Файл: Тркілерді мдени мрасы аза мдениетіні алыптасуына сер ететін фактор ретінде.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 73
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Шығыстану факультеті Бухарбаева Ақбота;
109-топ, 1курс, 2022-2023;
№7 Семинар.
Проблемалық, негізгі сұрақтары.
1.Түркілердің мәдени мұрасы қазақ мәдениетінің қалыптасуына әсер ететін фактор ретінде
Түркі халықтарының ішіндегі қазақ колөнері өте бай әрі рухани- эстетикалық, тәлім-тәрбиелік аясы кең халық қазынасы болып табылады. Ол өзінің дамуында өте жоғары даму баспалдағына көтеріліп, таралу ауқымы жағынан бүкіл түркі халықтарының барлығына өрбіді. «Өнерлі өрге жүзер», «Өнерді үйрен де, жирен», «Ер жігітке он өнер де аз» т.б халықтық мақал-мәтелдер қазақ халқының ғана емес, олар барлық түркі халықтарындағы ертеден өнерге деген қатынасын, ой-пікірін білдіреді. Соған сәйкес, қолөнер көркем дүниетанымның көзі ретінде барлық жас ұрпақтың рухани- эстетикалық танымын арттыратын күшке айналуы қажеттілігі күннен- күнге арта түсуде.
Мысалы.. академик Ә.Қ.Марғұлан, С.Қасимановтардың зеттеулері бойынша рухани- эстетикалық бағытта түстердің мынадай символдық мағыналары бар: ақ түс – бақыт, қуаныш, ақиқат. Қызыл – от пен күн көзінің символы. Сары – ақыл-парасаттың, қайғы-мұңның символы. Жасыл – жастық шақ пен көктем. Көк – көк аспан, көк аспанға табыну. Қара түс Жер-Ананы белгілейді. Түр-түс табиғатын танып білу танымның өзін қоршаған ортада орынды қолдана білуінің нәтижесі болып табылады. Адамдардың түр-түс табиғатын білуі ертеден келе жатқан дәстүр түрі. Текемет, сырмақ, түс киіз, кілем тағы сол сияқты үй мүліктерінде тек ою-өрнекке көңіл аударылмай, бояу түстеріне де ерекше ден қойылған, оның адамға рухани-эстетикалық әсері, ой тастауы сол бояу арқылы бағаланып және одан жасаған шебердің ішкі жан дүниесін, рухани байлығын түсінуге болады.
2 Түркілердің әлемдік мәдениет пен өркениеттің дамуына қосқан үлесі мен ортағасырлық Ренессанстың қалыптасуындағы рөлін бағалау.
Бұл тұрғыда біз батыстық ғалымдардың деректеріне жүгінсек дейміз. Француз антропологі Леви-Строс тек Еуропа ғана әлемдік өркениеттің дамуына үлес қосты деген концепцияны терістей отырып, былай деп жазады: «Батыстың барлық ғылыми және өнеркәсіптік революциялық кезеңі адамзат жүріп өткен мыңдаған жылдың жартысын ғана қамтиды. Батыс өркениеті екі-үш ғасыр бұрын тек адамды күшті механикалық құралмен жабдықтауға арнады. Егер осы критерий тұрғысынан қарайтын болсақ, онда адамзат қоғамының даму деңгейінің индикаторы тұрғындар рухына жұмсалған энергияға айналмақ. Американдық негіздегі батыс өркениеті мұның басында тұрады. Егер қауіпті географиялық жағдайларды бағындыру тұрғысынан алсақ, эскимостар мен бәдәуилер алдыңғы орынға шықпақ. Басқа өркениеттермен салыстырғанда, Үндістанда алдыңғы қатарлы философиялық-діни жүйе жасалынса, Қытайда демографиялық күйзелістің психологиялық салдарымен күресетін өмір сүру стилі дамыды. Осыдан үш ғасыр бұрын Исламда батыс мәдениеті осы уақытқа дейін
таба алмай келген, адам өмірінің барлық: техникалық, экономикалық, әлеуметтік және рухани формаларына қажет теория жасалынды» деп тұжырым жасайды. Одан ары қарай Леви-Строс Батысқа түркілердің, жекелей алғанда якуттардың қосқан үлесі туралы айтады. Оның пікірінше, бұл тарихи- технологиялық дамудағы сирек кездесетін жағдай: «осы кезеңде әлем тарихында ойға келмес іс-әрекеттер жасалды. Мәселен: солтүстік пен оңтүстік арасындағы табиғи ресурстарды зерттеу, жабайы жануарлар мен өсімдіктерді үй жағдайына баулу, оларды тамаққа, дәрі-дәрмекке пайдалану.
3. Алдыңғы Азия, Иран, Орталық Азияның әр түрлі халықтарының исламдық мәдениеттің қалыптасуына қосқан үлесін шынайы түрде бағалау.
Орталық Азияда өзгерістердің орын алу үдерісін түсіну үшін, ең алдымен түпкі фактордан, жаңа өркениеттің қайнар көзінен, ауқымды аймақтардың тұрмыс-тіршілігін түрлендірген ислам дінінен бастау керек. Себебі, «ол – мұсылмандарды дінді жаюға итермелеген негізгі рухани өзек болып табылады. Осы діннің шеңберінде және сол арқылы жаңа әлеуметтік қоғам қалыптасты. Ислам жеткен аймақтардағы халықтарға олар үшін жаңа болған сауалдарды қойды, өмір және әлем жайында жаңа ой негіздемелерін ұсынды.
Сөзсіз, ислам сенімі адамның тегіне, этникалық түріне қарай бөлінбейді. Ол бүкіл адамзаттың бір тектен туындау принципін ұстанады. Исламда адамдар нәсіліне, тегіне қарап емес, сеніміне қарай ажыратылады. Ислам ибрахимдік болып табылатын, пайғамбарлар арқылы жеткен монотеистік діндерді мойындайды және оларды «Кітап иелері» деп атайды. Бұл дегеніміз, ислам діні христиан және иудаизм сенімдеріне қанша сыни көзқараспен қарағанымен, олардың тарихи маңыздылығын, оларға өте жақын сенімдер екенін айтып, әрі байланысын жоққа шығармайды.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Ғабитов Т. Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану. Оқулық. –А., 2001-2003 ж.
2. Алтаев Ж: Философия және мәдениеттану .- А., 2000
3. Қанағатова А. Мәдениеттану негіздері .- А., 2001
4. Мәдениеттану сөздігі. Құрастырғандар: Құлсариева А., Ғабитов Т. жәнет.б .- А., 2001
5. С. Терминосова. Тіл және мәдениетаралық коммуникация. Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл.
6. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. – Алматы, 2003.
7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007.
8. Маданов Х. Қазақ мәдениет тарихы.-А., 1998.
9. Мырзалин С., Қоғам және мәдениет.-А., 1999
10. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. - Астана, 2002.
11. Назарбаев Н.А. Евразийский Союз. Идеи, практика, перспективы. – М., 1997
12. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы, 1997.
13. Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер, 1996. – 272 б.
14. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің типологиясы.- А., 1998.
15. Қоныратбаева А.Т. Көне мәдениет жазбалары.- А., 1991
16. Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов. – А., 1998