Файл: Таырыбы Кеестік азастанды айта ру рекеттері ( 19851991 жж.) Жоспары.pptx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 26
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы:Кеңестік Қазақстанды қайта құру әрекеттері ( 1985-1991 жж.)
Жоспары:
Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы
Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы
Қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі қайшылықтар
Дағдарыс:
Саяси сала:
Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздігі;
Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы;
Партиялық және мемлекеттік қызметтердің бірігуі мен төрешілденуі;
Заңдылықтың бұзылуы;
Жариялылықтың болмауы
2. Экономикалық сала:
Шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі;
Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық;
Бақылаусыз басқару аппараты;
Шығындық тәсіл;
Инфляция;
Тауар зәрулігі.
3. Әлеуметтік сала:
Тұрмыс деңгейінің нашарлауы;
Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы;
Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы;
Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер;
Қоғамға жат әрекеттердің орын алуы
1982 ж. 10/11 – Л.И.Брежнев қайтыс болды;
Партия мен үкімет басшылығына Ю.В.Анропов келді (1982-1984 жж);
1984 ж. К.У.Черненко КОКП ОК бас хатшылығына тағайындалды (1984-1985 жж);
1985 ж. КОКП ОК бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды (1985-1991 жж)
1985 жылғы сәуір КОКП ОК Пленумында әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелеріне жаңаша қарауға әрекет жасаланды.
М.С.Горбачев саясатының ұрандары:
жариялылық;жеделдету;
қайта құру.
Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы:
Жеделдету бағыты анық бағдарламасыз негізде жүргізілді;
Әлеуметтік және экономикалық дағдарысты мемлекеттік жүйені қайта құру арқылы емес, жекелеген шаралардың көмегімен жоюға болады деп есептеді;
Жеделдету бағыты жекелеген басшылар болып жарияланды.
1988 жылғы маусым –КОКП –ның ХІХ Бүкілодақтық конференцияда қоғамның әлеуметтік-экономикалық жүйесіне талдау жасалды. Шешімдері:
Саяси жүйеге реформа жүргізудің қажеттігі;
демократияландыру мен жариялылық;
төрешілдікке қарсы күрес;
халықтық реформа жүргізу;
әлеуметтік әділеттілік ұстанымдарын жүзеге асыру.
1986 жыл ақпан –наурыз –Қазақстан Компартиясының ХVІ съезі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың себептеріне талдау жасамай, жекелеген кемшіліктерді сынаумен шектелді;
1986 жылғы 16 желтоқсан –Қазақстан Компартиясы ОК –нің VПленумында ұйымдастыру мәселесі қаралды. Шешімі:
КОКП ОК хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен алынды;
Қазақстан үкіметінің басшылығына Г.В.Колбин тағайындалды (1986-1989 жж).
Қоғамда жарияланған мақсаттар мен нақты өмір сүру арасындағы күрделі қайшылық нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасына әкеліп тіреді.
1986 ж. 17 желтоқсан – Алматыда жаппай толқу басталды. Басты себебі: орталықтың өктемдік әрекеттері мен қайта құру жариялаған демократиялық ұстанымдар арасындағы қарама-қайшылықтар
Партия комитеттері мен өкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді:
8,5 мыңнан астам адам ұсталып, қала сыртына әкетілді;
1720 адам жарақат алды;
99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылды, 2 адам ату жасана кесіліп, 83 адам – 1,5 жылдан-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды;
52 адам партия қатарынан шығарылды;
246 студент оқудан шығарылды және т.б жағдайлар орын алды.