ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 44

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Пәні:Қазақ әдебиеті

Класс: 5

Аты-жөні_________________________________________________
Тапсырма

  • Мәтінді оқып шығып, кӛтерілген басты мәселені анықтаңыз. Ӛз кӛзқарасыңызды жан- жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

  • Ӛз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз. [10]

Астрономиялық бақылаулар


Ерте кездің ӛзінде-ақ алыс сапарға саяхатқа шыққан адамдар түнде жұлдыздарға, күндіз күнге қарап жол таба білген. Астрономиялық бақылаулар бүгінде халық шаруашылығының қатарына: уақытты ӛлшеу, дәл географиялық карталарды жасау, теңізде, әуеде, ғарыш кеңістігінде аспан шырақтары бойынша бағдар алу жатады. Дегенмен де бүгінде астрономияның мәні бұлармен шектеліп қала алмайды. Ай мен Күн жүйесінің ғаламшарларын зерттеу ӛзіміздің Жерімізді жақсырақ білуге тудырады. Жер айналасындағы ғарыш кеңістігі мен Жерге жақын маңдағы аспан денелері қазірдің ӛзінде-ақ адам қызметінің шеңберіне еніп отыр. Болашақта ғарышты игеру адам баласының ӛмір сүру ортасын кеңейтеді, экологиялық кӛкейтесті мәселелерді шешуді жеңілдетеді.

Аспан денелерінің кӛрінбейтін сәулелерінің негізгі бӛлігі Жер атмосферасына жұтылады және Жердің бетіне жетпейді. Сондықтан да Жерден жүргізетін бақылауды атмосферадан тыс кеңістіктен жүргізумен толықтыруға болады.

Аспан түсінің көк болу себебі


Аспанның түсі неліктен кӛк? Аспан бізді қоршап тұратын ауадан тұрады. Бірақ басты шалқайтып, кӛкке кӛз тіксек, жүзін бұлт торламаған, ашық аспанның түсі кӛк екенін кӛреміз. Күнделікті жұтатын ауамыз кӛзге кӛрінбейтін, түссіз болғанымен аспанымыздың түсі кӛк. Оның сыры неде?

Аспан барлық жерде де кӛкшіл түсті. Солтүстікте бозғылт, оңтүстікте қою кӛк, бізде ашық кӛк түс. Аспанның алуан түрлі ғажайып түсі қалай пайда болады?

Аспан ауаға түскен күн сәулесі әсерінен сан түрлі түске енеді екен. Күн Жерге шуақ шашады, ол Жер қабатын қоршап тұратын қалың ауа қабатына түседі екен.

Ал күннің шапағы қызыл, сары, жасыл, кӛк, қою кӛк секілді түрлі түсті болады. Осындай алуан түсті сәуле қалың әуе қабаты арқылы таралғанда ауа сәулені ыдыратып, шашыратады. Бірақ кӛк түс барлығынан кӛбірек бӛлінеді. Себебі, ауа қысқа толқынды сәулелерді жақсырақ шашыратады. Ал кӛзге кӛрінетін сәулелердің ішіндегі толқыны ең қысқасы – кӛк түс.


Міне, аспан түсінің бар құпиясы осында жатыр.

Оқылым Тапсырма


Берілген тапсырмаларды орындаңыз.[10]

А мәтіні

Өткен жұмада Аян деген досым екеуміз хайуанаттар бағына саяхатқа барғанбыз. Ол жерде ине шаншар орын жоқ екен. Досым екеуміз бір шетінен бастап аңдарды қарай бастадық. Алдымен бірінші торда қолдарына білезік таққан қос маймыл отыр екен. Жанымыздағы адамдардың айтуынша Африкадан әкелінсе керек. География сабағында мұғалім Африканы мекендейтін хайуанаттар туралы қызықты мәліметтер айтқан болатын. Аян екеуміз соны қасымыздағы балаларға айттық.

Әрі қарай жүре берегенімізде сусар мен тасбақаларды кӛрдік. Бұл тасбақалар әлдеқайда үлкендеу екен. Бүркіт, сұңқар, бірқазандар да темір тордың ішінен орын алыпты.

Сӛйтіп келе жатқан екеуміз бір қызыққа ұшырастық. Әдетте ерсілі-қарсылы ұшып жүретін қарлығашты бір жігіт бұлбұлдай сайратып қойыпты. Қазақ киелі санаған құстың бұлбұлша сайрағанына қайран қалдым. Иелерінің айтуынша алдағы уақытта піл мен кӛкқұтан әкелінбекші екен. Міне, біздің қызықты саяхатымыз осылай аяқталды.

  1. Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен кӛрсетіңіз. [2]




Тұжырым

Дұрыс

Бұрыс

1

Хайуанаттар бағындағы тасбақалар біршама үлкен

екен.







2

Сұңқар мен бірқазандар тордың сыртына

жайғасыпты.







3

Екі дос қарапайым қарлығаштың әнші құстарша

сайрағанын естіп, таңғалады.








2.Мәтіндегі екі дос өздерінің танымдық білімдерін қолдана алды ма? Осы жайлы ойыңызды 3 сӛйлеммен жазыңыз. [3]

Ә мәтіні

Хабарландыру


Биыл Абай Құнанбаевтыңмерейтойы бойынша дәстүрлі Абай оқулары Іле Алатауының етегінде орналасқан Қазақстанның бұрынғы астанасы - Алматыда ӛткізіледі. Қала еліміздің ғылыми және мәдени орталығы болып табылады. Алматы демалыс, түрлі ойын-сауық мүмкіндіктерімен толық қамтамасыз етеді. Абай оқуы қатысушыларына таза ауадағы табиғатымен ерекше Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау шаңғы демалыс орны мен Кӛктӛбе таулы бағынының тамаша кӛріністері және ондағы кӛрсетілетін қызметтер ұсынылады.



  1. Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен кӛрсет. [2]







Тұжырым

Дұрыс

Бұрыс

1

Белгілі ұлы ақын мерейтойының құрметіне оқу

байқаулары ӛткізіледі.







2

Алматы қаласы тек еліміздің ғылыми және мәдени

орталығы болып саналады.







3

Абай оқуы қатысушыларына таза ауадағы демалыс

ұсынылып отыр.









Жазылым


Білім алушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды. Жазба жұмысын орындау керек.


  1. Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын ӛскендіктен ауа райын сол табиғат құбылыстарына қарап болжағаны белгілі.Ата-бабаларымыздың ауа райы жайындағы қандай жорамалдарын білесіз?Мәтін жазыңыз.Тӛл сӛз, тӛлеу сӛздерді қолданыңыз.




  1. Сіз отбасыңызбен бірге аяқ астынан саяхатқа шығу керек болдыңыз. 3 күнге ӛз сынып жетекшіңізден сұрануыңыз керек. Осыған байланысты ӛтініш (сұрану себебі, уақыты кӛрсетілу керек) жазыңыз.

[10]

Балл қою кестесі


Тыңдалым және айтылым

Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

5

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын ӛте жақсы түсінеді.

Сӛз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты ӛте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды.

Талқылау кезінде ӛз ойын толық жеткізе алады.

4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді.

Сӛз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.

Талқылау кезінде ӛз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

3

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді.

Сӛз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.

Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей кӛрінеді.

2

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді.

Сӛз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.

Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз ӛзін кӛрсете алмайды.

1

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын ӛте аз түсінеді.

Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылау кезінде ӛте аз қатысады.

Балл қою кестесі Оқылым


Сұрақ

Жауап

Балл

1

дұрыс


2

2

бұрыс

3

дұрыс

4

Ықтимал жауабы:Мәтіндегі екі дос сабақта алған білімдерін хайуанаттар бағына барғанда қолданды. Қандай аңның қайда мекендейтінін біледі. Сондықтан қасындағыларға қызықты ақпарат

айтты./Оқушы жауабы ескеріледі.

3

5

дұрыс


2

6

бұрыс

7

дұрыс

8

Оқушы жауабы ескеріледі.

3

Барлығы

10


Балл қою кестесі


Жазылым

Балл саны

Сипаттамасы

9-10

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымын сақтаған. Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады.

Кӛркем тіл құралдары орынды қолданылған.

Ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық жеткізеді,қателерді жібермейді.

7-8

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымын сақтаған Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады.

Кӛркем тіл құралдары орынды қолданылған.

Ойын анық, әрі әсерлі етіп жеткізеді, жіберілген кейбір қателер түсінуді қиындатпайды.

5-6

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымы негізінен тапсырмаға сәйкес келеді, бірақ толықтай үйлесімді емес

Шығармашылық танытуға талпынады.

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған

Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, жіберілген қателер (мәтіндегі сӛздердің жұрнақ арқылы жасалған сӛздерді дұрыс қолданылмауы) жалпы әсерді бұзады.

3-4

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымы жүйесіз. Шығармашылық танытуда қателеседі.

Кейбір тіл құралдарын қолдану талпынысы жасалды.

Сӛз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жалпы қателер (мәтіндегі сӛздердің жұрнақ арқылы жасалған сӛздерді дұрыс қолданылмауы) жібереді.

1-2

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің)құрылымы сақталмаған. Шығармашылық танытпайды.

Мазмұнға қатысты кейбір мәселелерге және мағынасына тоқталуға талпынды, бірақ мақсатқа толық сәйкес келеді деп айту қиын.

Кӛркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сӛздер кейде анық емес, құрылымдық қателер (мәтіндегі сӛздердің жұрнақ арқылы жасалған сӛздерді дұрыс қолданылмауы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.