Файл: аза лтты Аграрлы университеті Таырыбы Кеуде жне шап аймаыны эндокриндік бездерін анытау.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 29

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті

Тақырыбы:Кеуде және шап аймағының эндокриндік бездерін анықтау

Ветсансараптау және гигиена кафедрасы

Кіріспе

Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.

Организмде бездерді үш топқа бөледі:

Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);

Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);

Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).


               

Басты ішкі секреция бездері (сол жақта — еркек, оң жақта — әйел): 1.Эпифиз 2. Гипофиз 3. Қалқанша без4. Тимус 5. Бүйрек үсті безі 6. Ұйқы безі 7. Аналық без 8. Аталық без

Кеуде аймағының эндокриндік бездері

Айырша без

  •  Айырша без (грек, thymus — тимус) — омыртқалы жануарлар мен адам организмдеріндегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без. Айырша без иммундық жүйенің орталық мүшесіне жатады. Ол көкірек қуысында орналасқан тақ көкірек бөлігінен және кеңірдектің екі қапталында жатқан жұп мойын бөлігінен тұрады. Адам мен жануарлар организмдеріндегі жасушалық және гуморальдық (сұйықтық) иммунитеттердің қалыптасуында маңызды рөл атқаратын Т лимфоциттердің түрліше популяцияларын түзу арқылы айырша без денедегі иммуногендік қызметті реттеуге қатысады. Ол гуморальды фактор — тимозинді организмнің ішкі сұйық ортасына (қанлимфа, ұлпа сүйығы) бөліп, шеткі лимфоидты мүшелер — лимфа түйіндері мен көкбауырдағы лимфоциттердің көбейіп жетіліп, әсерлі (эффекторлы) клеткаларға айналуын қамтамасыз етеді. Құрылысы жағынан айырша без лимфоидты-эпителиальды мүшелерге жатады. 

  • Айырша без желбезек қапшығының 3-және 4-жұптарынан дамиды. Ол көкірек қуысында жүрекке жақын жатқан ірі тамырлардың вентральдық бетін ала орналасады. Айырша без қан тамырларымен мол жабдықталған, симпатикалық және парасимпатикалық жұйкелермен жүйкеленген. Онда көп мөлшерде лимфа тамырларының торы болады. Без ұлпасы бозғылт заттан және қыртысты бөліктен түрады. Әр бөлік секрециялық торшалардан жэне қан түзетін органдарға тэн торлы эндотелийлік ұлпа торшаларынан құралған. Айырша без тек жыныстық жетілу кезеңінде ғана өсіп дамиды да, одан кейін өз қызметін тоқтатып, инволюция (кері даму) процесіне үшырайды. Сақа малда без семіп, оны май басады

Айырша бездің қызметі

  • Айырша без әртүрлі қызмет атқаратын күрделі орган. Оның ретикулярлы торшалары тимозин гормонын түзеді. Безге лимфоциттер түзу қабілеті де тән, сондықтан әлі күнге дейін оның ішкі секреция безіне жататыны немесе лифоидтық ағза екені толық анықталған жоқ. Айырша без бүкіл лимфалық жүйенің дамуына әсер етеді, сүйектің қатаюын, организмнің өсіп-жетілуін реттейді. Оның сығындысы лимфопоэзді жандандырып, сүйек кемігінде қанның діңгектік торшаларының дамуын жеделдетеді, лимфоцитоз тудырады. Бұл безде лимфоциттер жіктеледі, қанның діңгектік торшаларының беткейлік құрылымы өзгеріп, олар ұлпалық қорғаныс реакцияларында маңызды рөл атқаратын Т-лимфоциттерге айналады. Айырша без қатерлі ісіктің да-муына қажет күрделі жағдайларды қалыптастыруда белгілі рөл атқарады деген болжамдар бар.
  • Сент Джорджи айырша безден промин жэне ретин деп аталған екі зат бөліп алған. Промин қауіпсіз және қатерлі ісіктердің дамуын жандандырған, ал ретин — оларды баяулатқан. Қазіргі кезде мүндай заттар басқа үлпалардан да бөлінген. Айырша безді сылып тастағаннан кейін жас малдың өсіп-дамуы баяулап, минеральды тұздар мен белоктардың алмасуы бұзылады, сүйек жүмсарып, майысады, бұлшық ет дегенера-ция процесіне үшырап, оның тонусы төмендейді, ет болбырап, жоғары дәрежелі жүйкелік қызмет бұзылады, ацидоз жағдайында мал 2-3 ай ішінде өліп кетеді. Сақа малда аталған құбылыстар байқалмайды.
  • Айырша без басқа ішкі секреция бездерімен күрделі қатынаста болады. Малды ерте піштірсе, айырша безде жаспен байланысты туындайтын өзгерістер жүрмейді. Оның сығындысы егілген малда жыныстық жетілу тежеледі, гипофиздің тиреотроптық гормонының бөлінуі күшейеді. Айырша без қалқанша без бен бүйрек үсті бездерге ықпал етеді, тироксиннің эсерін бэсеңдетеді. Оны сылып тастағаннан соң аталған бездердің көлемі үлкейіп кетеді. Өз кезегінде айырша без басқа гормондар әсеріне сезімтал. Бүйрек үсті безі гормондары бұл бездің кері дамуын шапшаңдатады, ал қалқанша без гормондары айырша бездің үлкеюіне, өсуіне ықпал етеді. Жыныс гормондары, гипофиздің гонадотроптық гормондары айырша безді семдіреді.

Шап аймағының эндокриндік бездері

Жыныс бездері

  • Жыныс бездері - жыныстық бездер, ағзалар жыныстық жасушаларды, (жұмыртқа мен сперматозоидтар) және жануарлар мен адамның жыныстық гормондарын түзеді. Гермафродиттік жануарларда еркектер жыныс бездері, аталық безі, ұрғашыларында, аналық безі, мысалы: жалпақ немесе аз қылтанды кұрттар, сүліктер, мұртты аяқты шаяндардың, бір дарағында еркектің де, ұрғашының да жыныс бездері дамиды. Жыныстық бездері даму үрдісінде екі жыныста да индефферентты, (биопотенциалды) даму сатысынан өтеді, жыныстық дифференциациялануы басталады. Жұмыртқалары жыныс бездерінің қабыршақтары, сперматозоидтері, милы қабатында жаралады. Жыныс бездер, жыныс мүшелерінің негізі болып есептеледі
  • Жыныс бездері аралас бездерге жатады. Олар жыныс торшаларымен қатар аталық және аналық гормондар бөледі. Жыныс гормондары көбею мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, негізгі және қосалқы (сыртқы) жыныс белгілерін дамытады, аталық және аналық дарақтарға тән мінездерді, жыныстық дағдылы әрекеттерді (инстинкг), организмніңпісіп-жетілуін реттейді.
  • Жыныс гормондары холестериннің туындылары болып табылады. Аталық және аналық гормондар аталық бездерде де, аналық бездерде де қатар түзіледі. 

Жыныс бездері

Аталық жыныс безі

Аналық жыныс безі

Аталық жыныс бездер

  • Аталық жыныс бездері . Аталық жыныс бездері жұп санды болып келеді және дене қуысынан тысқары орналасқан. Себебі, сперматогенездік процесс қалыпты жүру үшін температура 350С аспауы қажет. Эмбриогенездік даму барысында ұрық бездері дененің бел омыртқа тұсында пайда болып, кейіннен хорионды гонадотропин гормонының қатысуымен сыртқы ортаға шығарылады.
  • Аталық жыныс бездерінің қызметі гипофизға тәуелді екендігі туралы алғашқы мәліметтер 1920-1930 жылдарда қалыптасты. Мысалы, гипофизді алып тастағанда аталған бездер солып, олардың гормондарының организмге әсер кенет азайған. Ал, ондай жануарларға гонадотропты гормондар енгізгенде бездің қызметі бастапқы қалпына келген.

Аталық гормондар

  • Аталық гормондар (андрогендер) аталық бездің (еннің) аралық ұлпаларындағы Лейдиг торшаларында түзіледі. Ал, бездің Сертоли торшаларында эстрогендер (аналық, гормондар) түзіледі.
  • Аталық гормондарға алъдостерон, изоандростерон, дегидроандростерон, тестостерон жатады. Олардың арасындағы ең белсендісі -тестостерон. Аталық гормондар анаболизмдік гормондарға жатады. Олар бұлшық етте белоктың түзілуін және жиналуын күшейтіп, оң азоттық тендестік қалыптастырады, денеге салмақ қостырады, денеде майдың жиналуын азайтады, бейорганикалық фосфордың, сульфаттың, натрий-калий хлоридтерінің қорға жинақталуын күшейтеді.

Аналық жыныс бездер

  • Аналық жыныс бездері.Аналық жыныс бездері-жұп санды. Олар дененің жамбас бөлігінде, жатырдың екі жағын ала орналасқан. Бездің сыртқы бір қабатты эпителиальді клеткалардан тұратын қабықпен қоршалған. Без екі бөлімнен – қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабатта көлемдері әр түрлі фолликулалар бар. Майдаларын примордиальдық немесе алғашқы жұмыртқа фолликулалары деп, іші сұйыққа толы ірілерін көпіршікті фолликулалар деп атайды. Фолликулаларда жыныс клеткасы (ovum) дамиды.
  • Фолликулалар өсе келе көлемдері ұлғайып, бездің шетіне жақындай түседі. Фолликула мен бездің мембраналары өзара жанасқан кезде фолликула жарылады да жұмыртқа клеткасы босап шығады. Босап шыққан жұмыртқа клеткасы жатыр түтігі арқылы жатырға барып түседі. Бұл процесті овуляция деп атайды. Жарылған фолликуланың орнына сары дене түзіледі. Жұмыртқа клеткасы ұрықтанса сары дене ұзақ уақыт сақталады. Егер ұрықтану болмаса, ол 10-12 күн қызмет етеді де кер дамуға ұшырайды.
  • Фолликулалардың құрылысы мен гормондары. Аналық жыныс бездерінің құрылымдық және функционалдық негізі-жұмыртқа клеткасы пісіп-жетілетін фолликулалар. Сондықтан, фолликулалар-генеративтік және эндокриндік функцияларды біріктіретін материалдық субстрат. Фолликуланың қабырғасы бірнеше қабаттан тұрады. 2-3 қатардан тұратын ішкі эпителиальдық клеткалар гранулездік зонаны құрайды. Бұл зона жұмыртқа клеткасының өсуі мен дамуына қолайлы жағдай туғызып, оны бір деңгейде ұстауда маңызды роль атқарады. Гранулезді қабаттан фолликуланың ішіне қарай томпақ өсінді-жұмыртқа клеткасы орналасқан дөңес пайда болады.
  • Гранулезді қабаттан кейін безді-эпителиальді клеткалардан тұратын ішкі қабат (тека) орналасқан. Ол қан тамырларымен жақсы жабдықталған және жыныс гормондарын (эстрогендер) түзетін негізгі құрылым болып есептеледі.

Аналық гормондар

  • Аналық гормондар аналық жыныс мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, жыныстық айналымды, сүт безінің қызметін реттейді. Эстрогендер (эстрадиол, эстрон, эстриол) аналық организмге тән белок пен майдың, су мен минералды тұздардың алмасу деңгейін қалыптастырады, капилляр қабырғасының өтімділігін жоғарылатады.
  • Аналық безде эстрогендермен қатар сары дене гормоны (геста-гендер) және андрогендер түзіледі. Сары дене гормондары — прогестерон, прогненол — ұрықтану және ұрпақ көтеру процестерін реттейді. Прогестерон буаздық кезінде гипофиздің гонадотроптық гормондарының түзілуін, фолликуланың дамуын, жатырдың жиырылуын бөгеп, ұрықтың өсуіне, сүттену процесінің басталуына ықпал етеді. Аналық бездің аралық, торшаларында түзілген андрогендер фолли-кулаларда қуыстың пайда болуын, овуляция (фолликуланың жарылуын) реттеуге қатысады.
  • Сары дене, жолдас, жатырдың кілегей қабығы (эпидометрия) релаксин гормонын бөледі. Буаздық барысында бұл гормонның бөліну мөлшері өсе түседі. Релаксин босаңсу (төлдеу) процесінің дұрыс өтуі үшін қажет, оның әсерімен шат сүйектерінің байламы (симфиз) жібіп, жатыр мойыны босаңсып, ашылады.
  • Буаздық кезінде планцента (жолдас) да ішкі секрециялық қызмет атқарады, одан эстрогеңдер, прогестерон, релаксин және жолдас гонадотропині бөлінеді. Бұл гормоңдар буаздықтың сәтті өтуі үшін қажет.

Қорытынды

Назарларыңызға рахмет