Файл: Нрслтан аласы кімідігіні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 361

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  • Ой!- деді сүрініп кеткен Сәулет тізесін сипалап. - Әне, ана балапанды қарашы.

  • Қане, қайсы, қай жерде?

  • Әне, байқа, басып кетпе.

Келбет келіп қалды. Кіп- кішкентай тұмсығын жерге тіреп, қызылшақа балапан жатыр.

Көздерін ашып- жұмып, дір- дір етеді. Сәулет балапанды алақанына салып көрді.

  • Ұядан ұшып түскен ғой,- деді.

  • Тірі ме?

  • Иә, тірі сияқты.

  • Бізден қорқып тұрған шығар.

  • Онда ұясына салайық,- деді де, сатыны әкеп, үйдің қабырғасына сүйеді. Сатыға шығып, балапанды ұяға салды.

Сәулет пен Келбет сатыны алған соң қарлығаштар ұяға қонды. Манағыдай емес, көңілді. Көкке көтеріліп, балалардың төбесінен екі- үш айналып өтті.


  1. Мәтіндегі балаларға тән қасиетті көрсетіңіз А) мейірімділік

В) өзімшілдік С) өжеттік

Д) қатыгездік

  1. Қарамен жазылған сөздер қай септікте тұрғанын табыңыз А) атау септік, ілік септік, көмектес септік

В) атау септік, табыс септік, ілік септік

С) жатыс септік, ілік септік, шығыс септік

Д) барыс септік, табыс септік, көмектес септік

  1. «Дір- дір» сөзі қандай қос сөздерге жатады? А) қосарлама қос сөздер

В) қосымшалы қос сөздер

С) күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер Д) қайталама қос сөздер

  1. «Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр» сөйлеміндегі етістік қай шақта ғанын табыңыз.

А) келер шақ В) өткен шақ С) осы шақ

Д) барлық жауап дұрыс

  1. Сөйлемнен буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз. Ой!- деді сүрініп кеткен Сәулет тізесін сипалап.

А) Сәулет В) сүрініп С) тізесін Д) сипалап

  1. Мәтінде кездеспейтін ақпаратты табыңыз А) Сәулет балапанды алақанына салып көрді. В) Балапандар ұядан құлап түсті.

С) Сәулет пен Келбет балапанды өздерімен алып кетті. Д) Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр.

Оқу сауаттылығы III нұсқа


    1. мәтін

Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауапберіңіз.
Бала Жетес

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты. Сонда Төле би былай деген екен.

- Бата- басқа, қына- тасқа, ақыл- жасқа, не қалайсың балам?- депті. Сонда Жетес бала:

- О, қасиетті баба! Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат- тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір сөз айтыңыз, соған ризамын,- депті.

  1. Мәтіндегі бала Жетеске тән қасиетті көрсетіңіз. А) Бала сәлем бергенді ұнатады.

В) Бала ат пен тонды жек көреді.

С) Бала дүниеден гөрі аталы сөзді артық көреді. Д) Бала естен кетпейтін сөздерді қызық көреді.

  1. Мәтіндегі Жетес бидің іс- әрекетіне қатысты мақалды көрсетіңіз. А) Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.

В) Бота алғанша, бата ал.

С) Мал бір жұттық, батыр бір оқтық.

Д) Болар елдің баласы бірін- бірі батыр дейді. 3.Мәтінде қай оқиға орын алған жоқ, табыңыз. А) Жетес арнайы Төле биге сәлем беруге келді. В) Төле би баланың қалауын сұрады.

С) Жетес Төле бидің қалауын берді.

Д) Жетес Төле биге сөз қадірін білетінін сезіндірді.

  1. Мәтіндегі қарамен жазылған тіркестің синонимі А) жаңарады

В) ескіреді С) жоғалады Д) табылады
    1. мәтін


Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауапберіңіз.

Қант пен Тас

Кішкентай Болаттың қолындағы бір шақпақ Қант байқаусызда жерге түсіп кетті де, домалап барып, сонадай жерде жатқан Тасқа соғылды.

  • Шекең ауырды ма?- деді Тас масаттанып.- Өзің келіп соғылдың ғой.

  • Ауырған жоқ,- деді Қант ақырын ғана. – Мен байқаусызда саған соқтығып қалдым.

Оған да мақтанасың ба?!

  • Мақтанбағанда ше! Бұдан былай байқап жүр. Менің денемнің шойындай қатты екенін біліп қой.

  • Оның несін айтасың? – деді Қант. – Әркімде бір қасиет бар. Сен қатты болсаң, мен тәттімін.

  • Ендеше, білсең айта қойшы,- деді Тас, - Қатты жақсы ма, тәтті жақсы ма?!

Бұл екеуінің сөзін тыңдап тұрған Болаттың атасы күліп жіберді де:

  • Негізінен тәтті жақсы. Бірақ реті келгенде қаттының да қажеті бар, - деді.




  1. Мәтіндегі Тасқа тән қасиет А) жалқаулық

В) мейірімділік С) сыпайылық



Д) мақтаншақтық 6.Болаттың атасы неге күлді? А) Қант пен Тастың сөзіне В) Қант пен Тастың дауына С) Қант пен Тастың биіне

Д) Қант пен Тастың күлкісіне

  1. Мәтінде кездеспейтін сұраулы сөйлемді көрсетіңіз. А) Оның несін айтасың?

В) Шекең ауырды ма?

С) Сен неге сонша қаттысың? Д) Оған да мақтанасың ба?

  1. «Қатты, тәтті» сөздерінің антонимі А) мамық, қышқыл

В) жұмсақ, ащы С) иілгіш, тұзды

Д) борпылдақ, тұссыз

  1. Мәтіннің қай түріне жатады? А) әңгімелеу мәтіні

В) сипаттау мәтіні С) пайымдау мәтіні

Д) барлық жауап дұрыс емес

  1. Мәтіндегі қарамен жазылған сөз қай сөз табына жатады? А) зат есім

В) сан есім С) сын есім Д) үстеу

Оқу сауаттылығы IV нұсқа


    1. мәтін


Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауапберіңіз.
Жомарт

Өте бай және жомарт бір кісі құрма бағының жанынан өтіп бара жатқан еді. Бір жалшы адам бақшада жұмыс істеп жатқанда, оған үш мезгілдік тамақ алып келеді. Сол сәтте бір күшік жалшының қасына жүгіріп барады. Тамағының бір бөлігін оған бергенінде, күшік бірден деп қояды. Екіншісін де, кейінірек үшінші бөлігін де береді. Бұны байқап тұрған жомарт кісі жалшының қасына жақындап сұрайды:

  • Әй досым, не үшін өзің аш бола тұрып, үш мезгіл тамағыңның барлығын күшікке бердің?

  • Мырзам, бұл күшік алыс жерден келген. Өте аш және несібесін іздеп жүр.

  • Жарайды, ал өзің не жейсің?

  • Аш жүріп, ... сақтаймын.




  1. Мәтіндегі жалшыға тән емес қасиетті табыңыз. А) төзімділік

В) қанағатшылдық С) қомағайлық

Д) мейірімділік

  1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. А) емдәм

В) сабыр

С) достықты Д) сыр

  1. Мәтіннен қандай қорытынды шығаруға болмайды? А) Жан- жануарларға мейірімді болу керек.

В) Адам өзі үшін ғана өмір сүрмеу керек.

С) Әрбір адам кез- келген сәтте қамқор бола алу керек. Д) Адам ең алдымен өзін ойлау керек.

  1. Жалшы қайда жұмыс істеді? А) алма бағында

В) құрма бағында С) бақшада

Д) қырманда
    1. мәтін


Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауапберіңіз.

Аққу

Құстардың ең әдемісі, көлдің сәні- аққу. Оның түсі аппақ, мойыны ұзын, салмағы 7- 13 килограмға дейін жетеді. Ел аузындағы аңызға айналған талғампаз,тәкаппар сұлу құс. Халық оны «құс падишасы» дейді. Қазақ халқы аққуды қасиетті құс деп, оған тимей, қайта оның маңында, көбірек жүруді ұнатады. Аққудың сұңқылдап ұшқаны, айдын көлде кербездене жүзгені, кіршіксіз денесімен маң- маң басқан сазды қимылы- бәрі сұлу көрінеді. Олар наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі. Тұмсығының жиегінде үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан, тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді.


Аққу ұясын жұптасып, қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасына салады. 3-7 жұмыртқаны 35

-40 күнде басып шығарады. Балапандары ширақ келеді.


  1. Төменде берілгендердің қайсысы аққудың қорегіне жатпайды? А) ұсақ жәндіктер

В) ұсақ балықтар

С) су өсімдігінің тамыры Д) су өсімдігінің жапырағы

  1. Мәтінде айтылмаған мәліметті көрсетіңіз. А) аққудың жылдам құс екендігі

В) аққудың қорегі

С) Қазақстанда екі түрінің кездесетіндігі Д) аққудың салмағы

  1. «Тұмсығының жиегінде үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан, тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады» сөйлемнен тәуелденіп септелген сөзді табыңыз.

А) тұмсығының В) жиегінде

С) сүзгі

Д) тісшелері

  1. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты қандай түрі кездеседі? А) ақ, қара

В) қаңқылдақ, биязы С) талғампаз, тәкаппар Д) сұқылдақ, сыбырлақ

  1. «Олар наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айында ұшып кетеді» сөйлемінен шылауды табыңыз.

А) олар В) мен

С) наурыздың Д) айында

  1. «Аппақ» сөзінің құрылымы қалай жасалаған? А) түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы

В) сөздің бірігуі арқылы

С) күшейткіш буын арқылы Д) сөздің қайталануы арқылы

Оқу сауаттылығы. Жауаптар
Жауаптары I нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

с

в

в

с

в

с

в

а

д

с


Жауаптары II нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

в

а

д

с

а

в

д

с

д

с



Жауаптары III нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

с

в

с

в

д

а

с

в

а

с



Жауаптары IV нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

с

в

д

с

в

а

в

д

в

с