Файл: азастан Республикасыны 2007 жылы 27 шілдедегі 319 Заы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 829

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.






Білім туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.


      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 68-баптан қараңыз.


      МАЗМҰНЫ



      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:

      "соғысқа қатысушылар мен cоғыс мүгедектеріне" деген сөздер "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Оқу және тәрбие процесін", "оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесін", "Оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесінің" деген сөздер тиісінше "Оқу-тәрбие процесін", "оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесін", "Оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесінің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ауыл (село)", "ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)", "ауылдың (селоның)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдың, ауылдық", "ауылдың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "жоғары оқу орындарында", "жоғары оқу орындарының", "Жоғары оқу орындарында", "Жоғары оқу орындарындағы", "жоғары оқу орындары", "жоғары оқу орындарына", "жоғары оқу орындарын", "Жоғары оқу орындары", "жоғары оқу орнының", "Жоғары оқу орнының ерекше", "жоғары оқу орнын", "Жоғары оқу орындарының", "жоғары оқу орны", "жоғары оқу орнына" деген сөздер тиісінше "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының", "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында", "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын", "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының", "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ерекше", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын", "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 04.07.2018
№ 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "педагог кадрлардың", "педагог қызметкердің", "педагог жұмыскерге", "педагог кадрларды", "педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар", "педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдары", "педагог қызметкерлердің", "педагог жұмыскерлердің", "педагог жұмыскерлерді", "педагог жұмыскерлер", "педагог қызметкерлерден", "педагог қызметкерлер" деген сөздер тиісінше "педагогтердің", "педагогтің", "педагогке", "педагогтерді", "педагогтер", "педагогтері", "педагогтердің", "педагогтердің", "педагогтерді", "педагогтер", "педагогтерден", "педагогтер" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "мүгедектер", "мүгедек балалар", "мүгедектердің", "мүгедек балалардың", "мүгедек-балалар", "мүгедек балаларды", "мүгедектерді", "мүгедек", "мүгедектерге" деген сөздер тиісінше "мүгедектігі бар адамдар", "мүгедектігі бар балалар", "мүгедектігі бар адамдардың", "мүгедектігі бар балалардың", "мүгедектігі бар балалар", "мүгедектігі бар балаларды", "мүгедектігі бар адамдарды", "мүгедектігі бар адам", "мүгедектігі бар адамдарға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





      Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.


1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



      1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);





      1-1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орындарында білім алып жатқан адам;




      2) академия – белгілі бір салада ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;



      2-1) академиялық кредит – білім алушының және (немесе) оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысы (жүктемесі) көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;



      2-2) академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында академиялық кредиттер түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру;



      2-3) аккредиттеу органы – өзі әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткізетін заңды тұлға;



      2-4) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;



      3) атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;



      3-1) әдістемелік кабинет – білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагогтердің шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;



      3-2) әскери, арнаулы оқу орындары – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары;




      4) бакалавр – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;



      4-1) бакалавриат – тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;



      4-2) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг);



      5) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;



      5-1) бейіндік мектеп – жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны;



      6) бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру;



      6-1) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;



      7) "Болашақ" халықаралық стипендиясы — Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;



      7-1) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесі – білім беру қызметкеріне ұйымды, оқытудың мазмұны мен мерзімдерін таңдауға мүмкіндік беретін, мемлекет белгілеген және белгілі бір ақша сомасымен қамтамасыз етілген, атаулы құжат (ваучер) түрінде ресімделген жан басына шаққандағы норматив негізінде қаржыландырылатын біліктілікті арттыру нысаны;



      7-2) біліктілікті арттыру институты – үздіксіз білім беру жүйесінде кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттырудың актуалды білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы;




      7-3) біліктілікті беру – тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, машықтар мен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;



      7-4) білім алу үшін арнаулы жағдайлар – ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың (балалардың), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, оқу, сондай-ақ арнаулы, жеке дамыту мен түзеу-дамыту бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;



      8) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;



      9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;



      9-1) білім беру – имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі;



      9-2) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;



      10-1) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры – орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру мақсатында ақша түсімдерін есепке жатқызу және жұмсау үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;



      10-2) білім беру кредиті – қаржылық ұйымдар оқыту ақысын төлеу үшін қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен беретін ақша;



      11) білім беру қызметі - білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;