Файл: Сйлеуді дамыту Сйікті ойыншытар Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 157

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алып,алақан арасына салып, илеу арқылы әр түрлі пішінде (сопақша,дөңгелек т.б) құртты мүсіндеу. (мүсіндеу)

(физикалық қасиеттер дағдысы, шығ/қ дағды, әлеуметтік-эмоционалдық дағды, ком/к дағды

Дидактикалық ойын «Тақияны әшекелейік»

Қазақтың ұлттық бас киімі «Тақияның» түсі,көлемі,пішіні туралы әңгімелей отырып,тақияға қазақтың қошқар мүйіз оюын желімсіз жапсырып, әшекелейміз.

(сенсорика, жапсыру)
Қимылды ойын:

«Қараторғай ұялары»

Шарты: Алаңда дөңгелек шеңбер сызылады,ойынаушылардың санынан біреуі кем болады.Бұл торғай ұялары.Барлық балалар-қараторғай,олар алаңда емін-еркін жүгіріп ұшып жүреді, «үйге қайтындар» деген сигнал бойынша ұяларға жүгіреді. Ал балалардың ішінен біреуі ұясыз қалады.Осылайша ойын бірнеше рет қайталанады. Тәрбиеші ойынның аяқ кезінде (балалар әлі жүгіріп жүрген кезде) тағы бір дөңгелек сызып қояды. Балалар қайтып оралған кезде бәрінің де ұясы бар болып шығады

Жәй қимылды ойын:

«Ақ қоян»

Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ айтады.
Дидактикалық ойын: «Әдепті баламыз»

Мақсаты: Үлкенге ізет,кішіге құрмет танытуға,қоршаған ортада өзін әдепті ұстауға, әдеби сөздік қорларын дамтуға,жақсы мен жаманды ажыратуға үйрету.

(қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)

«Достық» ағашының суретін алақанмен бастыру әдісі арқылы салу, түстерді тану, атау (сенсорика, сурет салу)

(физикалық қасиеттер дағдысы, шығ/қ дағды, танымдық және зияткерлік дағды, әлеуметтік-эмоционалдық дағды, ком/к дағды)

Жәй қимылды ойын:

«Доп шеңберде»

Шарты: Балалар жерге дөңгелене отырады да, допты бір-біріне домалата

ды.Тәрбиеші балаларға екі қолымен қалай және қай бағытқа қарай итеруді үйретеді. 8-10 баладан құрылған торта ойын қызықты да ширақ өтеді.

Дидактикалық ойын:

«Көлемі мен пішініне қарай ажырат»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын сын есімдермен байыту және заттың (мұнараның) көлемі мен пішінін ажыратуға дағдыландыру.

Мұнараның үлкен және

кіші дөңгелектерін дәстүрден тыс әдісі арқылы суретін салу.

(Сөйлеуді дамыту,сенсорика,сурет салу)

Музыкалық ойын «Қуыршақ» әнін бейнетаспадан қарап, топпен ән айтып, қимылдар жасау (дене шынықтыру** , музыка***)

(коммуникативтік дағды, шығармашылық дағды, танымдық және зияткерлік дағды, физикалық қасиеттерді дамыту дағдысы)

Қимылды ойын: «Тез ал,тез орнына қой»

Шарты: Балалар екі топқа бөлініп,еденге орналасқан ұяшықтарға текшелерді бірінші ойыншы қойып шығады,екінші ойыншы себетке жинап шығады. Осылай екі команда жарысады. (физикалық қасиеттерді дамыту дағ)

Қимылды ойын: «Қарлығаш»

Шарты: Балаларға ойын шартын сақтауды үйрету(ойыншылар шеңбердің ішіне жүгіре кіріп,қарлығашты босатуға тырысады, ал күзетші оны қорғайды). (физикалық қасиеттерді дамыту дағ)
Қимылды ойын: «От – су»

Шарты: белгі бойыша әрекет етуге үйрету«От» бәрі отыра бастайды, «Су» айналым бойынша бір жаққа ағады

(физикалық қасиеттерді дамыту дағ)

Қимылды ойын: «Аю»

Шарты:Бір бала «Аю» болып сайланады.Қалған балалар «қояндар». Қояндар байқаусызда ұйықтап жатқан аюды ұйқысынан оятып жібереді,аю қояндарды қуады.

(физикалық қасиеттерді дамыту дағ)

Қимылды ойын: «Ұшу»

Шарты: Сапқа тұру біліктіліктерін бекіту; ойынның шартын орындап бір аяқтан екінші аяққа секіру. Ойынға барлық балалардың қатысуын қамтамасыз ету.

(физикалық қасиеттерді дамыту дағ)

«Өз орнын тап» ойыны

Мақсаты: Өз орындықтарын суреті арқылы тануға үйрету.

Шапшандыққа бейімдеу.

Сұрақтар қою арқылы балалардың есте сақтау қабілеттерін

дамыту.

(физикалық қасиеттерді дамыту дағдысы, коммуник.дағды)
Дидактикалық ойын «Тақияны әшекелейік»

Қазақтың ұлттық бас киімі «Тақияның» түсі,көлемі,пішіні туралы әңгімелей отырып,тақияға қазақтың қошқар мүйіз оюын желімсіз жапсырып, әшекелейміз.

(сенсорика, жапсыру)

(танымдық дағды, шығармашылық дағды,коммуникативтік дағ)

«Сәнді орамал» ойыны.

Мақсаты: Үшбұрышты орамалды түрлі әдістер арқылы әшекейлеуді үйрету. Қағаз бетінде қылқаламмен тіке сызықтарды жеңіл жүргізуге жаттықтыру.

(Сурет салу)
(шығармашылық дағды)

"Сәнқой қуыршақ" дид. ойыны

Мақсаты: балаларды киіну тәртібіне баулу; киім үлгілерін атап, қайда киетінін айтып беруге ынталандыру; зейінін, тілін, ақыл-ойын дамыту.

Құралдар: қуыршақтың киім үлгілерінің суреттері

Педагог балалардың алдарына әртүрлі киімдер мен аяқ киімдер, бас киімдер үлгілерін жайып қояды. Балалар қандай киімді қайда киетіндері туралы айтып жатады. Киімдерге арналған киім шкафын үлгі бойынша құрастырады (сөйлеуді дамыту, құрастыру)

қағаз бетінде қылқаламмен тіке сызықтарды жүргізе отырып, орамалдың шашақтарын салу, орамалдың бүршіктерін өздері қалаған түсті ермексазбен мүсіндеп үш бұрышты пішіннің ішіне жапсыру.

(сурет салу, мүсіндеу)(шығармашылық дағды, коммуник.дағды)

Дидактикалық ойын:

«Құстарға арналған жем салғыш.

Мақсаты: Ұсақ құрылыс бөліктерін көлеміне қарай біріктіріп,бір тұтас затты құрастыруды және құстарға қамқор болуды үйрету. (Құрастыру)

(коммуникативтік дағды, шығармашылық дағды)

Дидактикалық ойын: «Әжемнің оюы»

Мақсаты: ою туралы түсінік бере отырып, дәстүрлі емес әдіс бастыру әдісі арқылы оюдың суретін салу; қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: үстіне, жанына қою. Фланелеграфта қазақтың ұлттық ою-өрнектерін орналастыру. (құрастыру, сурет салу, сөйлеуді дамыту, жапсыру)

(коммуникативтік дағды, шығармашылық дағды)