Файл: Атбе аласы Бауыржан Момышлы атындаы 62 жалпы ьілім беретін орта мектебіні директоры.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ақтөбе қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы ьілім беретін орта мектебінің директоры

Нуртазина Багдагуль Жаксылыковна
«Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», - дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында. Алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастыратын кейінгі толқын жастар.

ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білім беру болып отыр. Рухани, мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің жоғарылауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен - күнге айқындалып келеді. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі. Заңғар жазушы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім болмақ» десе, көреген ұлт көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – бұл аса маңызды мемлекеттік міндет. Еліміздің болашағы дарынды, отаншыл жастардың қолында болуы керек» деп тұжырымдайды. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден - бір дара жолы - білім жүйесі. Орта мектеп - білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте  қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады.

Ақтөбе қаласында орналасқан Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінің ашылғанына бес жыл болса да жетістігі ұшан-теңіз.

Осы уақыт аралығында аталмыш білім ордасының ойы озық, шығармашылығы шырқау, ізденісі ілгері оқушылары білім бәсекелерінде белсенділік танытудан танған емес.

Бүгінгі күні дарынды оқушы Бақтығалиев Елдос Қанатұлы «Өнерлі бала», «Қазақтың қара өлеңі - құдіретім», «Жамбыл жырлары», «Батырлар жыры кісілікке баулиды», «Поэзия әлемі», «Поэзия, менімен егіз бе едің?!», «Адамзаттың Абайы», «Ленинградтық өренім», «Жамбыл жырлары» атты облыстық, республикалық, халықаралық байқауларының жеңімпазы.

Дарынды оқушы Сәрсенғали Әбілхайыр Республикалық «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының байқауы нәтижесінде облыстық кезеңінен жүлделі 2-орын иеленді.

“Менің кіші Отаным” атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңінен 10 “Ә” сынып оқушысы Хамдуллаева Гүлшат “Менің туған жерім” санаты бойынша эссе жазудан ІІ орын иеленді.


2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының “Зерде” республикалық конкурсының қалалық кезеңінен Ситалиева Дария мен Дидар Дильназ ІІ орын иеленіп, конкурстың облыстық кезеңінен жүлделі ІІІ орын алды.

“Лингвистикалық олимпиаданың” қалалық кезеңінен Қалеш Ердаурен жүлделі І орынды иеленіп, олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 кластарға арналған пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінен келесі оқушылар жүлделі болды:

  1. Ақжанбеков Нұрдәулет-ІІ орын, математика пәні бойынша

  2. Фазылова Гүлдана-ІІ орын, жаратылыстану пәні бойынша

  3. Юсупова Адина-ІІ орын, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша

  4. Нұрлыбай Қуаныш-ІІ орын, жаратылыстану пәні бойынша.

Ақтөбе қаласының Ақтөбе-Дарын ғылыми тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Республикалық Жамбыл оқуларының қалалық кезеңінен Бактыгалиев Елдос “Гран-При” алса, аталмыш байқаудың облыстық кезеңінен І орынды иеленіп, облыс әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлық ноутбукпен марапатталды.

«Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» ұйымдастыруымен өткен «IQ OLIMPIADA» атты III Республикалық пәндік олимпиадасына 139 оқушы қатысып, жүлделі І, ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “НұрScince” ғылыми-әдістемелік жоғары мектебі мен Ақтөбе облысы бойынша “U-STUDY” аймақтық тестілеу орталығымен ұйымдастырылған республикалық эссе байқауынан Тұрсынбаева Айгерим ІІІ орынды иеленді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне жолдама алып, мектеп абыройын қорғаған оқушылардан 6 оқушы жүлделі орындарды иеленіп, 2 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды:

2021-2022 оқу жылы Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы



Оқушының аты-жөні

Туған жылы күні


Жалпы ұпай саны


Орны

1

Қалеш Ердәурен

19.06.2007

2

ІІІ

2

Таканова Амина

21.11.2005

26

ІІІ

3

Беркінбай Дана

23.01.2007

41

ІІ

4

Койшыаманова Молдир

04.03.2007

33

ІІ

5

Бауыржанқызы Аружан

16.03.2007

76

ІІІ

6

Бисенғали Қасымхан

07.01.2006

82

ІІІ


Біз өмір сүріп отырған ғасыр - білектілердің емес, білімділердің ғасыры. Білімге қол созғандардың қашан да бүгіні жарық, болашағы жарқын. Жарқын болашақтың бастауын бүгіннен қалайтын білім ордалары шәкірттерін шыңдаудан еш жалыққан емес.

Әр оқу жылы сайын дәстүрлі түрде өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушылары арасындағы олимпиада үстіміздегі оқу жылында да оң жалғасын табады деп сенеміз. Бұл - кеше ғана ашылған білім ордасы үшін үлкен мәртебе, зор табыс, асқақ абырой.