Сіз шығарылатын мәліметті дұрыстап рәсімдей аласыз.

    • Оны қалай істеуге болар екен?

    • Оның бірнеше тәсілі бар:

    • 1-мысал:

name = "Азат"

print("Танысайық, менің атым - %s" % name)



Нәтижесі

... /PycharmProjects/bb/venv/btanis.py

Танысайық, менің атым - Азат

Process finished with exit code 0

2-мысал:


    • 2-мысал:

name = "Азат" surname = "Ғаниұлы" print("Менің толық аты-жөнім - %s %s" % (surname, name))


    • 3-мысал:

a = 10 b = 20 print("%i және %i қосындысы - " % (a,b),a+b)



Мәлімет шығару форматтары

10 және 20 қосындысы - 30

Менің толық аты-жөнім - Ғаниұлы Азат

4-мысал:


    • 4-мысал:

      • .format(...) әдіс

print("Оқу {1} болашақта {0} бола ма?".format("пайдалы ", "сендерге"))


      • Тапсырма: Кітаптардан .format() туралы толық оқып, келесі сабақта айтып бересіңдер.

    • Форматтардағы % таңбасы жайлы берілген түсініктер түйіні

    • Мұның толық кестесі келесі слайдта

      • i – int


# бүтін сан

      • d – signed int decimal


# таңбалы ондық сан

      • c – character


# таңба, символ

      • f – float

      • s - string


# нақты, жылжымалы нүктелі сан

# сөз тіркесі (строка - тіркес)


Мәлімет шығару форматтары

Оқу сендерге болашақта пайдалы бола ма?

% таңбасы арқылы түрлендіру кестесі



Түрлендіру таңбасы


Түсініктемесі


d


Таңбалы ондық сан


i


Таңбалы ондық сан


o


Таңбасыз сегіздік сан


u


'd' таңбасының бұрынғы ескі эквиваленті, яғни таңбалы ондық сан


x


Таңбасыз он алтылық сан (кіші әріптер, төменгі регистр)


X


Таңбасыз он алтылық сан (бас әріптер, жоғарғы регистр)


e


Жылжымалы үтірлі экспоненциал формат (кіші әріптер)


E


Жылжымалы үтірлі экспоненциал формат (бас әріптер)


f


Жылжымалы нүктелі ондық сан форматы


F


Жылжымалы нүктелі ондық сан форматы


g


Егер дәреже -4-тен артық болса немесе дәлдігі төмен болса, «e» сияқты, әйтпесе «f» форматы секілді


G


Егер дәреже -4-тен артық болса немесе дәлдігі төмен болса, «E» сияқты, әйтпесе «F» форматы секілді


c


Бір символ (бүтін санды немесе символдардың бір жолын қабылдайды


r


repr () -ді пайдаланып, кез келген объектіні түрлендіреді


s


str () -ді пайдаланып, кез келген объектіні түрлендіреді


%


Ешқандай аргумент түрлендірілмейді, нәтижесінде «%» символы алынады

Мәліметтер арасын ажырату символдары


    • 5-мысал: жай бос орын таңбасымен бөлу

print('Бір','Екі','Үш')


    • 6-мысал: нүктелі үтір (;) таңбасымен бөлу

print('Бір','Екі','Үш', sep=';')


    • 7-мысал: басқаша (
) таңбалармен бөлу

print('Бір','Екі','Үш', sep='

')

    • 8-мысал: көлденең табуляция (\t) арқылы бөлу

print('Бір\tЕкі\tҮш')


    • 9-мысал: келесі жолдарға көшіру (\n)

print('Бір\nЕкі\nҮш')



Нәтижелер:

Бір Екі Үш

Бір;Екі;Үш

БірЕкіҮш

Бір Екі Үш

Бір


Екі

Үш

Сандарды форматтап шығару


    • Форматсыз шығару

jp = 5450000.0 print('Жылдық пайда:',jp) ap = jp/12.0 print('Айлық пайда:',ap)


    • Форматпен шығару, '2f' – формат спецификаторы : бөлшегі 2 цифр

a = 54321.6789

print(format(a,'.2f'))

print(format(a,'.1f'))


    • Форматпен шығару, 'e' – формат спецификаторы : экспоненциалды сан

print(format(54321.6789,'e'))

print(format(54321.6789,'.2E'))



54321.68

54321.7


Нәтижесі:

Жылдық пайда: 5450000.0

Айлық пайда: 454166.6666666667

5.432168e+04

5.43E+04

Сандарды форматтап шығару


      • Форматпен валютаны шығару, бүтін бөліктің әрбір 3 цифрын үтірмен бөліп жазу

at = 3500.0 # айлық табыс jt = at*12 # жылдық табыс print('Сіздің жылдық табысыңыз $', format(jt,',.2f'),sep='')


      • Форматпен шығару, '10.2f' – формат спецификаторы : ені – 10, бөлшегі 2 цифр

a = 54321.6789

print('a санының мәні = ',

format(a,'10.2f'))


      • Формат арқылы бүтін санның енін (14) беріп, әрбір 3 цифрды үтірмен бөліп жазу

print(format(123456789,'14,d'))



Сіздің жылдық табысыңыз $42,000.00

a санының мәні = 54321.68

123,456,789

Сандарды форматтап шығару


      • Келесі программада санды валюта түрінде шығару көрсетілген.

# Бөлшегі бар нақты санды шығару.

amount_due = 5000.0

monthly_payment = amount_due / 12

рrint('Әрбір айлық төлем = ', format(monthly_payment, '.2f'))


      • Программа нәтижесі:


Әрбір айлық төлем = 416.67

Сандарды форматтап шығару


        • Келесі программада санды валюта түрінде шығару көрсетілген.

# Бөлшегі бар нақты санды шығару.

amount_due = 5000.0

monthly_payment = amount_due / 12

рrint('Әрбір айлық төлем = ', format(monthly_payment, '.2f'))


        • Программа нәтижесі:


Нәтижесі:

Әрбір айлық төлем = 416.67

Сандарды форматтап шығару


        • Келесі программада санды валюта түрінде шығару көрсетілген.

# Нақты санды валюта түрінде шығару monthly_pay = 30000.0 annual_pay = monthly_pay * 12 print('Сіздің жылдық табысыңыз $', format(annual_pay,',.2f'),sep='')



Нәтижесі:

Сіздің жылдық табысыңыз $360,000.00

Сан өрісі енін көрсету

>>> print('Сан = ', format(12345.6789,'12,.2f')) Enter

>>> print('Сан = ', format(12345.6789,'12.2f')) Enter



Нәтижесі:

Сан = 12,345.68

Нәтижесі:

Сан = 12345.68

Бүтін сан енін көрсету


        • format функциясын бүтін сандарға да қолдана аламыз. Мұнда екі түрлі мүмкіндік бар:

        • тип көрсеткіші ретінде d символы қолданылады:

        • дәлдік көрсетілмейді.

        • Төменде 123456 саны форматсыз шығарылған:

>>> print(format(123456, 'd'))


        • Келесі жолда 123456 үтір арқылы ажыратылып жазылады:

>>> print(format(123456, ',d'))


        • Төменде санның ені 10 орынмен берілген:

>>> print(format(123456, '10,d'))



Нәтижесі: 123456

Нәтижесі: 123,456

Нәтижесі: 123,456

Пайыз (%) таңбасын шығару


        • Пайыз таңбасын шығару үшін санның типін көрсететін f символы орнына % таңбасын қою керек:

>>> print(format(0.5,'%'))


        • Егер бүтін сан түрінде бергіміз келсе, дәлдігін 0 етіп береміз:

>>> print(format(0.5,'.0%'))

>>>



Нәтижесі: 50.000000%

Нәтижесі: 50%

If-else нұсқаулары (шартты өрнектер)


          • if-else нұсқауларының ішкі операторларын (блоктары) шегініспен жазу керек, ол үшін мыналарды есте сақтау қажет:

          • if - else нұсқаулары шегініссіз тураланып, бір деңгейде жазылады;

          • if және else нұсқауларынан кейін тұратын блоктар (ішкі операторлар) шегініспен жазылады. Блоктардың сол жақ шеттен бірдей шегініспен (3-5 орын) жазылуын мұқият қадағалау керек (тек босорын не не тек Tab ). Мысалы:

temperatura = -3

if temperatura < 5:

print('Күн салқын, киініп алыңыз. ')

else:

print('Күн жақсы, қыдыруға болады.')



Нәтижесі: Күн салқын, киініп алыңыз.

if-else нұсқаулары (шартты өрнектер)


          • Келесі код фрагменті != операторын пайдаланып, month айнымалысы көрсетіп тұрған мәнді 'Қаңтар' тексереді де, нәтиже береді:

month = 'Қараша'

if month != 'Қаңтар':

print('Жаңа жыл мерекесі тойланбайды!')

print('Шырша да безендірілмейді!')

else:

print('Жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз !')

print('Би билейміз, ән саламыз!')



Жаңа жыл мерекесі тойланбайды!

Шырша да безендірілмейді!

if-else нұсқаулары (шартты өрнектер)


              • Программалаудағы else бөлігі болмайтын сәттер туралы білетін боларсыздар

            • if қысқаша нұсқауы (else бөлігі жоқ) және оның мысалы:

            • 1-мысал:

a = 5 if a < 10: print ("{0} саны {1} санынан кіші".format("a",10))



Нәтижесі:

a саны 10 санынан кіші

2-мысал: Қабаттасқан (біріне бірі кірістірілген) if операторы


            • 2-мысал: Қабаттасқан (біріне бірі кірістірілген) if операторы

            • Мұнда келесі if алдыңғы if-тен оңға қарай шегініп жазылады

a = 5 b = 6 c = 100 if a>4: if b>a: if c>b: print("%2d < %2d < %2d" % (a,b,c))



if-else нұсқаулары (шартты өрнектер)

Нәтижесі:

5 < 6 < 100

If + else нұсқаулары: Сіз мұнда "else" нұсқауын тек "if" нұсқауынан кейін қоя аласыз


            • If + else нұсқаулары: Сіз мұнда "else" нұсқауын тек "if" нұсқауынан кейін қоя аласыз

            • 3-мысал

a=71 if a>50: print("Сіз %d бағасын алдыңыз" %a) else: print("Сіз жазғы семестрге қалдыңыз")



if-else нұсқаулары (шартты өрнектер)

Нәтижесі:

Сіз 71 бағасын алдыңыз

If + elif + else нұсқаулары: elif C#, Java тілдеріндегі else-if нұсқауы сияқты


            • If + elif + else нұсқаулары: elif C#, Java тілдеріндегі else-if нұсқауы сияқты

            • 4-мысал
a=50 b=85 if a>=50: print("Сіз %d бағасымен өттіңіз" %a) elif b>=80 and b<=100: print("Емтиханнан өзі өтіпті, бірақ досының бағасы {} болыпты".format(a)) else: print("Басқалар да мықты емес, бірақ Сіз жазғы семестрге қалдыңыз")

if-else нұсқаулары (шартты өрнектер)

Нәтижесі (а=50 , b=85):

Сіз 50 бағасымен өттіңіз

Нәтижесі (a=49, b=85):

Емтиханнан өзі өтіпті, бірақ досының бағасы 49 болыпты

Күрделі if нұсқаулар: бірнеше шарттар бар


            • Күрделі if нұсқаулар: бірнеше шарттар бар

            • 5-мысал

a=50

b=70

if a>=50 and b<75:

print("Сіздің бағаңыз %d мен %d аралығында" % (a, b))

else:

print("Сіз жазғы семестрге қалдыңыз")



if-else нұсқаулары (шартты өрнектер)

Нәтижесі (a=50):

Сіздің бағаңыз 50 мен 75 аралығында

Нәтижесі (a=42):

Сіз жазғы семестрге қалдыңыз

Күрделі if нұсқаулар: бірнеше шарттар бар


            • Күрделі if нұсқаулар: бірнеше шарттар бар

            • 6-мысал. x айнымалысының таңбасын анықтау:

x = 5 if x > 0: print (1) elif x < 0: print (-1) else: print (0)

Нәтижелері



if-else нұсқаулары (шартты өрнектер)

1, егер x>0

sign(x)= 0, егер x=0

-1, егер x>0

x = -3 if x > 0: print (1) elif x < 0: print (-1) else: print (0)

x = 0 if x > 0: print (1) elif x < 0: print (-1) else: print (0)

x = 5 if x > 0: print (1) elif x < 0: print (-1) else: print (0)

1

-1

0

7-мысал Күрделі if нұсқаулар: бірнеше шарттар бар


            • 7-мысал Күрделі if нұсқаулар: бірнеше шарттар бар


if-else нұсқаулары (шартты өрнектер)

print ("Сәлем!")

tauar1 = 5000

tauar2 = 4225

if tauar1+ tauar2 > 10000 :

print ("Ақша жетпейді")

else:

print ("Ақша төленді")

print ("Көріскенше, күн жақсы…")

print ("Сәлем!")

tauar1 = 5500

tauar2 = 6225

if tauar1+ tauar2 > 10000 :

print ("Ақша жетпейді")

else:

print ("Ақша төленді")

print ("Көріскенше, күн жақсы…")

Сәлем!


Ақша төленді

Көріскенше, күн жақсы…

Сәлем!

Ақша жетпейді

Көріскенше, күн жақсы…


Балл мөлшері


Әріптік бағасы


90 – 100


A


70 – 89


B


60 – 69


C


50 – 59


D


0 – 49


F


if-elif нұсқаулары (шартты өрнектер)

A = 90; B = 70 C = 60; D = 50 # Қолданушы балл енгізеді ball = int(input('Балл мөлшерін енгізіңіз: ')) # Баллдың әріптік баламасын анықтау if ball >=A: print('Әріптік баға - A') elif ball >=B: print('Әріптік баға - B') elif ball >= C: print('Әріптік баға - C') elif ball >= D: print('Әріптік баға - D') else: print('Әріптік баға - F')

Практикалық жұмыс


            • 1. екі айнымалыға сандық мәндер меншіктеледі;

            • 2. егер бірінші айнымалының мәні екіншісінен артық болса, онда айнымалылар мәндерінің айырмасын (біріншісінен екіншісін азайту) табыңыздар, нәтижесін үшінші айнымалыға меншіктеңіз-дер;

            • 3. егер бірінші айнымалының мәні екіншісінен кіші болса, онда үшінші айнымалы екеуінің қосындысына тең болады;

            • 4. қалған барлық жағдайларда, үшінші айнымалыға бірінші айнымалы мәнін меншіктеңіз;

            • 5. экранға айнымалылар мәндерін шығарыңыздар.

Практикалық жұмыс


            • A және В бүтін сандары берілген. Егер A < B болса, А-дан В-ға дейінгі барлық сандарды өсу ретімен, кері жағдайда, оларды кему ретімен экранға шыарыңыз.

            • A және В бүтін сандары берілген, A>B. А-дан В-ға дейінгі барлық тақ сандарды кему ретімен экранға шығарыңыз. Бұл есепті if операторын қолданбай шығаруға болады.

            • 10 бүтін сан берілген. Солардың қосындысын табу керек. Осы прог-рамманы айнымалылардың ең аз санын қолдана отырып шығаруға тырысыңыз.

            • Берілген n натурал санының факториалын (n!) табу қажет. Мұнда математикалық math кітапханасын қолдануға болмайды.

Практикалық жұмыс

Берілген  n натурал саны бойынша келесі қосындыны 

s = 1!+2!+3!+...+n!1!+2!+3!+...+n!

табу керек. Бұл есепте тек бір ғана циклді қолдануға болады.

Mұнда math кітапханасын қолдануға да болмайды.

Maтематикалық операторлар



Операциясы


Синтаксисі


Функциясы


Қосу


a + b


add(a, b)


Біріктіру


seq1 + seq2


concat(seq1, seq2)


Containment Test


obj in seq


contains(seq, obj)


Бөлу


a / b


truediv(a, b)


Бөлу (бүтін бөлінді алу)


a // b


floordiv(a, b)


ЖӘНЕ (биттер үшін)


a & b


and_(a, b)


Bitwise Exclusive Or


a ^ b


xor(a, b)


ТЕРІСТЕУ (биттер үшін)


 a


invert(a)


НЕМЕСЕ (биттер үшін)


a | b


or_(a, b)


Дәрежелеу


a ** b


pow(a, b)


Identity


a is b


is_(a, b)


Identity


a is not b


is_not(a, b)


Тізім элементін өзгерту


obj[k] = v


setitem(obj, k, v)


Тізім элементін өшіру


del obj[k]


delitem(obj, k)


Тізім элементін индекстеу


obj[k]


getitem(obj, k)


Солға жылжыту (биттер)


a <

< b >


lshift(a, b)


Қалдық табу


a % b


mod(a, b)





Операциясы


Синтаксисі


Функциясы


Көбейту


a * b


mul(a, b)


Матрицалық көбейту


a @ b


matmul(a, b)


Терістеу (арифметикалық)


-a


neg(a)


Терістеу (Логикалық)


not a


not_(a)


Оң таңбалы


+a


pos(a)


Оңға жылжыту


a >> b


rshift(a, b)


Тізім бөлігін орнату


seq[i:j] = values


setitem(seq, slice(i, j), values)


Тізім бөлігін өшіру


del seq[i:j]


delitem(seq, slice(i, j))


Тізім бөлігін қиып алу


seq[i:j]


getitem(seq, slice(i, j))


Тіркесті форматтау


s % obj


mod(s, obj)


Азайту


a - b


sub(a, b)


Дұрыстығын тесеру


obj


truth(obj)


Реттеу




< b >


lt(a, b)


Реттеу


a <= b


le(a, b)


Тең екенін анықтау


a == b


eq(a, b)


Тең емес екенін анықтау


a != b


ne(a, b)


Реттеу


a >= b


ge(a, b)


Maтематикалық операторлар (жалғасы)

Мәліметтерді енгізу


            • Мәліметтерді енгізу үшін ішкі "input" деп аталатын функцияны қолдануға болады:

            • Мысалы:

              • a = input("Қолданушыдан бір нәрсе енгізуді сұраңыз ") (python 3.*)

                • Тек сөз тіркесін (string) қайтарады

              • b = raw_input("Қолданушыдан бір нәрсе енгізуді сұраңыз ") (python 2.*)

                • Бұл да тек сөз тіркесін (string) қайтарады

              • b = input("Қолданушыдан бір нәрсе енгізуді сұраңыз ") (python 2.*)

                • Енгізілген мәліметтер типін қайтарады

Мәліметтерді енгізу


            • Пернелерден мәліметтер енгізу - input("Бірдеңе енгіз:")

            • Программа жұмысы тоқталады, сол сәтте бір мән енгізіп, Enter бассақ, жұмыс ары қарай жалғасады.

            • Мысал:

name = input("Атың кім?")

print('Сәлем, ' + name)

jauap = input(" Python үйренгің келе ме? (Иә/Жоқ) ")

if jauap = "Иә" :

print(" онда дос боламыз, программа құрамыз...")

elif jauap == "Жоқ" : print(" онда 'Қош бол!' үйіңе қайт...") else : print("Не деп отырсың? Тұр орныңнан...")



Атың кім? Бекен

Сәлем, Бекен

Python үйренгің келе ме? (Иә/Жоқ) Иә

онда дос боламыз, программа құрамыз...

Атың кім? Секен

Сәлем, Секен

Python үйренгің келе ме? (Иә/Жоқ) Жоқ

онда 'Қош бол!' үйіңе қайт...

Атың кім? Төкен

Сәлем, Төкен

Python үйренгің келе ме? (Иә/Жоқ) Білмедім

Не деп отырсың? Тұр орныңнан...

Кодқа комментарийлер қосу


            • Кодқа комментарий қосу программалаудың жақсы тәсілі

            • Комментарийлер сіздің кодыңызды басқалардың (бірігіп жұмыс істейтін мамандардың) түсінуін жеңілдетеді

            • Кодқа комментарийлер қосу үшін келесі тәсілдерді қолданыңыз:

# - осы таңбадан (шарп) басталатын комментарий жол соңында тұрады

''' сөйлемдер ''' – үш жалқы тырнақшамен басталып, үш жалқы тырнақшамен аяқталатын күрделі комментарийлер, бұлар бірнеше жолдардан тұратын түсініктеме мәтіндер түрінде болады

Сөз тіркестері


            • Python-да сөз тіркестерін (тіркестерді) де салыстыруға болады. Мысалы:

name1 = 'Mary'

name2 = 'Mark'

if name1 == name2:

print ('Аттар бірдей.')

else:

print ('Аттар бірдей ЕМЕС.')

'Mary' мен 'Mark' бірдей емес, сондықтан else бөлігі 'Аттар бірдей ЕМЕС.' деген нәтиже береді.

Сөз тіркестері


            • Келесі программа құпиясөз (пароль - password) енгізуді сұрайды, сонан соң оның бұрыннан сақталған 'koseu' сөзімен бірдей екендігі анықталады.

# Қолданушыдан құпиясөз енгізуді сұрау password = input('Құпиясөз енгізіңіз: ') if password == 'koseu': print ('Бәрі дұрыс. ') else: print ('Құпиясөз дұрыс емес.')



Нәтижесі:

Құпиясөз енгізіңіз: koseu

Бәрі дұрыс.

Сөз тіркестері

A = 90; B = 70; C = 60; D = 50 # Қолданушы балл енгізеді ball = int(input('Балл мөлшерін енгізіңіз: ')) if ball >=A: print('Әріптік баға - A') elif ball >=B: print('Әріптік баға - B') elif ball >= C: print('Әріптік баға - C') elif ball >= D: print('Әріптік баға - D') else: print('Әріптік баға - F')

Нәтижесі:

Балл мөлшерін енгізіңіз: 85

Әріптік баға - B

Сөз тіркестері


            • ASCII кодтары символдарды реттеп орналастырады. "А" символы "В" символының алдында тұрады (А – 65, В – 66), ал ол "С" символының алдында (С - 67), т.с.с.

            • Программа символдарды салыстырғанда, олардың кодтарын салыстырады, мысалы, мынадай if:

if 'а'< 'b': print ('а әрпі b әрпінен кіші ')

дұрыс жазылған шарт, яғни ‘a’ – 97, ал ‘b’ – 98 болып табылады.

A-Z кодтары 65 пен 90 аралығында,

ал a-z 97 мен 122 аралығында орналасқан.

Мысалдар орындау

a = 54321.6789 print('a санының мәні = ',format(a,'10.2f')) # 10.2 # a санының мәні = 54321.68 ұзындығы – 10, бөлшегі - 2 print(format(123456789,'14,d')) # ұзындығы – 14 цифр # 123,456,789

Нәтижесі: a санының мәні = 54321.68

123,456,789

Мысалдар орындау

# Төмендегі нақты (бөлшек) сандар # нүкте бойынша тураланып, бір бағанаға шығарылады. num1 = 127.899 num2 = 3465.148 num3 = 3.776 # Сандар ені - 7 таңба,дәлдігі,яғни бөлшегі 2 - таңба print(format(num1,'7.2f')) print(format(num2,'7.2f')) print(format(num3,'7.2f'))

Нәтижелері:

127.90

3465.15

3.78

Мысалдар орындау


            • Бүтін сандарды форматтау

            • format функциясы бүтін сандарды да форматтайды. Оның форматын жазудың екі ерекшелігі бар:

            • тип көрсеткіші ретінде d символы жазылады;

            • дәлдігі көрсетілмейді.

123456 санын форматсыз жазайық:

print(format(123456, 'd'))

Ал енді сол санның мыңдықтарын үтірмен бөліп жазайық:

print(format(123456, ',d'))



Нәтижесі: 123456

Нәтижесі: 123,456

Мысалдар орындау


            • Нақты сандарды пайыз (%) түрінде форматтап шығару

            • Мұнда f орнына тип көрсеткіші ретінде % символы қолданылады. % символы санды 100-ге көбейтіп, оның соңына % таңбасын қосып жазады. Төменде мысал келтірілген:

print(format(0.5, '%'))


            • Дәлдігін нөл арқылы берсек, нәтижесі бүтін сан болады:

print(format(0.5, '.0%'))



Нәтижесі: 50.000000%

Нәтижесі: 50%

Қорытынды


            • Сонымен Питон жылан емес (бірақ қашса қуып жетіңіз)

            • Енді print() функциясын дұрыс қолданатын болдыңыз

            • Питондағы шартты операторларды жазуды үйрендіңіз

            • Питондағы математикалық операторларды да игердіңіз

            • Мәліметтерді пернетақтадан енгізе алатын болдыңыз

Бүгінгі дәріс аяқталды. Тыңдағандарыңызға рахмет!



Егер үйде мысық , күшіктеріңіз болмаса, Питонды айналдырыңдар.

Енді мыналарды білетін болдыңыздар


              • print() операторын пайдалану жолдары (бір-екі жолға, форматпен, форматсыз, сөздер арасын әртүрлі таңбамен бөлу, санның дәлдігін беру);

              • Мәліметтерді экранға дұрыс рәсімдеп шығару тәсілдері;

              • Математикалық операциялардың, шартты операторлардың қарапайым, күрделі тәсілдерін қолдана білу;

              • Пернетақтадан сандар, сөз тіркестерін енгізу, оларды айнымалыларға меншіктеу тәсілдері;

              • Комментарийлер (түсініктемелер) беру жолдары.

              • Келесі сабақта осы тақырыптар сұрақтарына жауап бересіздер

Академиялық тәртіп талаптары


            • Оқу керек, ұстазды алдамай, басқалардан көшірмей, тазалықпен білім алуға талпыныңдар!

            • Алдаған шәкірттерге, жұмысын басқаларға көшіруге бергендерге, көшіріп алғандарға 0 балл қойылады немесе балл шегеріледі.

            • Сұрақтарыңыз болса, ұстазбен байланысуға, кездесуге келіңіздер.

            • Бағалау жүйесі:

              • 60% - лабораториялық жұмыстарды орындау, рәсімдеу, тапсыру, айтып беру

              • 20% - әр сабаққа алдын ала дайындалу, өзіндік жұмыстар орындау, қосымша есептер шығару

              • 20% - бақылау жұмыстарын орындау, аралық тексеруден (midterm) өту, күрделі есептер шығару, жеке тапсырмалар алып, соларды орындау.


http://melimde.com